Тұрсынова Г. Т



бет126/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

469-тапсырма. Мәтін мазмұнындағы «өнеркәсібі», «жабдығы» сөздеріндегі ықпалды анықтаңыздар

470-тапсырма. Мәтінде берілген негізгі ойды орыс тіліне аударыңыздар.

Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі

Бағалы қағаз жеке-дара, сондай-ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып саналады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы. Өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржының көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады. Ал жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры арқылы жүргізіледі, оның құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорынан көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті.

Облигация – сатып алған жеке адамдардың инвестордың эмитентке берген қарызы іспетті. Инвестор облигацияны сатып алу арқылы қарызға ақша құяды, ал эмитент алдағы уақытта оның қарызын өсімімен қайтарады деген сөз.



Сонымен, бағалы қағаз жеке-дара, сондай-ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Көбіне пайда табудың орнына, тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине, тәуекелге кез келген бара бермейді, барған өкінбейді.

Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе бұдан бүкіл Қазақстан ұтады. Жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры арқылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар.

Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын, экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары жайлы ақпар беріп тұруға міндетті. Бұл ақпар кейде инвесторға түсетін 3

айлық немесе жылдық есеп негізінде жүргізіледі. Бағалы қағаз саудасын қолмақол жеткізуге биржа көбіне брокерлер жалдайды да, одан түскен пайдадан жалақы төлеп тұрады.

Жалпы бұл сала еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері ғана құрылып, өзінің даму жолына түсіп отыр. «Қазақстандық қор биржасы» Қазақстан Республикасындағы қызмет істеп тұрған жалғыз биржа. Алайда, Қазақстан ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда, дамудың прогрессивті сатысында тұр. Шетел нарығына шығу, жеке кәсіпкерліктің дамуы, инвестиция тарту, осы құнды қағаздар нарығының, яғни қор биржасының қызметтілігінің тигізетін маңыздылығы зор.

Экономикасы дамыған елдерде қаржылық ресурстың 50%-ға жуығын акциялар мен облигациялар құрайды. Құнды қағаздар нарығын дамытудағы негізгі мақсат – Қазақстан экономикасының тиімді дамуына ықпал етіп, қаржылық тұрақтылықты тездету. Ол нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің, бірінші кезекте халықтың жұмысын белсенді ету мақсатында − экономиканың өркендеуіне ықпал ету.

Ж.О.Ихданов., Ә.О. Орманбеков. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.− Алматы: 2002. − 202 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет