Түсініктеме хат


Бағдарламада мынадай іс-әрекеттер қамтылады



бет3/5
Дата19.10.2022
өлшемі41,44 Kb.
#44116
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Курс бмо

Бағдарламада мынадай іс-әрекеттер қамтылады: 11-сынып Бағдарлама 36 сағатқа арналған, 8 бөлімнен тұрады.
I. бөлім. Биомедицина туралы не білеміз? Биомедицина ғылымының қалыптасуы,даму
тарихы. Қорытындылау. Медицинаның дамуына үлес қосқан Отандық ғалымдар. Медицинаның дамуына үлес қосқан шетелдік ғалымдар. Биомедициналық этика.
II. бөлім. Молекулалық биология. Белок құрылысы және қызметі. Липидтердің құрылысымен қызметі. Көмірсудың құрылысы мен қызметі. Нуклейн қышқылдары құрылысы және қызметі
ІІІ. бөлім. Молекулалық генетика. Генетикалық ақпарат берілуінің негізі жолдары. Нәруыз биосинтезінің этаптары. Жасушаның генетикалық аппараты. Гендердің жіктелуі. Онтогенездің генетикалық механизмдері
ІҮ. бөлім.Медициналық биотехнология. Актиномицеттер түзетін антибиотиктер. Витаминдер- ағзаның негізгі тіршілігі.
V. бөлім. Медициналық биомеханика. Медициналық биомеханика туралы түсінік.Тірек-қимыл аппаратының биомиханикасы.
VI. бөлім. Медициналық генетика және жалпы медициналық потологиядағы тұқым қуалайтын аурулар. Медициналық генетиканың зерттеу әдістері.Гендік және хромосомалық аурулар олардың түрлері. Монгенді аурулар. Дальтонизм ауруы. Гемофилия ауруы. Альцгеймер ауруы. Кернса-Сейра синдромы. Пирсона синдромы. Реклингхаузен ауруы немесе нейрофиброматоз. Медико-генетикалық кеңес беру. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу.
VII. бөлім. Полигенді және мультифакторлы аурулар. Полигенді және мультифакторлы аурулар туралы ұғым. Дамудың туа біткен ақаулары. Психикалық және жүйке аурулары. Орта жастағы тұқым қуалау аурулары
VIII. бөлім. Халықтық медицина. Ұлттық емдеу тәсілдері. Гирудо терапия, фитотерапия. Дәрілік шөптер және оның адам ағзасына пайдасы. Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі Оқушылaрды алған білімдсрін өмірдс, әлеумсттік ортадa қолдaнуға бaғыттау. Жиынтық бағaлау.
Осы бөлімдерді оқыту барысында күтілетін нәтиже: Әрбір адам ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстанып және денсаулығын жақсарту үшін қажетті шараларды жүзеге асыруды үйренеді. Ақпараттарды талдап, салыстыруды үйренеді. «Табиғат-адам-қоғам» арасындағы байланысты, қарым - қатынасты нығайта түсуге үлес қосады. «Мәңгілік Ел» ұлттық бағдарламасы идеясын жүзеге асыру аясында айналамызды қоршаған табиғаттың тылсым тіршілігін, ондағы болып жатқан табиғаттың құпиясы мен ғажайыптарын тереңірек оқып, ұғынады. Сыныптастарымен жұптасып, шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс жасайды. Интерактивті әдістердің тиімділігі оқушылардың жан-жақты білім алуында ойын түрлерінің элементтерін пайдаланып, алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық, жинақтық қасиеттерін дамытады. Оқушылар өз ойларын ортаға ашық, нақты сала алады, сыни тұрғыда ойлай біледі. Сабақта жаңа технология элементтерін өз дәрежесінде пайдалану арқылы нәтижеге жетеді деп ойлаймыз.

3. Нормативті бөлім






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет