152-тапсырма. Мына сөздердің қайсысы түбір, қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңыздар.
Жер, Жер серігі, бұлт, кемпірқосақ, жай (найзағай), жайтартқыш, күн, күн сәулесі, аспан, көкжиек, жұмыс, жұмысшы, ғарыш, ғарышкер, жұрт, ағайынжұрт, жүзі, көк жүзі, жер-көк, тау-тас.
153-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, әр түрлі тәсілмен жасалған туынды сөздердің астын сызыңдар да, олар нені білдіретінін анықтаңыздар.
Неге күн күркірейді? Оның себебі – найзағай жарқылы. Күркіреген дауысты сол найзағай шығарады. Найзағай дегеніміз – мейлінше үлкен электр ұшқыны. Мұндай электр ұшқындары секундтың аз ғана бөлігінде көк жүзінің бірнеше шақырым жерін шарпып өтеді. Оның жолындағы ауа да сол сәтте қызып үлгереді. Сол кезде нағыз қопарылыс пайда болады. Одан шығатын дыбысты біз күн күркіреді дейміз.
Найзағаймен ойнауға болмайды. Егер найзағай түссе, ғасырлар бойы өсіп тұрған еменнің өзі күл-талқан болады. Ал қораға немесе шөп маясына түссе, әпсәтте жанып кетеді. Сондықтан да тұрғын үйлерді, зауыт мұржаларын, ток келетін болат бағандарды найзағайдан аман сақтау үшін жайратқыш салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |