Түсінік хат (үлгілік оқу жоспары бойынша) Тақырыптық-күнтізбелік жоспар мына негізде құрылған



бет2/3
Дата22.09.2023
өлшемі46,46 Kb.
#109722
1   2   3
Байланысты:
23-24ХИМ 7 сын ҮЛГІЛІК

Оқушылар білуі тиіс:

  • химия ғылым ретінде нені зерттейді; химия кабинетінде және зертханада химиялық құралдармен және реактивтермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау, білу; таза зат бірдей атомдардан немесе молекулалардан тұратынын; қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін; заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін; салқындау және қайнау процестерін;

  • Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын;химиялық элементтердің атомның белгілі бір түрі ретінде химиялық таңбаларын; атомдар құрылысын (протон, электрон, нейтрон - p+, n0, e-), олардың атомда орналасуын, массасын, зарядын, және алғашқы 20 элементтердің атом ядроларының құрылысын; «изотоп» ұғымын; ауа құрамын;заттар жанғанда ауаның құрамындағы оттегі жұмсалатынын; атмосфералық ауаны қорғау маңыздылығын; заттардың жану жағдайларын (заттардың ауаға қарағанда таза оттегінде жақсы жанатыны), нәтижесінде түзілетін өнімдерін (металдар және бейметалдар жанғанда оксидтер түзілетінін); оңай жанатын және жанғыш заттарға мысалдар келтіру;

  • «қышқылдық» пен «сабындық» кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкіндігін; химиялық индикаторларды- метиловый оранжевый, лакмус, фенолфталеин, олардың әртүрлі орталарда түстерінің өзгеруін; сұйылтылған қышқылдардың қолданылуын, олармен жұмыс жасау қауіпсіздігін; И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеев жұмыс еңбектері негізінде химиялық элементтердің жіктелуін; көптеген элементтердің табиғатта изотоптар қоспасы түрінде кездесетінін; химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының анықтамаларын; тағамдардың химиялық заттардан тұратынын; кейбір қоректік заттарды білу және анықтау; көмірсулар (крахмал), ақуыздарды, майларды; адам ағзасында кездесетін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K); жер қыртысындағы қимиялық қосылыстарды; кендерге минералдар және табиғи қазбалар жататынын; Қазақстанның табиғи байлықтарын; оларды алудың қоршаған ортаға келтіретін әсерін.

Оқушылар меңгеруі тиіс:
- заттардың физикалық қасиеттерінбілу арқылы заттарды қоспадан бөлу әдістерін ;қоспаларды бөлу үшін экспериментті жоспарлап жүргізуін; бөлшектер
кинетикалық теориясына сәйкес салқындау қисығын сызып байқағандарына анализ жүргізуін;;элементтерді металдарға және бейметалдарға жіктеуін; заттарды
жай және күрделіге ажыратуын;
- рН шкаласы негізінде әмбебеп индикаторды пайдалану арқылы қышқылдарды және сілтілерді анықтауын; сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесу
реакциясын жасап, сутегін сапалық түрде дәлелдеуі; қышқылдардың карбонаттармен реакциясын жасап көмір қышқыл газын сапалық түрде
дәлелдеуін;элементтердің аттарын, валенттіліктерін біле тұрып биэлементті қосылыстардың формулаларын, атомдық арақатынастарын құруын;
заттардың формулалары бойынша салыстырмалы молкулалық массаларын есептеуін;
- тыныс алу процесін түсіндіруін; металдарды алу барысында кендерді өңдеу процесін сипаттауын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет