Түсінік хат «Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік бірлестік Мектеп директоры Директордың оқу ісі отырысында қаралып, А. Жарасова жөніндегі орынбасары бекітілуге ұсынылды. 2022 ж. Т.Әменова Хаттама №1 2022 ж


"Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері



бет2/9
Дата18.12.2023
өлшемі141,71 Kb.
#140730
1   2   3   4   5   6   7   8   9
"Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
- қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
- тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
- аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
- мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
- тыңдалым және айтылым;
- оқылым;
- жазылым;
- әдеби тіл нормаларын сақтау.
"Тыңдалым және айтылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау; 2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;3) мәтіннен ақпаратты анықтау; 4) негізгі ойды анықтау;
5) тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
"Оқылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну; 2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату; 4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;6) оқылым стратегияларын қолдану; 7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
"Жазылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;4) эссе жазу;5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
9. "Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі" келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфографиялық норма;2) орфоэпиялық норма;3) лексикалық норма;4) грамматикалық норма; 5) пунктуациялық норма.
Оқу жүктемесінің көлемі: 9-сынып. Қазақ тілі" пәні бойынша оқу жылында – 72 сағат, аптасына - 2 сағат.
Оқулық : 9-сынып. Қазақ тілі. Авторлары: Ж.Дәулетбекова, А.Рауандина, М.Дусимбаева. Баспасы: Алматы «Атамұра», 2019 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет