Тұрсынова Г. Т



бет87/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Құрмалас сөйлем




Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай үш түрі бар: салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдер. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:



Түрі

Ереже

Мысал

Салалас құрмалас

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде салаласа байланысады.

Күз келді. Күн суытты.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Күз келіп, күн суытты.

Аралас құрмалас сөйлем

Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.

Күз келіп, күн суытқандықтан, ол жылы киінді.



330-тапсырма. Оқып шығып, мәтінді құрайтын сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңыздар. Тұрлаулы мүшелерін тауып, құрамына қарай талдаңыздар. Даналық сөздердің мағынасынан не түйгендеріңізді топ ішінде анықтаңыздар.

Мінезі жақсы төрге озар. Ыстық асқа үрме. Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы. Үлкен келсе, аяғыңды аяма. Жасында әдет үйренбеген кісіден өскенде қайран доқ. Досыңды барда да сына, жоқта да сына. Дос адам артық сұрамайды. Құлағанның сұрағанын өтесең, өтеуін Құдай береді. Өш алғаннан гөрі, кешірген жақсы. Халық тарықса, үкімет жұтайды. Зорлық қылғанды кешіру – сорлы адамды зорлаумен бірдей. Тарығып тапшылықтан өлсең де аштан, Ақысын жетімдердің жеме ешқашан. Кімде-кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды. Достық пен махаббат – осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді. Қорқақ – махаббатқа қабілетсіз, махаббат – ержүректің еншісі.



331-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, тірек сөздерді табыңыздар. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыздар.

Достық деген не?

Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады... Жерге түскен әрбір ұрықтың өнуі үшін күннің нұры, топырақтың қызуы қажет. Сол сияқты әр сәбидің жүрек түкпірінде жатқан достық пен махаббат ұрығының өніп, өсіп, гүлдеуі үшін едәуір уақыт керек.

Баланың есі кіріп, сана-сезімі оянып, кемелдене бастаған шағында оның жүрегіндегі достық пен махаббат бүршік жаруға талпынады.Өйткені жолдастық – достық пен махаббаттың бірінші баспалдағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет