Тұтынуға салынатын салықтар: акциздер



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі88 Kb.
#52068
  1   2
Байланысты:
Aktsizder


Тұтынуға салынатын салықтар: акциздер
1. Акциз салығының экономикалық мәні, төлеушілері және акцизделетін товарлар
2. Акциз салығының ставкалары
3. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу тәртібі
4. Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі
5. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу тәртібі


1с. Акциз латынның "ассiido" деген сөзі, кесіп алу, кесіп тастау деген мағынаны білдіреді, яғни тұтынудың бір бөлігін "кесіп алады". Мемлекет акциздерді қазыналық кірісті молайту үшін, жекелеген тауарлар түрлерін пайдалануды шектеу үшін және осы мақсатты үйлестіру үшін енгізеді.
Акциз – тауардың бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жеке жанама салық болып табылады және кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне еш ықпал етпейді, себебі салықтың ақырғы төлеушісі болып акцизделетін тауардың тұтынушысы табылады. Акцизделетін тауарлар тізіміне бірінші қажеттіліктегі өнімдер болып табылмайтын тауарлар енгізілген (алкогольді өнімдер, темекі бұйымдары, жеңіл көліктер және т.б.), яғни акциздер ерекше қасиеттеріне қарай бағасы монополиялы түрде жоғары және сұранысы тұрақты тауарларға салынады. Сондай-ақ тауар өндірушілер алған үстеме пайданы мемлекеттік бюджеттің кірісіне алу үшін жоғары рентабельді (сән-салтанат) тауарларына салынады.
Акциз тек тауарларға ғана емес, сол сияқты кейбір қызмет түрлеріне салынады, бұл жағдайда салық тарифке енеді. Акциз Қазақстан Республикасында өндірілген және оның аумағына импортталған акцизделетін тауарларға және ойын бизнесі мен лотерея ұйымдастыру мен өткізуге салынады. Акциздің басқа жанама салықтардан ерекшелігі сол, ол жоғары табысы бар тұлғаларға салынады.
Әйтсе де, акцизді тек «байлардың салығы» деп атауымыз дұрыс емес, себебі темекі өнімдерін, алкогольдік ішімдіктерді тек ауқатты адамдар ғана тұтынбайды, екіншіден акциз белгілі бір қызметтерге де салынады. Сондай-ақ, элиталы тауарлардың барлығы акцизделетін тауар болып табылмайды.
Бүгінде Қазақстанда акцизделетін тауарлар мен қызметтің келесі түрлері қолданылады:
1) спирттiң барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) темекi бұйымдары;
4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
5) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;
двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);
двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
6) шикi мұнай, газ конденсаты.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.
Мыналар:

  • ҚР аумағына акцизделетін тауарлар шығаратын;

  • акцизделетін тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын;

  • ҚР аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;

  • егер ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

Акцизделетін тауарлардың саны мен көлемі жыл өткен сайын ықшамдалып келеді.
Акциздер халыққа арналған жоғары рентабельді өнімдер мен тауарларға белгіленеді. Акциз алынатын тауарларға, әдетте, мынадай ортақ белгілер тән: оларға деген сұраныс халық табысының деңгейіне тікелей байланысты емес.
Мемлекет бұл салықтарды сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін, сол сияқты мемлекеттік бюджетті толтыру үшін пайдаланады.


2с. Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.
Акциз сомасын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:



Рет №

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1.

80 көлемдiк пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медицина мекемелеріне берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/
литр

2.

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт
750 теңге/
литр

4.

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

60 теңге/
литр

5.

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт
75 теңге/
литр

5-1.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр



6.

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт
1200 теңге/литр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет