Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет5/22
Дата03.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#78823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Ò?òû?ïàñû áàð áàëàëàðäû? ?àðûì-?àòûíàñòû? ñ?éëåó ?ðåêåò³í ?àëûïò

Сөйлеу дірілдер түрі

Форма бойынша

Жиілігі бойынша



локализациясы бойынша

Күрделі дыбыстарды айтқанда





та-та-тақта



Артикуляциялық



тоникалық



Дауыстық

Сөйлеу тілдің түріне қарай





т-ақта

Демдік



аралас



Жағдайға қарай


клоникалық



Аралас


та-та-т-ақта




Сурет 1. Тұтықпаның симптомдары.


Тоникалық діріл кезінде қысқа немесе бұлшықеттерінің спазматикалық қысқаруы байқалады: «т-ақта» (әріптен кейінгі сызық сәйкес дыбысты дірілдеп ұзақ айтуды білдіреді).


Клоникалық діріл кезінде бір дірілдік қимылды бірнеше рет бірден қайталау байқалады: «та-та-тақта».
Осылайша барлық демдік – дауыстық - артикуляционды аппарат зақымдалады.
Сөйлеу мүшелерінің бір немесе бірнеше жерінде дірілдің болуына байланысты діріл демдік, дыбыстық, артикуляционды деп бөлінеді.
Тұтығу кезіндегі демалу бұзылысының 3 түрін ажыратады: эксперименталды (дірілдік дем шығару), икспираторлы (дірілдік дем алу), респираторлы (дірілдік дем алу, дем шығару, кейде сөз үзіліп қалады).
Артикуляциялық апаратта болатын дірілдер- еріндік, тілдік және жұмсақ таңдайлық. Олар көбінесе дауыссыз, қатаң дыбыстарды (к, г, п, б, т, д) айтқанда; сирек және аз күшпен-қуыстық дыбыстарды айту кезінде байқалады.
Экспрессивті сөйлеу кезінде тұтығатын балаларда фонетика-фонематикалық және лексико-грамматикалық бұзылыстар байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы фонетика-фонематикалық бұзылыстың таралуы 66,7%, кіші мектеп жасындағылар арасында – 43,1%, орта жастағылар - 14,95% және үлкен мектеп жсындағылар арасындағы - 13,1% құрады.
Тұтығудың байқалуына әр түрлі сөздік және жалпы моторикалық бұзылуы тән.
Амал-айлаға тұтығатын бала өзінің сөйлеуін жасыру үшін немесе жеңілдету үшін қолданатын қосымша қимылдар жатады.
Жалпы моторлы күйзеліс, қозғалыстың шектеулілігі, тежелгештік, еріншектік немесе дискординаия жиі кездеседі.

  1. Әлеуметтік (психологиялық) симптомдар.

Жүйке бұзылысының туындауының негізгі себептерінің бірі өз кемістігінен қысылу,өзін толық жетілмеген болып сезінуі. Кемістігінен неғұрлым көп көңіл бөлсе, соғұрлым ол тұрақты бола береді.

  1. Фиксацияның нөлдік деңгейі.

Балалар кемістігін мойындамаудан еш қысылмайды немесе оны мүлде байқамайды. Ұялу, қысылу элементтері, өзінің дұрыс емес сөйлегенін айтқан адамға өкпелемейді, өз кемістігін жоюға ешқандай талпынбайды.

  1. Ауру фиксациясының орташа деңгейі.

Үлкен жастағы жоғары сыныптағы жасөспірімдер мен оқушылар өз кемістігінен ұялады, жасырады, әр түрлі амалдарды қолданады, қарым-қатынасқа өз түседі. Олар өздерінің тұтығатындығын біледі, адам ыңғайсызданады, өз кемістігін жасырып қалуға тырысады.

  1. Фиксацияның анық, байқалатын деңгейі.

Өз кемістігіне байланысты уайымдары өзін үнемі кеміс сезіну жағдайымен бірігеді. Бұл көбінесе жасөспірімдерде болады. Олар сөйлеу сәисіздіктеріне көп көңіл бөледі, оны қатты уайымдайды, сөйлер алдында, адамдар қасында, кездескен жағдайлардан қорқады.
Тұтығудың 3 деңгейін ажыратады:

  1. жеңіл түрі - тек ашуланған жағдайда және тез сөйлеуге тырысу кезінде ғана тұтығады. Мұндай жағдайда оны оңай жеңеді, тұтығатын бала сөйлей береді, олар өз кемістігінен ұялмайды;

  2. орташа түрі - қалыпты жағдайда және өзі үйренген орташа оңай сөйлейді және аз тұтығады. Эмоционалды жағдайда қатты тұтығады.

  3. Ауыр түрі - үнемі, сөйлеген сайын тұтығады, қосымша қимылдар байқалады.

Тұтықпаның болуының мынадай типтері бар:

  • үнемі болатын тип (тұтықпа пайда болғаннан бастап сөйлеудің кез-келген түріне, әр түрлі жағдайда бола береді;

  • толқын тәріздес (тұтығу біресе күшейеді, біресе басылады, бірақ аяғына дейін жоқ болып кетпейді);

  • рецидивті (тұтығу жоғалып кетеді де қайта пайда болады, яғни рецидив пайда болады);

Авторлардың көбісі тұтығудың патогенезін зерттегендер тұтығатын адамдарда әр тұрлі вегетативті бұзылыстардың болатынын айтады. М.Зесманның ойынша тұтығатындардың 84℅ вегетативті дисфония болады. Тұтығатындардың 100℅-ының 20℅-ында қан қысымы жоғары болады және экстрапирамидальды бұзылыстар кездеседі. 100℅ жағдайда оларда мидроз (көз қарашығының үлкеюі) байқалады, қалыпты сөйлейтін адамдардың көз қарашықтары сөйлеу кезінде өзгермейдң немесе керісінше кішірейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет