Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары


Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың негізі



бет8/22
Дата03.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#78823
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Ò?òû?ïàñû áàð áàëàëàðäû? ?àðûì-?àòûíàñòû? ñ?éëåó ?ðåêåò³í ?àëûïò

1.3 Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың негізі

Мектеп алды және мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстар әдістемесінің авторлары Н.В. Власова мен Е.Ф. Рау балалардың сөйлеулерінің еркін болу деігейіне қарай сөздік жаттығулардың өсу ретін құрастырды.


Н.А. Власова мектепке дейінгі жастағы балалармен сабақ барысында сатылап қолдану ретіндегі сөйлеудің жеті түрін ажыратады:
1. еліктеп сөйлеу;
2. артынан қайталап сөйлеу;
3. таныс сурет бойынша сұраққа жауап беру;
4. таныс суреттерді өз бетінше суреттеп беру;
5. естіген ша,ын ертегінің мазмұнын айту;
6. кенеттен сөйлеу (таныс емес сурет бойынша әңгіме құрау);
7. қалыпты сөйлеу (әңгімелесу, өтініш және т.б.)
Е.Ф. Раудыі ойынша «жүйелі жоспарланған сабақтар еркінірек, ритмикалық, бәрқалыпты және мәнерлі етуге болады және дыбыстайтудың бұзылуын жойып нақты дұрыс артикуляция қалыптастыруға болады». Тұтығатын балалардың сөйлеу тілін түзету бойынша жүргізілетін барлық сабақтар қиындау деңгейіне қарай 3 кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңде үйренген тіркестерді, тақпақтарды бірге айту жаттығулары ұсынылады. Декломация кезеңінен қолданылады.
Екінші кезеңде балалар суреттерді сұрақ бойынша ауызша суреттеп беруге, суреттер сериялары бойынша құрастырып беруге, логопед оқып берген әігіменің немесе ертегінің мазмұнын айтып беруге жаттығады.
Үшінші, қорытынды кезеңде балаларға үйренген сөйлеу дағдыларын айналасындағы балалармен және ересектермен ойын барысында, сабақ кезінде және балалар өмірінің өзге де сәттерінде еркін сөйлесу арқылы нақтылауға мүмкіндік береді.
Н.А. Власова мен Е.Ф. Раудың әдістерінің негізінде балалардың сөйлеуінің өз беттілігінің әр алуан деңгейлері қаланған. Бұл авторлардың жазған еңбектері айтарлықтай. Өйткені олар кішкентай балалармен жүргізілетін жұмыста сөйлеу жаттығуларының сатылы бірізділігін алғаш болып ұсынып, оны қолданды, мектепке дейінгі тұтығатын балалардың сөйлеуін түзету жүйесінің кезеңдереріне нұсқаулар жасады. Көп жылдар бойы ұсынылған бұл әдіс тұтығатын балалармен жүргізілетін тәжірибелік жұмыстардың ішіндегі ең танымал және тиімдісі болып саналады. Қазіргі уақытта логопедтер оның элементтерінің көбісін қолданады.
Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалармен жүргізілетін қол еңбегі әрекеті процесіндегі түзету жұмысының ерекше жүйесін Н.А. Чевелева ұсынды. Автордың ойынша баланың біріктіріп сөйлеуінің дамуы жағдайлық сөйлеуден (тәжірибелік әрекетпен, көрген жағдаймен тікелей байланысты) коктекстілі сөйлеуге (өткен бұрынғы оқиғалармен, заттармен, олашақ әрекеттермен) өту жолымен жүзеге асады, сдан кейін мектепке дейінгі кезең кезінде сөйлеудің жаңдайлық және контекстілі түрлері бірге жүреді (С.Л. Рубинштейн, М.А. Леушина). Сондықтан тұтығатын балалармен жүргізілетін сөйлеу жаттығуларының бірізділігі біртіндеп сөйлеудің көрнекі жеңіл түрінен жан-жақты, контекстілі пікірлерге өтумен ұарастырылады және оған келесі түрлер енеді: ілеспелі, қорытынды, алдын алушы.
Сөйлеу тілін біртіндеп қиындату жүйесі жұмыстың жеке элементтерінің санын көбейту арқылы іс-ірекет нысандарын сатылап қиындатуды қарастырады. Бұл жүйе 5 кезеңмен тұрады: Пропедевтикалық. Негізгі мақсат - балаларға ұйымдастырушылық дағдысын, логопедтің логикалық жағынан нақты айтылған сөзін тыңдауға, балалардың өздерінің сөйлеуін уаұытша шектеуге үйрету.
Ілеспелі сөйлеу. Бұл кезеңде өздері жасап жатқан әрекеттермен сәйкес өз беттерінше сөйлеуге мүмкіндік беріледі. Сөйлеудіғ көбінесе жағдайлық жағын көру қабәлеті өамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол логопедтің сұрағының өзгеруіне байланысты күрделенеді.
Қорытынды сөйлеу-балалар аяқталмаған жұмысты және оның біткен бөдлігін суреттеп береді. Баланың әрекеті мен жасаған ісі бойынша берген жауабы арасындағы интервалдарды реттеу арқылы қорытынды сөйлеудің әр алуан күрделі түрлері жүзеге асады. Көру қабілетін біртіндеп азайту контекстіні сөйлеуге өтуге мүмкіндік береді.
Алдын алушы сөйлеу- балалар өздерінің не істейтіндерін алдын-ала айтып береді. Оларда көрнекі құралсыз сөйлеуді қолдану дағдысы, өз жұмысын жоспарлауға, істеу керек болып тұрған әрекетті атап, түсіндіру дағдысы дамиды. Тіркестік сөйлеу қиындайды: балалар мағынасы жағынан байланысы бар тіркестерді атайды, күрделі құрылымды тіркестерді қолданады, өздерінше әігәме құрастырады. Бұл кезеңде оларды логикалық жағынан ойлауға өз ойын бірқалыпты және грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуге, сөздердің нақты мағынасын қолдануға үйретеді.
Өз бетінше сөйлеу дағдысын бекіту балалардың сол немесе басқа әрекетінің жасалу барысы жөнінде әңгімелеуін, әрекеті туралы сұрақтар мен жауаптарын, қалаулары бойынша пікір білдірулерін және т.б. қарастырады.
С.А. Миралова мектепке дейінгі жастағы балаларда тұтығуды жоюдығ балабақшаның орта, жоғары және дайындық топтарында мынадай тараулары: «Айналамен танысу», «Тіл дамыту», «Қарапайым математика», «Сурет салу», «Жабыстыру», «Құрастыру» бойынша бағдарламаларда өту кезіндегі жүйесін ұсынды.
Автор логопед түзету жұмысының біртіндеп күрделенетін 4 кезеңі ағымында шешілетін бағдарламалық және түзету міндеттерін қояды.
Бірінші кезеңнің түзету міндеттері барлық сабақтарда қарапайым сөйлеуді қолдану дағдысына үйрету. Сөздікпен жұмыс жасау маңызды орын алады: сөздікті көбеуйту, сөйлеудің мағыналарын нақтылау, енжар сөздік қорын белсендендіру. Логопед өзінің сөйлеуіне жоғары талап қойылады: сұрақтар нақты, сөйлеуі бірнеше шақты, анық тіркестерден тұрады, әігімелеу көрнекі, құралдарды көрсетумен қатар жүреді, темпі бояу, бірқалыпты.
Екінші кезеңнің түзету міндеттері жаңдайлық сөйлеу дағдысын бекітуді, біртіндеп қарапайым контекстілі сөйлеуге өтуді, логопедтің сұрақ қоюмен және онсыз әігәмелесуге үйретуді қарастырады. Тіркеспен жұмыс жасау үлкен орын алады: қарапайым, жайылма тіркестер, сөз тіркестерін құрау, олардың грамматикалық құрылымы құрамдас сөйлеулерді құрастыру, әігәме құрауға өту. Бағдарламалық материалды оқудың бірқалыптылығы өзгереді. Егер бірінші кезеңде барлық сабақтарда балалар бір затпен ғана танысса, екінші кезеңде заттар қайталанбайды.
Үшінші кезеңнің түзету міндеттері сөйлеудің үйренген түрлерін қолдануды және өз бетінше контекстілі сөйлеуді меңгеруден тұрады. Көбінесе өз бетінше әңгіме құрастыруға көп көңіл бөлінеді: көрнекі құралдар бойынша логопедтің сұрақтары бойынша өз бетінше. Балалардың сөйлеудің контекстілі түрін қолдануы көбейеді. Үшінші кезеңде оқудың бірінші кезеңіне тән бағдарламалы баяу оқудың ұажеттілігі жоғалады және сабақтар жалпы балабақша деңгейіне жақындайды.
Төртінші кезеңнің түзету міндеттерінің күрделілігі әр алуан өз бетінше сөйлеу дағдыларын қолдануын бекітуге бағытталған. Шығармашылық әігімелерге көп назар аударылады. Сонымен бірге сөздік қорын молайту, оқытудың бастапқы кезеңдерінде басталған сөз тіркестерін жетілдіру жалғасады. Сөйлеу кезінде балалар логопедтің сұрақтарына, өз ойларына сүйенеді, пікірлерін айтады, қорытынды жасайды. Көрнекі құралдар мүлдем қолданылмайды. Логопедтің сұрақтары балалардың өздері ойлап тапқан жұмыс процесіне байланысты болады. Түзету жұмыстарына айтылып жатқан сюжеттің логикалық бірізділігін сақтауға, қосымша түсінік бере алуға бағытталған.
Н.А. Чевелева мен С.А. Миронованың әдістері тұтығатын балаларды біртіндеп еркін сөйлеу дағдысынг меңгеруге үйретуден тұрады:Ү сөйлеудің қарапайым жағдайдың түрінен контекстілі түріне дейін (идея Р.Е. Левинаныңкі). Бірақ Н.А. Чечелева мұны балалардың қол еңбегін дамыту кезінде жасаса, С.А. Миронова – балалабақша бағдарламасының әр алуан тарауларын өту кезінде жасайды. Тұтығатын балалармен жүргізілетін түзету және тәрбиелеу жұмыстарының мәндеттерін біріктіру принципін логопедиялық тәжірибе барысындағы дұрыс және қажетті процесс деп санаған жөн.
В.И. Селиверстовтың әдісі балалармен медициналық мекемеде жұмыс, істеуге арналған (амбулаторлы ж»не стационарлы жағдайда) және логопедиялық жұмыстың әр алуан тәсілдерін бір уақытта қолдануды ұсынады. Автордың ойынша логопедтің жұмысы әрқашан шығармашылықты талап етеді, сондықтан әрбір нақты жағдайда тұтығуды жеңу үшін жақындау қажет.
Еркін сөйлеудің деңгейі мен әр бір нақты жағдайда тұтығудың байқалу ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу жаттығуларының түрлері мен міндеттері топтағы логопедиялық жұмыс жағдайында әр бір бала үшін ерекшеленеді.
Логопедиялық сабақтардың міндетті шарты «балабақшадағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының» барлдық тарауларымен байланысты болуды және ең бастысы мектепке дейінгі жастағы баланың әрекетінің негізгі түрі болып саналатын ойын әрекетімен байланысты.
Оқыту мен тәрбиелеудің психолого-педагогикалық әдістерінің мағынасы Г.А. Волкованың әдістемесінде кеңінен қарастырылған.
2-7 жас аралығындағы тұтығатын балалармен жүргізілетін жұмыстың кешенді жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:
- ойын әрекетінің әдістемесі (ойын жүйесі)
- логоритмикалық сабақтар
- тәрбиелік сабақтар
- балалардың микро»леуметтік ортасында әсер ету.
Логопедиялық сабақтардың мазмүнынан тұратын ойындар жүйесі келесі ойындардан тұрады: дидактикалық, сазды ойындар, қимыл-қозғалыстық және ережелі ойындар, тақпақ немесе әігіме негізінде құрылған драмалық ойындар, үстел тенисі, саусақ театры, логопедтің және балалардың өздері ұсынған шығармашылық ойындар. Балалармен жұмыс кезінде ең алдымен ойын әрекеті принципә жүзеге асады.
Шартты түрде келесі кезеңдерге бөлінеді: балалардың сөйлеу тілінің шектелуін, сұрақ-жауаптың сөйлеуін, әр-түрлі жағдайларда балалардың өз бетінше тілдесулерін зерттеу (шығармашылық ойындарда, сабақта, отбасында, қоғамдық орындарда). әрбір сабақ балабақшаның бағдарламалық материалын ескере отырып жасалады және түзету, дамыту, тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталады. Сабақтардың барлық бөлігі бағдарламалық мазмұнда болатындай етіп құрастырылады.
2жастан 4 жасқа дейінгі және 4 жастан 7жасқа дейінгі тұтығатын балаларға қатысты құрастырылып жатқан әдістің бағыты әр-түрлі. Бірінші жағдайда тек түзету, дамыту міндеттері сияқты тәрбиелік міндет те тұрады. Бұл жастағы логопедиялық жұмыс алдын-алу сипатта болады.
4 жас пен 7 жас аралығындағы тұтығатын балалармен жұмыс кезінде логопедиялық әсер етудің түзетуге бағытталуы маңызды орын алады, өйткені жеке даму кезінде қалыптасқан тұлғалық ерекшеліктер тұтығатын баланың сөйлеу «рекетіне әсер етеді және кемістіктің құрылымын анықтайды.
Ойын әрекетінің әдістемесі тұлғаны кемістікті жоюға тәрбиелеуге бағытталған.
Тұтығатын балалармен логопедиялық жұмыс кезінде (И.Г. Выготский, Е.Л. Пеллингер, Л.П. Успенский) ойындар мен ойын амалдары логопедиялық әсер етудің кезеңдеріне сәйкес тынықтыру жаттығуларын өткіәзу үшін қолданылады: ұндемеу режимі; дұрыс демалу; қысқа тіркестермен тілдесу; толық тіркестерді белсендендіру; еркін қарым-өатынасқа түсу.
Логопедиялық сабақтардың сөйлеу материалдарымен мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуді сатылап үйрену жағдайында меңгереді: буындап айтудан бастап таныс суреттерді атап суреттеуге дейін, естіген шағын әңгіменің мазмұнын айтуға, тақпақ айтуға, таныс суреттер бойынша сұраққа жауап беруге, баланың өмірінен үзіліс айтуға, мереке туралы айтуға және т.б. дейін; сөйлеуді сатылап түзету жағдайында үндемеу режимінен ойын әрекетінің көмегімен шығармашылық пікір білдіруге дейін;
Логопед тұтығатын балалардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес танымал әдістерді қолдана отырып логопедиялық сабақтарды қызықты етіп құрастыруға құқысы бар және міндетті тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балаларға логопедлиялық жағынан әсер етуге негізделген әдістемелер жалпы балалақшаларға міндетті құжат ретінде және арнайы балабақшалар мен топтарға да міндетті құжат ретінде «Балаларды балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасына» сәйкес жасалған әдістемелер логопедиялық жұмыстың «Балаларды балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы» шеңберінде үйымдастырылуына бағытталған, өйткені ең соңында тұтығатын балалар дұрыс сөйлеу дағдысын меңгергеннен соң қалыпты сөйлейтін құрдастарымен бірге оқып, тәрбиеленеді. Сөйлеу бұзылысына және онымен байланысты ауытқуларға, психикалық қызметтің қалыптасуына бағытталған логопедиялық әсер ету тұтығатын балаға қалыпты сөйлейтін құрдастары мен ересектер арасында әлеуметтік жағынан бейімделуіне көмектеседі.
Тұтығатын балаға кешенді түрде әсер етудің қажеттілігін мойындай отырып, тұтығатын баланың сөйлеуіне, тұлғалық дамуына дифференциалды тұрде жақындайдың маңыздылығын атап өту керек. Бұл түрде көбінесе мектепке дейінгі жастағы балалардың жетекші әрекеті – ойын әрекетін қолдану тиімді.
Ойын әрекеті балалардың жасына, олардың ерекшеліктеріне, тұтығудың байқалу деңгейіне, түзету жұмысының кезеңдеріне байланысты қолданылады.
Бұл әдіс ең алдымен тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балалардыі әлеуметтік бейімделуіне өажетті еліктеушілік, ашықтық, белсенділік сияқты тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған. Бұл әдіс сабақтан тыс кезде дұрыс сөйлеуді қамтамасыз ететін логопедиялық және тәрбиелік жұмыстар арасындағы тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Балалар әр алуан ойындар жүйесінде өмірлік құбылыстар мен адамдар арасындағы қатынастарды меңгереді. өзара қатынастардың меңгерілген түрлері балалардың сөйлеуін түзетуге және кемістікті жоюға жол береді.
Тұтығуды жою жүйесік 5 кезеңнен тұрады:

    1. кезең – пропедевтикалық

    2. кезең – еліктеп сөйлеу

    3. кезең – артынан қайталап сөйлеу

    4. кезең- сұрақ-жауаптық

    5. кезең - өз бетінше біртіндеп сөйлеу дағдысын және балалардың еркін тілдесі мүмкіндігін бекіту.

Олардыңі әр қайсысына тоқталайық. Логопедиялық жұмыстың әр-түрлі кезеңіндегі сабақтар мазмұны.
Сабақ алдында логопед тексеру жүргізеді: ол 1 ай бойына жалғасады. Логопед тәрбиешімен бірге балаларды топта және сабақтарда бақылайды, сөйлеу бқзылысының құрылымын, тәртібін,балалардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтайды.
Бқл кезеңнің негізгі міндеті –логопедиялық топта ынтымақты балалар ұжымын қалыптастыру. Балалар ұжымын қалыптастыру балаларға сөйлеу тобындағы ережелер мен талаптарды түсіндіруден, тыныш бірігіп ойлайтын ойындарды ойнауға үйретуден, әр бір балаға жағымды атмосфера құрудан басталады.
Тұтығатын балаларды ересектерді мұқият тыңдап, олардың талаптарын орындауға үйрету керек.
Ұжымды құру барысында балалардың ерекшеліктерін, олардың мінез құлықтарын анықтап, ойын, әңгіме кезінде ауытқуларды біртіндеп түзетеді. Егер топта тыныш жағдай қалыптастырмаса балаларды бірге ойнауға үйрету мүмкін болмайды. Бір-бірімен сөйлескендері дұрыс тұлғалық ауытқуларды түзетпеу керек. Әйтпесе сөйлеу әрекетін түзету жұмысына өту мүмкін болмайды.
Логопед пен тәрбиеші әр қайсысы өз сабағында келесі түзету міндеттерін шешеді: бір орында отыру, назар аудару, еліктеушілік тәрбиелеу, ойын ережелерін орындауға үйрету, логопедиялық ритмика элементтеріне үйрету; дыбыс айту бұзылыстарын түзету, сөйлеудің лексико-грамматикалық жағын, фонематикалық процесстерді дамыту.
Сабақ кезінде дидактикалық ойындар сазды ойындар, драматизацияланған ойн элементтері, қимылды ойындар қолданылады. Түзету міндеттерін шеше отырып логопед балалардың тәртіп ерекшеліктерін, моториканың бқзылу деңгейін және т.б. анықтайды.
Тексеру кезеңін аяқтай келе логопед сәйкес құжаттарды реттейді: №1 дәптер- әр бір балаға арналған сөйлеу картасы; №2 дәптер- логопед пен тәрбиешінің жұмысының байланысы үшін; №3 дәптер- логопед сабақтарының күнделікті және апталық жоспарларына арналған жұмыс дәптері; №4 дәптер - әр бір баланың үй жұмысын жазып беруге араналған дәптер; №5 дәптер – логопед балалардың әр-түрлі ойыннан тыс әрекеттерін белгілеп отыратын, әр бір балаға арналған күнделік; жылдық жоспары, тәрбиешілермен бірге ата-аналар бұрышын жасайды, педагогикалық кеңес пен ата-аналар жиналысын дайындап өткізеді.
Тексеру кезеңінде тұтығатын балаға кешенді түрде жақындау жүзеге асады.: оны логопед тексереді; спхолого-педагогикалық бақылауды мекеменің тәрбиешісі психолог пен әдіскері жүргізеді; тұтығатын баланы психоневролог педиатр, отиларинголог, окулист және басқа да дәрігерлер мұқият тексереді.
Тексеруден кейін ұйымдасқан ата-аналар жиналысы өткізіледі. Онда балалардың логопедиялық және психолого-педагогикалық мәнездемесін айтылады, оларға кешенді емдік-сауықтыру және педагогикалық әсер ету қажеттілігі түсіндіріледі, ойын әрекеті мен балабақша да және үй жағдайында сөйлемеу режимі мен сыбырлап сөйлеу режимін өткізу үшін дайындық шараларының мазмұны түсіндіріледі.
Сөйлеуді тежеу кезеңінде келесі міндеттер анықталады (сөйлеу мен сыбырлап сөйлеу режимі): балаларға тыныштандыру жаттығуларды, артикуляциялық гимнастиканы, логопедиялық ритмиканы қолдану арқылы жалпы ерікті моторика мен беттің бұлшықеттерін түзету; сөйлеу кезіндегі дем алуды түзету-ұзақтылығын дамыту арқылы естіп қабылдауы мен естіп есте сақтауын, көру қабылдауы мен көріп есте сақтауын, ерікті қимылын дамыту; ойындарға, ойын ережелеріне шығармашылық ойындардың элементтеріне үйрету; тіркеспен жұмыс; тақырып бойынша сөздік қорын белсендендіру мен толықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет