439-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді, сан есімдерді, етістіктерді теріп жазыңыздар.
440-тапсырма. Баспасөз материалдарынан сын есімнің әр түріне 5–7 сөйлемнен мысал көшіріп жазыңыздар.
441-тапсырма. Төмендегі даналық сөздерді пайдалана отырып, «Толғауы тоқсан қызыл тіл» тақырыбында әңгіме жазыңыздар.
Білімді адам тілін билей алады. (Құтып)
Әдептің басы – байқап сөйлеу. (А.Йүгінеки)
Жаза айтылған бір сөзбен жүректі жаралауға болады. (С.Сарайи)
Ойлы адамға нақыл сөз ұнайды. (Құтып)
Ақылды кісі аз сөйлер. (Ж.Баласағұни)
Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. (С.Сарайи)
Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса,
Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса (А.Б.)
Бойда қайрат, ойда көз, Болмаған соң, айтпа сөз. (Абай)
442-тапсырма. Мәтіннен жұрнақ жалғанған сөздерді теріп жазыңыздар.
443-тапсырма. Көптік жалғауы жалғанбаса да, көптік ұғым білдіретін сөздерге мысал келтіріңіздер.
444-тапсырма. Мәтінді оқып, бөлінген бөлімдер бойынша «Менің бизнес жайындағы пікірім» деген тақырыпта ойталқы ұйымдастырыңыздар. Тәуелдік жалғауымен берілген сөздердің жағын анықтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |