Түсінігі. Негізгі сұрақтары


Дәріс 6.Қазақстанның табиғат зоналары



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#16847
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Дәріс 6.Қазақстанның табиғат зоналары.  

 

Негізгі сұрақтары: 

1.  Қазақстан табиғат зоналарының геоэкологиялық ерекшеліктері 

2.  Қазақстан табиғат подзоналарының геоэкологиялық ерекшеліктері 

3.  Ендік және биіктік белдеу зоналары 

 

      Табиғат  зоналары -  Табиғат  зоналарын  ең  негізгі  сыртқы  факторлар 



қалыптастырады. 

Олар 


көп 

жағдайда күн жылуының 

таралуына 

(яғни географиялық 

ендікке) 

тәуелді. 

Тағы 

бірфактор - 



аумақтың 

ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде 

әр  түрлі  табиғи  зоналар  пайда  болады.  Мәселен,  аумаққа күн жылуы  көп 

түссе,  оның  біраз ылғалдылығы жеткіліксіз  (К=0,3)  болса,  онда шөлді 

аймақтар пайда 

болады. 


Әрбір зона өзіне 

тән 


климатымен, 

топырағымен, өсімдік және  жануарлар  дүниесімен  ерекшеленеді.  Кейде  бір 

зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі. 

     Қазақстанның жазық бөлігінде  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  бірте-бірте 

орманды  дала,  дала, шөлейт және шөл зоналары  ауысып  отырады.  Сонымен 

бірге  бұл  зоналарда топырақ жәнеөсімдік  жамылғысы батыстан  шығысқа 

қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. 

Республиканың  биік  таулы  аудандарында  зоналар  биіктікке  байланысты 

(зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады 

    Қазақстанның  жазық  алқаптарында  климаттың,  топырақтың  терістіктен 

оңтүстікке  қарай  өзгеруі  табиғаттың  көлденең  зоналық  заңына  бағынса, 

таулы  алқаптардағы  топырақ,  климат  жағдайларының  тау  етегінен,  таудың 

биік  шыңына  қарай  өзгеруі  табиғаттың  тік  зоналық  заңына  бағынады.  Енді 

біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша 

сипаттамасына  және  бұл  топырақтарды  ауыл  шаруашылығында  пайдалану 

мәселелеріне тоқталамыз. 

1)Республиканың  қиыр  терістігінде  біраз  территорияны  жеткілікті 

ылғалданған  орманды-далалы  зонаша  алып  жатыр.  Бұл  зонашада  ауадан 

түсетін  ылғғалдың  орташа  жылдық  мөлшері  330-350  мм,  ерден  буланатын 

ылғалдың  мөлшерімен  шамалас,  ылғалдану  коэффициенті  бірге  жуық.  Жер 

беті  жазық,  ойпатты  келеді,  сондықтан  бұл  аймақта  ылғалды-шалғынды 

топырақтар  көп  таралған,  негізінен  шайылған  орманның  сұр  топырағы  мен 

шалғынды  қара  топырағы  және  сілтісізденген  қара  топырақтар  кездеседі. 

Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен 

Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, 

негізінен  жаздық  бидай  егіледі.  Картоп,  көкөністер  өсіріледі,  етті-сүтті  мал 

шаруашылығы  дамыған.  Егістікке  жарамды  жерлердің  барлығы  түгелдей 

игерілген.  Қалған  жерлері  орман,  шабындық  пен  жайылым  үшін 

пайдаланылады.  Қазақстан  территориясында  бұл  зонаша  не  бары  0,4  млн  ( 

республика  жерінің  0,2%)  гектар,  зонаның  негізгі  бөлігі  ,  Терістіктегі  Ресей 

жерінде. 

2)  Осы  зонашадан  оңтүстікке  қарай  байтақ  қара  топырақты  далалы  зона 




жатады.  Өзінің  топырағы  мен  климаттық  жағдайына  қарай  бұл  зона  екі 

зонашаға  бөлінеді.  Бұл  аймақтың  біразы  Батыс-Сібір  ойпатында  жатыр. 

Солтүстік  Қазақстан  облысының  көпшілік  жері,  Қостанай,  Павлодар 

облыстарының  терістік  жағы,  Ақмола,  Қарағанды,  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан 

облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз 

және  қыс  айларында  түседі,  ал  мамыр  мен  шілде  аралығы  біршама  құрғақ 

болады.  Егістік  өніміне  әсер  ететін  қатты  құрғақшылық  бұл  аймақта  сирек 

қайталанады.  Оның  топырақтары  мен  топырақ  зонаның  Батыс  Сібір 

провинциясында  кездесетін  кәдімгі  қара  топырақ  және  оңтүстіктің  қара 

топырағы.Егістікке  жарамды  жерлердің  бәрі  жыртылған.  Бұл  аймақта 

негізінен  суарылмайтын  астық  егіледі.  Дегенмен  сортаң,  сорланған 

топырақтар  және  комплексті  учаскелер  күрделі  мелиорациялауды,  ал 

жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі -

25,4 млн  гектар, яғни республика жерінің 9% жуық. Бұл алқаптың көп жері 

1954-1958  жылдары  тың  игеру  кезінде  астықты  дақылдар  үшін  жыртылды. 

2) Кәдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гектарын, яғни барлық 

жерлердің  4,3%-алып  жатыр.  Ауадан  түсетін  ылғал  300-330  мм.  Негізгі 

топырақтары 

–кәдімгі 

ортагумусты 

қара 

топырақтар. 



Топырақ 

қарашіріндісінің  мөлшері  беткі  0-10  см  қабатында  7-8%,  табиғи  күйінде 

құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен 

он жылда бір рет қайталанады. 

3)  Оңтүстік  қаратопырақты  зонаның  көлемі  13,7  млн  гектар,  республика 

жерлерінің  5,1%-ы.  Ауадан  түсетін  ылғал  жылына  280-300  мм,  оның  жылы 

уақытта  түсетіні  150-180  мм.  Топырақтардың  басым  бөлігі  азгумусты  қара 

топырақтар.  Топырақтың  беткі  қабатындағы  қарашірінді  мөлшері  4-6%. 

Топырақтар  жамылғысында  сортаңданған,  әктенген  топырақтар  түрлері 

басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 

рет қайталанады. 

4)  Қара  топырақты  далалы  зонаның  оңтүстігінде  Қазақстан  батысынан 

шығысына  қарай-Шығыс  Қазақстан  облысына  дейін  созылып  құрғақ  және 

шөлді-далалы 

қара 

қоңыр 


топырақты 

зона 


жатыр. 

Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 

70% жерін қамтиды. БҰл аймақта Павлодар облысының көп жері , Солтүстік 

Қазақстан  облысының  батыс  жағынан  біраз  бөлігі,  Қостанай,  Ақмола 

облыстарының  көпшілік  жері,  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан,  Шығыс 

Қазақстан,Қарағанды 

облыстарының 

көп 


жерлері 

орналасқан. 

5) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді 

аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы 

зона  мен  оңтүстіктегі  шөлді  зонаның  табиғи  ерекшеліктері  кездеседі. 

Климаттың  құрғақ болуына байланысты  мұнда өсетін  шөптердің түрлері аз, 

әрі  сирек.  Топырақтың  құнарлылығы  кем,  әсіресе  оның  құрамындағы 

қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан 

түсетін  ылғал  мөлшері  жылына  орташа  есеппен  180-210  мм-ақ,  бұл  егістің 

өнімді 


шығуын 

қамтамасыз 

ете 

алмайды. 



6)  Жартылай  шөлді  зонашаның  оңтүстігін  кең  алқапты  шөл  зонасы  алып 


жатыр.  Бұл  зонада  Батыс  Қазақстан  облысының  біраз  жері,  Атырау, 

Маңғыстау,  Қызылорда  облыстары  түгелімен,  Ақтөбе,  Қостанай,  Ақмола, 

Қарағанды,  Шығыс  Қазақстан  облыстарының  біраз  жерлері,  Алматы, 

Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының  басым  көпшілік  жерлері 

орналасқан. 

     Бұл  алқапта  ауадан  түсетін  ылғал  мөлшері  өте  аз.  Ылғалдану 

коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 

80-150  мм-дей.  Үсіксіз  уақыттың  ұзақтығы  170-220  күнге  жетеді.  Күні 

бұлтсыз, ыстық, 100-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы 

Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге 

тек  ерте  көктем  мен  күздің  соңғы  айларында  ылғал  түседі.  Сондықтан 

өсімдік  тіршілігіне  екі  биологиялық  тыныштық  кезең  өтеді,  оның  біріншісі 

қыстың  суық,  екіншісі  жаздың  құрғақ  кезінде  болады.  Өсімдіктер  мен 

табиғаттың  осындай  қысымшылығына  бейімделген.  Онда  өсетіндер:  сирек 

шығатын  бұташалар,  жусан  және  кейбір  сортаңданған,  сорланған 

топырақтарға  бейімделген  шөптер.  Өсімдік  сирек  шығатындықтан,  олардың 

топырақта  қалдыратын  қалдықтары  да  мардымсыз.  Сондықтан  топырақта 

қарашірік  аз,  оның  мөлшері  топырақтың  беткі  қабатында  не  бары  1-1,5%. 

Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына 

ұқсайды.  Бұл  зона  екі  зонаға  бөлінеді:  а)  сор  шөпті  жусан  өсетін  құба 

топырақтар,  терістік  шөл;  б)  жусанды  сор  шөптер  өсетін  сұр  құба 

топырақтар, орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада, әсіресе, соңғысында 

тақыр  түсті  топырақтар  мен  тақырлар,  үйме  құмдар  және  сорланғар  жерлер 

көптеп кездеседі. 

     Аймақ  негізінен  мал  жайылымына  қолайлы.  Мұнда  тек  суармалы 

егістіктен  ғана  өнім  алынады.  Өзен  бойларында  орналасқан  тақыртүстес 

топырақтар  күріш  егуге  ыңғайлы.  Топырақ  құнарлылығы  аз  болғандықтан, 

суарған  кезде  азотты,  фосфорлы  және  органикалық  тыңайтқыштарды 

қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның 

көлемі  119  млн  гектар,  Яғни  республика  территориясының  44%  жуық. 

Жалпы  жартылай  шөл  мен  шөл  зоналарын  сипаттай  келіп,  ол  алқаптарды 

өнімсіз,  құнарсыз деп  айтуға  әсте болмайды.  Өйткені  осы  жердің ыстығына 

бейім,  сорланған  топырақтарда  өсетін  сор  шөптерді  қой  малы,  оның  ішінде 

қаракөл  қойлары,  «шөл  кемесі»  атанған  түйе  малдары  сүйсіне  жейді.  Ал 

мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ 

күнін  ұнататын  кейбір  қымбатты  дақылдар,  суға  да  қанығып  мол  өнімдер 

береді.  Дегенмен  осыған  қарап,  барлық  шөл  жерлерді  бау-бақшаға 

айналдыруға  болады  деген  қиялға  берілмеген  абзал.  Себебі  қоғам  үшін 

шөлдер  шөл  күйінде  де  қажет.  Табиғатта  бір  жер  шөл  болып  бірін-бірі 

толықтыратын, бірін-бірі теңгеретін заңдылық. 

     Таулы  алқаптың  топырақтары.  Қазақстан  территориясында  жазық 

жерлердің  көлемі  таулы  алқаптармен  салыстырғанда  көп.  Дегенмен 

республиканың  шығысы  мен  оңтүстік  шығысында  біраз  жерлерді  таулар 

алып  жатыр.  Олар-  Шығыс  Қазақстандағы  Алтай  таулары,  Алматы 

облысының  оңтүстігіндегі  Жоңғар  және  Іле  Алатаулары,  Жамбыл 



облысындағы  Қырғыз  Алатауы,  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Өгем, 

Қазығұрт  пен  Қаратау  таулары.  Енді  Іле  Алатауы  мысалында  тау  етегінен 

жоғарылаған  сайын  топырақ  түрлерінің  сипаттамасына  тоқталайық.  Себебі 

Іле  Алатауы  биік,  онда  табиғаттың  белдеулік  зоналары  түгел  кездеседі.  

7) Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылған 

тау етегіндегі шөлді дала зонасы белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала 

зонашасына  қарағанда  тау  етектерінде  жатұандықтан,  бұл  аймақтың  табиғи 

жағдайы  өзгеше  келеді.  Бұл  белдеу-  таулық  белдеулік  зоналығының  ең 

төменгі  сатысы.  Сондықтан  бұл  алқапты  пайдалану  жағдайы  да  басқаша. 

Тау 


етегіндегі 

шөлді-далалы 

аймақтағы 

ылғал 


мөлшері 

жазық 


территориядағы  шөлді  дала  зонасына  қарағанда  әлдеқайда  мол.  Ылғалдың 

орташа  мөлшері  250-360  мм-ге  дейін  жетеді.  Ылғал  көбінесе  жылдың 

көктемгі  және  қысқы  айларында  түседі  де,  жаз,  күз  айлары  құрғақ  болады. 

Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық 

дақылдары-күздік  және  жаздық  бидай,  арпа  егіледі.  Ал  суармалы  жерлерде 

астықтан  басқа  бағалы  дақылдар:  қант  қызылшасы,  мақта,  жүгері,  беде  мен 

көкөністер,  бау  ағаштары  мен  жүзімдіктер,  темекі  жақсы  өседі. 

8)  Тау  етегі  шөлді-далалы  белдеуінен  биігірек  алқапта  аласа  таулы-дала 

белдеуі  басталады.  Бұл  аймақта  таулардың  топырақ-климат  жағдайларына 

тигізетін  әсері  үлкен.  Ауадан  түсетін  ылғал  мөлшері  500-800  мм-ге  жетеді. 

Мұндай  мөлшердегі  ылғал  терістік  жақтың  жазық  жерлеріндегі  ешбір 

аймағында  кездеспейді.  Ылғал  көп  түсетіндіктен  шөп  жақсы  өседі. 

Топырақтары  да  құнарлы,  негізінен  таудың  қара  қоңыр  топырағы  мен  қара 

топырақ,  ал  Батыс  Тянь-Шаньда  таудың  қоңыр  топырақтары.  Бұл  алқапта 

суарылатын  және  суарылмайтын  жемісті  ағаштар,  бұталар  көп  өседі. 

9)  Орташа-таулы  ,  шалғынды-орманды  белдеуі  аласа  таулы  –далалы 

белдеуінен  жоғары  алқапта  жатыр.  Бұл  аймақта  түсетін  ылғал  мөлшері 

жылына 850-900 мм-ге дейін түседі. Шалғынды шөптер аса биік болып өседі. 

10)  Биік  таулы-шалғынды  және  шалғынды  далалы  белдеу-биік  таулы 

аймақтарда  орын  алады.  Бұл  аймақтың  ауа  райы  орта  таулы  аймақтардан 

суықтау.  Ауадан  түсетін  ылғал  мөлшері  орта  таулы  аймақтан  аздау. 

Топырақтары-биік  таулы  альпілік  және  субальпілік  шалғынды,  шалғынды-

далалы  топырақтар.Таудың  биік  басында  жыл  бойы  ерімейтін  қар  және  мұз 

жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тундра топырағы кездеседі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет