Түсініктеме хат



бет2/5
Дата19.10.2022
өлшемі41,44 Kb.
#44116
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Курс бмо

Бағдарламаның жаңалығы:
Бағдарлама жаңартылған білім беру аясында күнделікті өмірде адам денсаулығын
нығайтуда биомедициналық білімді пайдалануы, теориялық білімді практикамен ұштастыру, халық медицинасының маңыздылығын танып білуге, оқушылардың ғылыми танымдық көзқарастарын, ойлауларын азаматтық жауапкершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу көзделген, сондай-ақ оқушылар ғылыми зерттеу, шығармашылық жұмыстарды орындайды, зерттеушілік қызметтердің негіздерімен танысады, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс дағдылары дамиды, интернеттен алынған деректермен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істейді.
«Биомедицина және адам денсаулығы» элективті курсын игерудегі күтілетін нәтижелер: Оқушыларда танымдылық, құндылықтар, мәнділіктер жүйесін қалыптастыру. Пән аралық түсініктерді қалыптастыру, оларды оқу, танымдылық және зерттеушілік тәжірибесінде қолдану, оқу және ғылыми зерттеушілік қызметін жоспарлай білу және жүзеге асыру қабілетін дамыту.
Іскерлігі: өз ойын сауатты жеткізе білуді, өз ұстанымын жеткізе алуды, қарым-қатынастағы әріптестерінің ақпаратын дұрыс қабылдауды, айғақтарға, үдерістерге баға беруді, топта, командада жұмыс істей білуді, ауызша және жазбаша мәтіндермен жұмыс істеуді, жазбаша бақылау жұмыстарын орындау дағдыларын, баяндама, реферат, ғылыми зерттеу жұмыстарының презентациясын өткізуді үйрену.
Дағдысы: шығармашылық, ғылыми жұмыстарға дағдылану.
Құзыреттілігі: Ақпаратты қабылдаудың жоғары тиімділігі, өзгелермен ынтымақтастықта жұмыс істеу және бүкіл өмір бойында оқып жүретін адам болу талпынысы арқылы ғылыми, сыни ойлаудың жоғары деңгейін көрсетеді. Курс 34 сағатқа негізделген.

2.Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім


Оқу бағдарламасына негізделген «Биомедицина және адам денсаулығы» бағдарламасын оқып үйренудің негізгі мақсаты: оқушыларға биология, медицина салаларын және халықтық емдеу тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту. Биологиядан алған білімдерін толықтыра отырып,шығармашылық қабілетін дамыту.Салауатты өмір салтын ұстана отырып, денсаулықты нығайту жолдарын насихаттау. Табиғаттағы ағзалардың өзара қарым-қатынас типтеріне сипаттама беру, қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мәселелеріне жан-жақты тоқталу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет