мазмұн
мақсат
Мұғалім
әрекеті
Оқушы
әрекеті
Нәтиже
Мақсат біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті болып табылады, өйткені мақсатқа байланысты процестің мазмұны және оны іске асырудың формалары мен әдіс-тәсілдері таңдалады.
3. Біртұтас педагогикалық процестің дамуы, алға жылжуы объективті және субективті қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты, яғни біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар.
Қарама-қайшылықтар
Субъективті
қарама-қайшылықтар
Объективті
қарама-қайшылықтар
Объективті қарама-қайшылықтарға жатады:
тәрбиеленушілердің реалды мүмкіндіктерінің қоғам талаптарына сай болмауы (бірақ егер талаптар тым жоғары немесе тым төмен болса, олар оқушының дамуын қамтамасыз етпейді);
баланың белсенді-әрекетік табиғаты мен оның өмір сүруінің әлеуметтік-педагогикалық жағдаймен сай болмауы (яғни баланың дамуына сай жағдайдың ұйымдастырылмауы);
қоғамдық өмірдің күрделілігі мен баланың оларды түсінуге тәжірибесінің аздығы арасындағы қайшылық;
ақпараттың қарқынды ағылуы мен педагогикалық процестің мүмкіншіліктері арасындағы қайшылық;
қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның қажеттіліктері арасындағы қайшылық және т.б.
Субъективті қарама-қайшылықтарға жатады:
тұлғаның тұтастығы мен оны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процестің біржақтылығы арасында (яғни педагогикалық процестің оқытушылық сипатта болуы, ал тұлғаны жан-жақты қалыптастыру үшін тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету керек);
тұлға дамуының дербес шығармашылық процесі мен педагогикалық процесті бұқаралық-репродуктивті ұйымдастырылуы арасындағы қайшылық;
тұлғаның азаматтық қалыптасуында гуманитарлық пәндердің ролінің өсуі мен педагогикалық процесті технократизациялау арасындағы қайшылық және т.б.
4. Педагогикалық өзара әрекеттесу педагогикалық процестің негізгі сипатамасы болып табылады. Ол «субъект-субъектілік қатынастармен» сипатталады, яғни мұғалім де, оқушы да педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болып табылады, бір-біріне әсер етеді.
Педагогикалық өзара әрекеттесу, «субъект-объектілік қатынастармен» сипатталатын педагогикалық әсер етуден әлдеқайда кең ұғым.
Педагогикалық өзара әрекеттесу өзіне келесі өзара әрекеттесулерді қамтиды: «оқушы - оқушы», «оқушы - ұжым», «оқушы - мұғалім», «оқушы – меңгеру объектісі». Педагогикалық процестің негізгі қатынас, ол «педагогикалық әрекет – тәрбиеленуші әрекеті». Осы процестің нәтижесін анықтайтын негізгі қатынас «оқушы – меңгеру обектісі». «оқушы – мұғалім қатынасы» мұғалімнің оқушының белсенді әрекетін басқаруымен сипатталады, оның барысында оқушы әрекет тәсілдерін меңгере отырып, оның тұлғасы өзгеріске ұшырайды, яғни дамиды.
Педагогикалық әсер ету
Достарыңызбен бөлісу: |