Түсінік хат «Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ тілі» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (12-қосымша) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқупәнінің мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып,оқу әрекетімен күнделікті өмірде қолдану.
Оқу жүктемесінің көлемі:
2-сыныпта–аптасына 4сағаттан,оқу жылында–144 сағатты;
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау,өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі–білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарына басымдық беру.
Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі 5.1-кестеде көрсетілген.
5.1-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі
Жазбажұмыстарыныңтүрлері
2-сынып
Сөздікдиктант
5-7сөз
Диктант
25-30сөз
Көшіру
25-30сөз
Мазмұндама
40-60сөз
Шығарма
25-35сөз
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Қазақтілі» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша бағалаусаны 5.3-кестеде көрсетілген.
5.3-кесте-Қазақ тілі пәні бойынша жиынтық бағалау саны