Түстану дайындаған: “Бастуыш білім және өнер” кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова Г. Т



бет1/17
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#133633
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ТҮСТАНУ

ТҮСТАНУ

Дайындаған: “Бастуыш білім және өнер” кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова Г.Т


Кіріспе
Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі – суреттеу, салу мағынасын береді. Бұдан бұрын «Дизайн» айналысатын заттарды проектілеу «Көркемдік құрастыру» деп аталады. Дизайн сөзінің астарында не жатыр? Бұл туралы әйгілі көркемдік энциклопедия да былай деп жазылған. Дизайн бұл – өндірістік заттарды шығаратын және біртұтас заттық ортаның рационалды формасына қамтитын көркемдік проектінің қайраткерлерлігінің әртүрлілігін білдіретін термин.(Дизайн тарихының материалдарынан.м.1968жыл.). Әйгілі итальяндық архитектоо және ДИЗАЙНЕР Понти:Дизайн бұл біздің өркениеттің айқын мінезін алатын әдемі фирмалар, заттардың әлемін тудырады, деп санайды.Тағы бір теоретик Т.Мольдонада басқа пікірді ұстанады. Оның ойынша, қолданылатын заттар көркемдік шығарманың функциясын орындай алмайды, ал өнердің, яғни заманауи интерьердегі негізгі талаптар, түстердің ықпалы, жарықпен түстім массасының адам психикасына әсері сияқты мәселелер туралы ой, пікір қозғалады. Нюанс тақырыбы алынды. Бұл тақырыптың негізінде жалпы түстердің үйлесімділігі, орталығы зерттеледі. Берілген тақырып бойынша негізгі бөлімде жалпы «Түстер» туралы оның адам психологиясына қандай әсер беретіні жайлы, «туыстас түстер» және «композиция элементтері»туралы зерттеледі. Дизайн пайда болуын әртүрлі жобалайды. Мысалы,дизайн кәсіп ретінде ХХ ғасырда қалыптасты,мамандық ретінде пәнді оқыта бастап, әрі сәйкес диплом беру-дизайн маманың қоғамға керек басқа да мамандықтың қатарына қойды. Негізінен, дизайнер деген сөз италияның disegro деген сөзінен шыққан, онымен қайта өркендеу дәуірінде сурет пен идеяны, жоба жұмыстарын атаған. Дизайн саябағының басым бөлігі практикалық қағидаларына негізделген. Демек мұнда шығармашылық жұмыстың басымдылығы байқалады. Студенттерге де дәл солай шығармашылық міндет жүктеледі. Яғни теориялық курстан соң практикалық іске көшеді. ДИЗАЙНЕР - ол сурет салуды, жобалаушы, чертеж сызушы адам, ал дизайн-шығармашылық, жобалық іс. Ол адамның қоршаған ортадағы материалдық және рухани қажеттілігін кеңінен қанағаттандырады. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 жылы АҚШ-та пайда болды.Дизайнер маман, дизайн саласында қызмет істейтін және жоғарғы тұтыну талаптары мен заттың немесе заттық ортаның эстетикалық сапасын қамтамасыз ету. Дизайн талғамды керемет дамытып, композиция негіздерін үйретуді. Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді. Бұрындары дайын үлгі бойынша киім беретіндер де тігінші деп аталатын. Ал қазіргі кезде ДИЗАЙНЕР деп атайды. Бірақ,дизайнер-тек киімге ғана емес басқа да бірқатар салаларға қатысы бар мамандық. Киімнің дизайны мен айналысатын маманды - кутюрье деп те атайды. Б.К.Сартбаевты әмбебаптық сөздігіне дизайн сөзіне эстетикалық және функционалдық қасиетті қалыптастыратын жобалық қызмет деп түсінік берілген..
Киімнің дизайнын сызғанда оның түсіне де көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Түс адамның психологиясына үлкен әсер етеді. Түс арқылы адамның психологиясын білуге де болады. Енді түс жайлы кішкене мәлімет бере өтсем: Жалпы алғанда, Түстану – түс туралы ғылым - бояулармен істес болатын, суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді. Түстану ғылымында түстерге төмендегідей сипаттамаларды береді. Барлық түстер екі топқа бөлінеді. Хроматикалық (боялған) және ахроматикалық (боялмаған). Жалпы алғанда барлық хроматикалық түс үш параметрмен сипатталады. Олар: түс реңкі, жарықтығымен және түс қанықтығымен. Ахроматикалық түстер бір - бірімен тек бір белгісі бойынша – жарықтығы (ашық - сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Адамның көзі түсті қабылдау кезінде оның түрлі қасиеті мен ассоциациасын сезінеді. Мысалы, «ауыр» және «жеңіл» түс деген ұғым. Түстерді қабылдау психологиясы-адамның түстерді теңестіру-ұқсату арқылы қабылдап, атау қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет