Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу
Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық саясатқа бағдар алуына байланысты, күнделiктi өмiрiмiзде орын алған шағын және орта бизнес секторының ел экономикасын көтерудегi басты қағидаларының бірі. Шағын бизнес − экономикалық өсудiң басты факторы екендiгi анық, олай болса оны неге әлемдiк деңгейге көтеру мәселесі туындайды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес өзiнен-өзi дамитын механизм емес, оған әрине мемлекет, қоғам, әрбiр тұлға жағдай жасауға талпынулары қажет. Өйткені жеріміздің өте үлкен аймақтарды алып жатуына байланысты, шағын бизнесті дамыту мүмкіндігі мен қажеттігі ешкімнің қарсылығын туғызбауы керек.
Қазақстанда кеңiнен орын алып келе жатқан шағын бизнестi шетелдiк банктердiң көмегiмен банктер мен түрлі шағын және орта бизнесті дамыту қорлары арқылы, мысалы Еуропалық Даму және Қайта Құру банкiнiң бастамасымен, Қазақстан Республикасында шетел инвесторларының шағын бизнестi көтеру бағдарламасында жетекші орын алады.
Қарыз алушының – шағын бизнестiң тұрақты жұмыс жасауымен қатар, өз бизнесiн жандандыру мақсатында несие алуы, оны уақытында қайтару процестерi ғылыми-тәжірибелік дәрежеде зерттелуі қажет. Осы секторды көтермелеу арқылы өндiрiстi жандандыру, оның iшiнде Қазақстан экономикасының сыртқы тәуекелдiлiгiн қысқарту мен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мәселелері басым бағыты болып табылады.
Алдағы жоспарланған Қазақстан экономикасының модернизациясы, кәсіпкерлік саласында өзара байланысты мәселелерді шешуді көздейді. Сонымен, мемлекет салық режимін «тек өнеркәсіптік саясаттың көп аспаптарының бірі ретінде қолдануы» қажет. Бәсекелестікті дамыту мәселесі, кәсіпкерлікті дамытуда басты мақсат болуы қажет. Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығына ықпал ететін әкімшілік және нормативтік алғышарттарды құру қажет. Ол келешекте ірі кәсіпорындардың кіші бизнестің «тапсырушысы және локомотиві» қызметін атқаруға мүмкіндік тудырады. Мемлекеттің қатысуымен жеке корпорациялар, соның негізінде ірі аймақтық холдингтерді құру, аймақты даму мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігін тудырады. Олардың негізгі бағыттары «аймақтағы тауарға шағын және орта кәсіпорындардың қызметтеріне қатысты сұранысты, кірісті ұзақ мерзімді негізде құру» болып саналады. Ұтымсыз кәсіпорындарды қайта құру және оны қалпына келтіру, әлеуметтік-кәсіпорындық корпорацияларды құруға бағытталуы қажет. Бұл корпорациялар өз кезегінде «нарыққа қажетті өнеркәсіп пен жаңа технологияларды» дамытуға ықпалын тигізуі қажет.
Қазіргі әлемдік қаржы дағдарыстарына байланысты несиелік ресурсқа деген сұраныс артып отыр. Бұл шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан болып отырған қаржылық сұранысты, банктердің қанағаттандыруы мүмкін емес. Өйткені, Қазақстан банктерін несие қаражаттарымен қамтамасыз етіп отырған АҚШ, Ағылшын, Германия сияқты басқа да мемлекет банктері бүгінгі күні қаржылық тоқырауға ұшырап отыр. Сондықтан, үкімет тарапынан коммерциялық банктерге қаржылық көмек көрсетілмесе, көптеген шағын және орта бизнес субъектілері өз қызметтерін тоқтатуы мүмкін.
Қ.Берденов Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. − Алматы: «Рауан». 1998.− 105б.
Достарыңызбен бөлісу: |