339-тапсырма. Басыңқыдан бағыныңқының баяндауышына сұрақ қойып, аударып, көшіріп жазыңыздар.
Қаныш – еліміздің мыс қоймасы – Жезқазғанды және Ұлытау өңірінде бірқатар маңызды кен ошақтарын ашып, геологиялық барлау жұмыстарының білгір ұйымдастырушысы және қажымас геолог- ізденуші ретінде өзін көрсете білді. Қаныш біреулердің ізденгіштігін, ғылыми жұмысқа деген талабын және ұйымдастыру қабілетін байқаса, оларға үнемі қол ұшын беріп отырған. Бұл – Қаныштың ғылымдағы ұйымдастырушылық дарынының бір көрінісі, яғни кадрларды өсіру жолындағы көрегендігі. Ғылым саласында жаңа қанаттанып келе жатқан, талаптанып жүрген азамат болса, оқып жүрген зейінді ұл-қыз болса, олардың әрбіреуінің академик Қ.Сәтбаевтан ақыл алмаған, қолдау көрмегені, көмегіне сүйенбегені жоқ деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |