№ 6 семинар тақырыбы:
«Күрделенген жай сөйлемдер»
ОРЫНДАҒАН: 302 ФИЛОЛОГИЯ ТОБЫНЫҢ СТУДЕНТІ
ТАХАЕВА А
Қазіргі әдеби тіліміздегі сөйлемдер жасалу құрылысы жағынан үлкен үш салаға жіктеледі: 1) Жай сөйлем 2) Күрделенген жай сөйлем 3) Құрмалас сөйлем. Бұлардың әрқайсысы өзара іштей жекелеген құрамдарға ажыратылады.
Жай сөйлемдердің бір предикаттық қатынастың төңірегінде ұйымдасып, сонымен қатар бұлардың құрамында түрліше айқындауыштық конструкциялар, оралымдар (обороты) орын алатын түрін жай сөйлемнің күрделенген жай сөйлем ретінде қарастырамыз.
Күрделенген жай сөйлемдерді ұсынушы ғалымдардың айтуынша, олардың жай сөйлемдерден айырмасы екі предикаттық единицадан тұратындығында, ал құрмаластан айырмасы сол екі предикативтілік қатынастың да бір бастауышқа телінуінде. Профессор Қ.Есенов қазақ тілінде бір бастауышқа телінген сөйлемдерді жай сөйлемнің күрделенген түрі деп таниды және осындағы баяндауыштарды пысықтауыш деңгейімен бірдей қарайды
Профессор Т.Қордабаев ондай құрылымдарды сабақтас деп танып, олардағы тиянақсыз формаларды баяндауыш деп таниды.
Бір суъектіге телінген, бірін-бірі толықтыратын немесе бір әрекетті бірігіп атайтын баяндауыштарды бірыңғай баяндауыштар деп есептеп, ондай құрылымдағы сөйлемдерді жай сөйлем деп таныған дұрыс. Бірақ ортақ бастауышқа телініп, баяндауыштары әр шақта келетін және әр сөз табынан жасалатын сөйлемдерді сабақтас бағыныңқылы сөйлемдер деп таныған дұрыс.
Өйткені олардың сыңарларының арасы әр түрлі мағыналық қатынаста келеді. Мысалы: Қарағанды көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар өтті. (Ғ.М.) Бүгін бірер кітабын алып шықпақ болып, өзі жалғыз кіріп еді. (М.Ә.)
|
Ортақ бастауышты сөйлемдерді тек бастауыштың соңына қарай бөлу жеткіліксіз. Алдымен, бағыныңқы-басыңқы сөйлемдер арасындағы мағыналық қатынастарға қарау керек. Және құрмалас жасаушы бөліктер пысықтауыш дәрежесінде ме, әлде баяндауыш дәрежесінде ме – соны өлшеуіш етіп алған дұрыс.
|
Егер көсемше, есімше тұлғалары арқылы жасалған баяндауыштарды қалыпты пысықтауыштар емес, баяндауыш деп танитын болсақ, онда есімше, көсемше тұлғалы бағыныңқылы баяндауыштары бар ортақ бастауышты сөйлемдерді сөз жоқ құрмаластар қатарына жатқызамыз
|
Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер екі үлкен топқа бөлінеді:
I. Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер
II. Синтаксистік оралымды сөйлемдер
Алғашқысына оңашаланған айқындауышты, қыстырма, қыстырынды және бірыңғай мүшелі сөйлемдер жатады да, екіншісіне көсемше, есімше, шартты рай тұлғалы және қимыл есіміді оралымды сөйлемдер кіреді. Сөйтіп, біз синтаксистік оралымы бар сөйлемдерді оңашаланған мүшелі сөйлемдерден ажыратып қараймыз.
|
Тіліміздегі кейбір сөзйдер бір-бірінен айқындап, анықтап отыратыны сияқты кей уақыттарда бүтіндей сөйлем құрылыстары да мазмұны жағынан өзін дәлелдей, нақтылай түсуді қажет етіп отырады. Сөйлем дегеніміздің өзі айтушының түрлі көзқарасын білдірсе, мұндай қасиет көп жағдайларда бас мүшелер мен тұрлаусыз мүшелердің өз бойына сыя бермейді.
|
Осынадй жағдайда сол сөйлемде оңашаланған мүшелі сөздер немесе сөйлемдер қабатастырыла айтылып, негізгі хабарланған ойдың мазмұнын әр түрлі жақтардан толықтырып отырады. Осыдан барып сөйлемнің құрылысы да күрделенеді, ой білдіру мазмұны да күрделене түседі. Бұл ретте сөйлемді күрделендіріп тұратындар – оңашаланған мүшелер мен түрліше оқшау сөйлемдер.
|
Башқұрт тілінің маманы К.З.Ахметов нақтылы сөйлемдерді талдай көрсетеді. 1. Без, йәйләүгә килеп еткәс, аттарзы тұғарып, һалқын алдырырға була, ағас күләгәһенә бәйләп күйзык (М.Ғ.). 2. Тау араһы һалкынсарак хәлгә кергәс,йылкылар әкренләп тау араһына ашарға тарала башланылар (М.Ғ.) Автор осы сөйлемдердің алғашқысын оңашаланған пысықтауыш, екіншісіндегіні – бағыныңқылы сөйлем деп таниды. Оңашаланған айқындауыштың кейбр түрлері тілімізде бұрыннан да болды. Әйтсе де оның кеңінен етек алып, белгілі бір жүйеде жиі қолдана бастауы, М.Б.Балақаев айтқандай, соңғы жылдардың жемесімен, орыс тілінің игілікті әсерімен тығыз байланысты.
Кейбір оңашаланған айқындауыштар сабақтас құрмаластың құрылысын еске түсіреді әсіресе оның мына тәріздес түрлерін айтамыз: «Полкан, ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр... (Ы.Алтынсарин). Міне, осы сөйлемдегі ит те болса сөзі аз алдына оңашаланып, өзінен бұрынғы қимыл иесі Полканның не екенідігін білдіруде айқындауыш мәнінде жұмсалған. Бұлайша жұмсалуда ол сөйлемдік ұрылысқада ие болған, алайда бұл жердегі сөйлем – жеке өз алдына сөйлем емес, бастауышты айқындау барысына байланысты айтылған тәуелді конструкция. Сөйтіп, осындай құрылыстағы сөйлемдердің ішінен сөйлем шығып жатады, алайда олар бағыныңқы болып танылмай, айқындауыштық мәнінде көрінеді
НАЗАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |