341-тапсырма. Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздеріңіз ойлап тауып, мезгіл бағыныңқы сабақтас жасаңыздар.
Тыстағы жұмыс біткен кезде, ... Үшеуі үйге кірген соң, ... Әкесі атқа мініп кеткеннен кейін, ... Жолмен біраз жүрген соң, ... Ол үйге қайтып келісімен, ... Ботагөз саусағымен нұсқаған дәптердің бетіне Асқар көзін салса, ... Атамекеннің жерін азапқа салып жатқан да, ...
342-тапсырма. Себеп-салдар салаласты, себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жазыңыздар.
Ой-ұғымы, сезім-түйсігі ұқсас, жаны жалғас адамдар ғана бір-бірімен тату дос бола алады, өйткені ондай адамдар бір-бірінің жай-күйін жақсы ұғысады. Өтірік айтудан сақтаныңдар, себебі өтірікшілер – имансыздар. Тіпті пайдасын көріп тұрсаңыздар да, өтіріктен сақтаныңыздар, себебі түбінде өтірікшінің күні қараң. Әділеттілік – Алланың жердегі терезесі, әділетті адамды сол терезе бейішке бастап апарады. Білім алу жолындағы табандылықтан артық іс жоқ, себебі ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады. Жомарт кісінің қателіктерін кешіріңдер, себебі Алла тағала, ол сүрінген сайын, қолынан ұстап, құлатпайды.
343-тапсырма. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыздар.
Таулы кедергінің жоқтығынан ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және бастыстан шығысқа өтеді. Жазықты Маңғыстау қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Ел экономикасын көтеру үшін мұнай өте маңызды рөл атқарады. Мұнай кен орындарын белгілі бір кондицияға жеткенде ғана ашуға болады. Теңіз кен орнын игергелі, жиырма жылдан аса уақыт өтті.
344-тапсырма. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыздар.
Ғалымды мен тұңғыш рет Қазақ кен-металлургия институтында оқып жүрген кезімде көргем-ді; Қ.И.Сәтбаев еліміздің мыс қоймасы – Жезқазғанды және Ұлытау Өңірінде бірқатар маңызды кен ошақтарын ашып, геологиялық барлау жұмыстарының білгір ұйымдастырушысы және қажымас геолог- ізденуші ретінде өзін көрсете білді. Қаныш біреулердің ізденгіштігін, ғылыми жұмысқа деген талабын және ұйымдастыру қабілетін байқаса, оларға үнемі қол ұшын беріп отырған. Бұл – Қ.И.Сәтбаевтың ғылымдағы ұйымдастырушылық талантының бір көрінісі, яғни кадрларды өсіру жолындағы көрегендігі.
Ғылым саласында жаңа қанаттанып келе жатқан, талаптанып жүрген азамат болса, оқып жүрген зейінді ұл-қыз болса, олардың әрбіреуінің академик Қ.Сәтбаевтан ақыл алмағаны, қолдау көрмегені, көмегіне сүйенбегені жоқ деуге болады. (М.Сәрсекеев)
345-тапсырма. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемдердің жасалуын айтып беріңіздер.
Шиелі каналы қазылмайынша, бұл техниканың бірде-бірі жоқ болатын. Комиссия мүшелеріне кең түсіндіру үшін, комбайн макетін Мырқалдың кабинетіне апарыңдар. Кенді табу бар да, алу бар. Табу болмаса, алу да болмайды. Ал егер минералды тыңайтқыштар енгізілсе, егіннің өнімін едәуір арттыруға болады деп ойлаймын. Сұйық марганецті болатқа аздап церий қосқанда, болаттың беріктігі бір жарым есе артатын еді. Қалдық қаншалықты аз болса, өндірістің негізгі өнімі соншалықты мол болады.
346-тапсырма. Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаңыз, ел туралы мақал шығады. Қай әріптен бастап оқу керек? Ол қандай мақал?
Достарыңызбен бөлісу: |