Тұрсынова Г. Т



бет29/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

156-тапсырма. Мәтіннен негізгі түбір сөздерді тауып, көшіріп жазыңыздар. Аққу қандай құс? Әңгімелеп беріңіздер.

Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы – айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл ортасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады. Екі аққудың нәзік сұлу үнмен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап, меруерт, гауһар моншақ тізіледі...



157-тапсырма. Мәтіннен туынды сөздерді табыңыздар. Олардың түбірін анықтаңыздар және одан тағы қандай сөздер өрбітуге болатынын көрсетіңіздер.

Қазақ жерінің шөлді және шөлейтті аймақтарында құдық қазу ерекше шеберлікті қажет етеді. Мұндай құдықтар өте көп. Әсіресе, бұлар Сарықұм, Қарақұм, Қызылқұм белестерінің өн бойларында көп кездеседі.

Әдетте қазылған құдықтар көміліп қалмас үшін, олардың ішін сексеуіл сияқты тез шірімейтін қатқыл ағашпен өреді. Оның атын «шегендеу» дейді.

Кейбір деректерге қарағанда, мұндай шегенделген құдық жүздеген жылдарға шыдайтын көрінеді.



158-тапсырма. Бір түбірге әр түрлі жұрнақ жалғау арқылы бірнеше туынды түбір жасаңыздар.

сіз


ік

ті


ме

Көр гіш


іс ін сіз

ген


ді

Көр, сез, біл, жаз, әдеп, айт, бол, жас, сана, оқы, көз.



159-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы қосымшалы сөздерді табыңыздар.

Жәндіктердің ең улысы және қауіптісі – қарақұрт. Ол шөл және шөлейт жерлерде, сай-жыраларда, адырлы жоталарда, жусанды жерлерде көп болады. Қарақұрт үйге кіріп, төсек-орынға тығылады да, жанасқанды шағып алады. Шаққаны бірден сезілмейді, еш жерің ауырмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін денеге уы жайылады да, адам есінен танады.

Қарақұрт шаққанын білген заматта, шаққан жерді сіріңкемен күйдіру керек. Уы тістеген жерден 0,5 миллиметрден әрі сіңбейді.

Егер 20−30 минуттай кешіксе, у адамның денесіне тарап кетеді де, бұл әдістің әсері болмайды. Қарақұрттың уы – май тәрізді еритін сұйықтық. Оны 60 градусқа дейін қыздырса, уытын жояды.



160-тапсырма. Мәтіннен туынды сөздерді тауып жазыңыздар. Олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.

Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұрады. Жерге жақын бөлігінде су буы болады. Одан түрлі бұлттар түзіледі. Ауа мен Жер арасындағы зат алмасуы, жауын-шашынның болуы осы төменгі қабатқа байланысты жүреді. Келесі екінші бөлігінде газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені су буы өте аз. Үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады. Әр қабат ауа шарлары, ұшақтар, жасанды Жер серіктері, ғарыш кемелері арқылы мұқият зерттелген. Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы да анықталған.

Күндіз ауа қабығы күн сәулесін шашыратады, сондықтан Жер шамалы ғана қызады. Ал түнде күн көкжиектен батқан кезде оны көзге көрінбейтін көрпемен қымтағандай болады. Ауа қабаты – Жердің қорғанышы. Ол жерді қатты ысып және суынып кетуден сақтайды. Ауа қабаты болмайтын Айда күндізгі температура +1200С, түнгі температура -1600С жетеді. Жердегі ағзалардың ешқайсысы мұндай температураларда тіршілік ете алмайды. Бұл – ауа қабатының тіршілік үшін бір пайдасы. Екінші пайдасы – ғарыштан келетін аса өткір күйдіргіш сәулелерді Жерге жібермей ұстап қалатындығы.

Сусыз тіршілік жоқ дейміз, ал ауаның қажеттігі одан да басым. Адам тамақ ішпей айдан аса уақыт, сусыз бірер апта тіршілік етсе, ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет