Түсінік хат «Жаратылыстану» оқу пәні Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәні оқу бағдарламасының мақсаты әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі туралы білім негіздерін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқу пәнінің бағдарламасы келесі міндеттерге жетуге бағытталған:
зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктерінің негізін қалыптастыру;
техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу;
қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған жаратылыстану-ғылыми тұрғыдан маңызды және өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу біліктерін меңгеру;
зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстануғылыми ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы бойына сіңіруге негіз болып табылады.
Жаратылыстану «Алматы кітап баспасы», 2021ж. Р.Ә.Қаратанов, Г.А. Үржігітова, Ж.Б. Құсайынова, Г.С. Батырова.
Жаратылыстану (Барлығы 33 сағ, аптасына 1 сағат)