3 сурет 3. "Кілемшені немен жамауға болады?" әдістемесі Бұл тестінің көмегімен, аз мерзімді есте көргенінің үлгілерін сақтай отырып, оларды баланың қаншалықты іс жүзінде қолдана алатындығын анықтауға болады.
Балаға 2 кілемше,және де әртүрлі маталардың кесектері бейнеленген 4 суретті ұсыныңыз.
Бұл материяның кесектерін кілемшедегі тесіктерді жамау үшін қолдануға болады.Кілемшенің және жамаудың суреттерінің айырмашылығы болмау керек. Балаға тапсырма: "Матаның бірнеше кесектерінен(олар төменде салынған) кілемше суретіне(ол жоғарыда салынған) көбірек сәйкес келетін жамауды таңдап ал".
4-сурет 4."Шаршыны тап" әдістемесі. Тест таңдамалы қабылдау қабілетін анықтайды.
Балаға 10 төртбұрыш бейнеленген сурет көрсетіледі. Олардың арасында 5 бірдей шаршы және шаршылардан аздап айырмашылығы бар 5 төртбұрыш: тік қабырғалары көлденең қабырғаларынан аздап ұзын немесе керісінше, бұрыштарының біреуі тік бұрыштан үлкен немесе кіші (5сурет).
Балаға барлық білдей фигураларды табу және көрсету ұсынылады.
Егер бала барлық немесе барлығына жуық дерлік шаршыларды тапқан болса, оның таңдамалы қабылдауға қабілеті бар екендігін көрсетеді.
5-сурет
5. "Дөңгелекшелермен жаз" әдістемесі Фонематикалық естуін бағалау Балаға бірнеше сөздерді әріптермен емес, дөңгелекшелермен жазуды ұсыныңыз. Сөзде қанша дыбыс болса,сонша дөңгелекше болуы керек.
Мысалы, сүт сөзін үш дөңгелекшемен: ооо белгілеу керек. Баланың тапсырмвны дұрыс түсінгендігін тексеріңіз. Бұдан соң зерттеуге кірісуге болады.
Балаға сөзді дауыстап айтасыз, ал ол қағаз парағында дөңгелекшелер түрінде жазады. Сөздер жиынтығы:
АУ, ҚОЛ, АЛМА, ҚАЗАН, ЖҰЛДЫЗ, КӨКТЕМ. Тапсырманы дұрыс орындағанда жазу төмендегідей болуы керек:
ОО, ООО, ОООО, ООООО, ОООООО, ОООООО. Егер бала барлық кескінді немесе олардың төртеуін орындаса, бұл жақсы нәтиже.