Түсінік хат «Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік бірлестік Мектеп директоры Директордың оқу ісі отырысында қаралып, А. Жарасова жөніндегі орынбасары бекітілуге ұсынылды. 2022 ж. Т.Әменова Хаттама №1 2022 ж


Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты



бет7/9
Дата18.12.2023
өлшемі141,71 Kb.
#140730
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Білім алушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдеби-теориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.
Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар:
1) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
2) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
3) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
4) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
"Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
"Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс.
"Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдебишығарманыңкомпозициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркемшығарманыңтілі;
4) шығармашылық жұмыс.
"Бағалаужәнесалыстыру" бөлімікелесібөлімшелердентұрады:
1) тарихижәнекөркемдікқұндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет