Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет12/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Сыбырлап сөйлеуге біртіндеп өтеді (10 күн). Балалар, балабақша мен үйдегі ересек адамдар сыбырлап сөйлейді. Бұл кезең жауапты және қиын кезең. Егер логопед немесе тәрбиеші балалар ұжымын игере алмаса балаларды өзін тыңдауға және талаптарды орындауға үйрете алмаса, онда бұл кезеңді өткізу мүмкін емес. Балалармен тілдесу кезінде логопед әр алуан музыкалық сигналдарды қолданады. Дыбыстық сигналдар қатты болмауы тиіс, мысалы барабанның жай соғылуы кезінде балалар сапқа тұрады, сыбыртқының даусы шыққанда логопедке назар аударады және т.б. балаларда кеңістікте бейімделу, назар аудару, төзімділік, бір орында отыру сигналға өз уақытында әсер ету, тынышталу қасиеттері қалыптаса бастайды. Шығармашылық ойындар шектеледі, өйткені шығармашылық ойын кезіндегі еркін тілдесу дауыс көтеріп сөйлеуге әкелуі мүмкін. Ойындарды тек логопед қана жоспарлап жүргізеді.

Сыбырлап сөйлеу (10 күн). Сыбырлап сөйлеуді жалғастыру кезінде дұрыс демалу мен тынышталу дағдылары бекиді. Санамақтарды, тақпақтарды, қатаң дауыссыздарды сыбырлап айту қолданылады. Дем алғаннан кейін балалар ір түрлі ойыншықтармен мозайкалармен, құрастырғыштармен тыныш отырып ойнайды. Жеке логопедиялық сабақтар сөйлеудің дыбыс мәдениеті мен дыбыссыз ойналатын ойындар кезінде жетілдіруге бағытталған.



Екінші кезең



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет