Ластаушы көздер мониторингі
- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға,
топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау,
бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг
- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар
және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін
бақылау.
Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық
және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста
болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни,
экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады.
Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі
организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі -
биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-
келген өзгерістерді есепке алып отыру.
|