Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 2 түрі бар:
ілгерінді ықпал кейінді ықпал
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы.
Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары:
1) сөз бен қосымша арасында: қаш – са (қашша) 2) екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық) 3) күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: көзқарас (көзғарас)
ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел)
б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас)
84-тапсырма. Дыбыс үндестігінің буын үндестігінен айырмашылығын айтыңыздар.
85-тапсырма. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? Мысалмен дәлелдеңіздер.
86-тапсырма. Мына сөздерге [у] дыбысын жалғап жазып, қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын табыңыздар.
Тап, жап, қақ, тақ, соқ, жақ, төк, сөк, бүк, ақ.
87-тапсырма. Сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді және кейінді ықпалды табыңыздар.
Атың кім? ақ , әкеп бер, сақ бол, көк аспан, көз сал, он бесғ төрт қанат.
88-тапсырма. Мәтінді буын және дыбыс үндестігіне қарай талдап шығыңыздар.
Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та қарамайсың. Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл-қуатына сәйкес әрқилы болу қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш-қуаты кеміген кекселерге жаяу жүргені пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал.
(Ибн Сина) 89-тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, шешуінің атына байланысты шағын мәтін жазыңыздар. Тігуге де ыңғайлы,
Жығуға да ыңғайлы.
Көп қанатты мекен-жай.
Достарыңызбен бөлісу: |