451-тапсырма.«Наурыз» тақырыбына ойтолғау жазып, үндестік заңына мысал келтіріңіздер.
452-тапсырма. Көп нүктенің орнына -хана, -нікі, -дікі, -тікі, -кер, -кеш, -паз, -ғой, -қой жұрнақтарын қойып, олардың үндестік заңына бағынбайтын себебін айтыңыздар.
Омар.., жұмыс.., Асхат.., Аян.., сән.., ақыл.., айла.., білім.., шай.., мейман.., зиян...
453-тапсырма. Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшалары бар сөздердің астын сызыңыздар.
Шын бүгін Ақшоқыға өздерінің соңғы өнер, табыстарын асығып әкелген өнерпаздар аз емес.
454-тапсырма. Буын үндестігінің заңына бағынбай жалғанған қосымшалары бар сөздердің астын сызыңыздар.
Ол жаңағыдай жайларда өте намыскер, басынан сөз асыра алмайды.
455-тапсырма. Араб, парсы тілдерінен қазақ тілінің үндестік заңына бағынып енген сөздерді тауып жазыңыздар.
456-тапсырма. Сөздердегі дыбыс үндестігінің қай ықпал екенін түсіндіріңіздер.
Көктөбе. Жақыпбек. Орағыта келіп. Үйге кел. Өнеркәсіп. Әлдекімдерден.
457-тапсырма. Мәтіннің идеясы не туралы? Ол қандай сөздермен беріліп тұр? Ой желісін сақтап әңгімелеңіздер. Мәтіннен септік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |