Тұрсынова Г. Т



бет124/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Бизнестің аралас түрлері




Өндірістің жаңа ұжымдық түріне ену үдерісі – аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді. Бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестициялық ынталандыру, өтілімді жылдамдату, т.б. шаралар кіреді.

Аралас экономикаға тән белгінің бірі мемлекет бизнестің өзара байланысы.

Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік. Айталық, жеке саланың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе теміржол, атом энергиясында, ғарыштық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қоймай, сонымен бірге қоғамның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай ықпал жасайды. Мемлекеттік меншіктің пайда болуы тауар қатынастарын жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көп түрлігі тән. Мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды белгісі – құндық және жоспарлық тұтқалар арқылы реттеу.

Аралас экономиканың тағы бір сипаты – микро-макро деңгейіндегі экономикалық үдерістерді ұйымдастырудың, басқару рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы, тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық үдерістердің салдарынан болады. Қарастырылып отырған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы жекелеген кәсіпорындардың трест, концернге әртараптандырылған (диверсификация) формаларға ауысады. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертпейді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы – бәрі баға белгілеуге, сұранысты бақылауға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндіріс заңдарына тәуелді. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қоймай, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет