Түстер жаттығуы


"Сөз-сызбаларды оқу" әдістемесі



бет3/6
Дата11.04.2023
өлшемі174,05 Kb.
#81573
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1518417426 2

6. "Сөз-сызбаларды оқу" әдістемесі
Фонематикалық естуін бағалау
Балаға жануарлар бейнеленген суретті ұсыныңыз (арыстан, тиін, сиыр, піл, мысық) және бұл сөздердің сызбалары дөңгелекшелер түрінде берілген (әр сөздегі дыбыстардың санына сәйкес)
Баланың міндеті- қандай дөңгелекшелер қай сөздерге сәйкес келетінін анықтау. Мысалы, "сиыр" сөзіне сызбада төрт дөңгелекше, ал "піл" сөзіне-үш дөңгелекше сәйкес келеді.
Егер баланың тапсырманы түсінгеніне көзіңіз жетсе, оған 6- суретті көрсетесіз де, әр жануардың суретін оған сәйкес келетін дөңгелекшелермен сызық арқылы қосуын сұрайсыз.
6-7 жасар балалар барлық байланыстарды дұрыс анықтайды.

6-сурет
7. Сақиналар әдістемесі
Зейіннің тұрақтылығын, бөлінушілігін және аударылуын анықтау
Тестіні жүргізу үшін әр жерлерінде үзіктері бар сақиналар (8-сурет) бейнеленген кесте қажет (сақиналардың көлемі жобамен әліппедегі жазба әріптердей болғаныдұрыс)
Бала зейінінің тұрақтылығын бағалау үшін белгілі бір жерінде(мысалы, оң жағында) үзігі бар сақиналарды мүмкіндігінше тез тауып, сызу керек.
2 минут ішінде 6-7жасар бала 10-11 жолды қарап шыға алады. Бірақ бірінші жолы көп қателеседі. Жаттыға келе қателер біртр-бірте азаяды да, іс-әрекет өнімділігі жақсарады.

8-сурет
8. "Цифрлық кесте" әдістемесі
Зейіннің көлемін,оның бөлінушілік және аударылу жылдамдығын анықтау ( санай білуін тексеру үшін қолданылады)
Балаға 1 ден 25 ке дейінгі еркін орналасқан сандар жиынтығынан тұратын кесте көрсетіңіз. Бала осы цифрларды білетіндігіне көз жеткізіңіз.Одан соң оған нұсқау беріңіз:Мүмкіндігіңше1 ден 25 ке дейінгі сандарды тауып, көрсетіп және дауыстап атап шығуға тырыс.
Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты, және де қателер санын белгілеп отырыңыз.
6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1,5-2 минут ішінде және қатесіз орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет