Күрделі сөз
Күрделі сөз – кемінде екі түбірден жасалдып, бір мағынаны білдіретін сөз. Оның 4 түрі бар: Біріккен сөз
Қос сөз
Қысқарған сөз
Тіркескен сөз
161-тапсырма. Төмендегі күрделі сөздерді үлгі бойынша мағынасын түсіндіріп жазыңыздар.
Үлгі: кәрі жілік – адамның немесе жануардың дене мүшесі, ...
Кәрі жілік, сары шымшық, қара құс, асық жілік, тоқ ішек, ащы ішек, ауыз омыртқа, бас бұзар, сүмбіл шаш, бесікке салу.
162-тапсырма. Берілген сөздерден күрделі сөз құрап жазыңыздар.
Көк, боз, соқыр, ала, тоқпан, тоң, су, торғай, өкпе, ішек, жылан, жөтел, жілік.
Біріккен сөз
Біріккен сөз - екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: тасбақа (тас+бақа), Талдықорған (Талды+қорған), қарқұрт (қара+ құрт), Екібастұз (Екі+бас+тұз).
Кіріккен сөз – құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысын өзгертіп біріккен сөз. Мысалы:
биыл
|
Бұл жыл
|
бүгін
|
Бұл күн
|
әкел
|
алып кел
|
апар
|
алып бар
|
ендігәрі
|
ендігіден әрі
|
жаздыгүні
|
жаздың күні
|
білезік
|
білек жүзік
|
қарлығаш
|
қара ала құс
|
163-тапсырма. Төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жасалғанын айтыңыздар.
Демалыс, көкжиек, еңбекақы, Ұлтуған, Қайыпқожа, Әзімхан, жалақы, Жезқазған, Алшағыр, Бұланбай, әркім, ашудас.
164-тапсырма. Мына біріккен сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.
Шекара, аққұтан, жолбарыс, қалжыңбас, меймандос, алабота, алабұға, әнеугүні, жазғытұрым, тайталасу.
Достарыңызбен бөлісу: |