Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары


Мектепке дейінгі балаларда тұтығудың пайда болу белгілері



бет9/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
1.2 Мектепке дейінгі балаларда тұтығудың пайда болу белгілері
Тұтығу сөйлеу аппаратының бұлшықеттерінің дірілдік жағдайымен шартталған ауызша сөйлеудің бірқалыптылығының, ритм мен темпінің бұзылысы ретінде қарастырылады. Бұл бұзылыс әдетте сөйлеу қызметінің қарқынды түрде қалыптасуы кезінде туындайды. Мектепке дейінгі жаста пайда болған тұтығу өзіндік сөйлеу патологиясы ретінде есептеледі. Өйткені бас миының органикалық генезінің паталогиясы кезінде немесе жүйкелік-психикалық бұзылыс барысында болатын симптоматикалық немесе «екіншілік» тұтығуға қарағанда ол өз бетінше туындайды (Н.А. Власова 1974, Н.М. Асатиани, Л.И. Белякова, И.О. Калагева 1978 жж және т.б.).

Әдебиеттерден алынған мәліметтер бойынша тұтықпамен 2℅ жуық балалар, 1,5℅ ересек адамдар зардап шегеді. (С.В. Меньшикова 1999 ж, В.И. Селиверстов 2000 ж). Тұтықпамен ауыратын балалардың арасында қыздар мен ұл балалардың қатынасы 1\3 - 4-ке қатынасын құрайды (Л.М. Белякова, Е.А. Дьякова 1998ж). Есейген сайын тұтығу азаяды немесе мүлде жойылып кетеді, бірақ кейбір науқастарда ол қалып қояды және ер кісілерде әйелдерге қарағанда жиі кездеседі (Л.Я. Миссуловин 1979, Б.Д. Карвосарский 1990 ж).

Тұтығу кең таралған сөйлеу бұзылысы болып саналады. Ол баланың сөйлеу тілі белсенді дамып келе жатқанда пайда болады да, болашақта оның тұлғалық қасиеттерінің дамуына кедергі келтіріп, баланың әлеуметтік бейімделуін қиындатады.

Тұтығу қалыптасып келе жатқан тұлғамен тығыз байланысты болғандықтан, оны тұлғаның ерекшеліктері мен қызметі құрылымы ретінде қарастырады. Тұтықпа кезінде тұлғаның дамуы еркін жүрмейді және бқл оның бұрмалауына алып келеді.

Жеке тұлға қоғамнық қатынастардың бірлестігі болып саналады, ол өзін басқа адамдармен бірігіп жұмыс істеу кезінде, қарым-қатынасқа түсу арқылы көрсетеді. Кейбір тұтығатындарда кемістігіне байланысты қоғамдық қатынастар бқзылған болса, ол кейбіреулерінде ол тіпті қалыптаспаған. Тұтығатын балалардың тілдесуін, еліктеуін өз беттілігін, белсенділігін, олардың ойын әрекетінің сипатын зерттегенде тұтығатын баланың жеке тұлғалық дамуы дұрыс болмайтынын дәлелдеді. Сондықтан тұтықпаны дизонтогенездің кұрделі симптомокомплексі ретінде қарастыру керек.

Тұтығудың байқалу деңгейін әдетте тұтығатын баланың сөйлеуіне қарап анықтайды. Сонымен қатар қарым-қатынасқа түсуін әрекет ету ерекшелігін ескере отырып кемістіктің деңгейін мфынадай етіп қарастыру керек. Жеңіл деңгейі-балалар кез-келген жағдайда таныс емес адамдармен қарым-қатынасқа түседі, топтық ойындарға қатысады, тапсырмаларды орындайды, тілдік қатынасқа байланысты шараларды жасайды. Діріл тек өз бетінше сөйлеу кезінде ғана байқалады. Орташа деңгейң – балалар өздеріне бейтаныс жағдайға түсуде, таныс емес адамдармен сөйлесу кезінде өиналады, құрдастарымен топтық ойын ойнаудан бас тартады. Діріл өз бетінше сөйлеуінде, сұрақ-жауап кезінде кезінде сөйлеу аппаратының әр алуан бөліктерінде байқалады. Ауыр деңгейі-тұтығу қарым-өатынастық сөйлеу әрекетінің кез келген түрінде болады, балалардың ұжымдық әрекеті мен байланыстырып сөйлеуін қиындатады.

Г.А. Волкованың (1983) мәліметтері бойынша 4-7 жас аралығында балалардың сөйлеуінде орта деңгейлі клоникалық сипаттағы дірілдер басым болады. Алайда, тұтығудың белгілері жасы есейген сайын ерекшелене береді. 4-5 жастағы тұтығатын балаларға сөйлеу аппаратының перифериялық бөліктерінде демдік және дыбыстық локализациясы басым болатын тоникалық және аралас дірілдер тән;

5-6 жастағы тұтығатын балаларға сөйлеу аппаратының артикуляторлы бөліктерінде демдік локолизциясы басым болатын орта деігейлі клоникалық діріл тән, 6-7 жаста сөйлеу аппаратының перифериялық бөліктерінде орта және ауыр дейңгейлі клоникалық және тоникалық дірілдер тән.

Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың сөйлеуі аритмикалық сипатта болады. Дірілдік, аритмикалық бұзылыстар сөйлеудің айтылу жағының бқзылуына алып келеді: бірқалыптылығын, мәнерлігін, логикалық, екпінін. Сөйлеу у ритмі қатты жүйкелік қозу жағдайында туындайтын эмблофразияның әсерінен де бұзылады. Эмбиофразияны тұтығатын адамның моторлы қызметінің жетілмеуі және оның өз ойын тез, анық жинақтай алмауының нәтижесі деп қарастыруға болады.

Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балаларға қосымша қимылдар жасау тән (47 ℅). Олар дірілдің сөйлеу аппаратынан дененің басқа бұлшықеттеріне таралуының нәтижесінде пайда болады: ең алдымен бет, мойын, иық бұлшықеттеріне, кейінірек арқа, бел, жоғарғы және төменгі шеткі бұлшықеттерге беріледі. Балалар түймелерін, киімдерінің етек-жеңдерін, бет орамалдарын бұрап, мыжғылайды, белдерін қимылдатады, иықтарын қозғайды, аяқтарын тепкілейді, діріл кезінде жиі көздерін жыпылықтатады немесе мүлдем жұмып алады. Басым күшпен алға қарай созады.

Балалардың кішкентай кезінен-ақ сөйлеу дамуының кешеуіәлдеуі, сөйлеудің динамикалық бұзылуы, дыбыс айтудың бұзылуы байқалады. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың 34 ℅ дыбыстаудың әр алуын бұзылысығ сөйлеудің жетілмеуі, кейде сөйлеудің барлық функционалды жүйесінің қалыптаспауы тән.

Балаларда біртіндеп өздерінің сөйлеуі мен кемістігіне деген ерекше қатынас пайда бола бастайды. Кейбіреулер сөйлеуінің жетілмегендігін қатты сезінеді, әсересе айналасындағылардың жағымсыз әсер туындауынан қорқады. Енді біреулері тұтығуға сын көзбен қарайды, сөйлеуінің сәтсіз болуын және кез-келген әрекеттерінің дұрыс емес болуын ұайымдайды. Тұтығу балалардың сөйлеу әрекетіне, қарым-қатынасқа түсуіне әсер ете бастайды.

Қарым-қатынасы тұрақсыз балалар басында оңай тіл табысады, тапсырмаға қызығушылық білдіреді, бірақ сосын ересек адамның сол немесе басқа тапсырманы орындауға деген өтінішіне енжар қарайтынын, көңіл аудармайтынын байқай бастайды. Олар мәселелі жаңдайды қиындықпен қабылдайды, көп реттік өтініштен кейін қажетті тапсырманы орындаудан бас тартады.

Балалар қасындағы әңгімелесіп отырған адамға дұрыс қарамайтын болса, онда ол тұйық болады, ұялып, қысылады. Өтінішті, тапсырманы орындау қажеттілігі, әсіресе өзіне таныс емес ортада қалуы оларда невротикалық сипаттағы кейде аутистикалық түрдегі ісер туғызады. Балалар ересектер мен құрдастарының ортасын қажетсінбейтін сияқты болады. Олар қарым-қатынасқа адам таңдап түседі. Балаларды ұжымдық іске араластыру олардың енжар немесе белсенді қарсыласуымен болады.

Мектепке дейінгі жасқа тән қасиет ол еліктеушілік-тұтығатын балалардың көбісінде дұрыс дамымаған. Шамамен үшінші баланың мінезі мен еліктеушілік деңгейі қалыпты сөйлейтін балалармен бірдей болады. Қалған тұтығатындарда еліктеушіліктің қалыптасуының 4 деңгейін бөлуге болады: толық еліктеу, толық емес, шығармашылық, еліктеуден бас тарту;

Жоғары топтарда еліктеу әр түрлі болады. Мысалы, 4-5 жастағы балаларда толық емес еліктеу байқалады (балалар көр ген немесе естіген тапсырманы аяғына дейін орындамайды, сөйлейтін бөлігін тастап кетекді) және одан бас тартады. Қабылдауы тұрақсыз балалар ересектің берген үлгісін нашар қабылдайды, қайталау кезінде қимылдың бірізділігін сақтамайды, әрекетті аяқтай алмайды.

5-6 жасар балаларда толық емес еліктеу болады, бірақ ол көбінесе сөздік үлгіні қайталау барысында байқалады. Балалар сөздерді қалдырып кетеді, сюжет логикасын бұзып алмау үшін үлгі мәтінін жаңа сөздермен толықтырады. Өзгерген мәтіннің келесідей түрлері бар: әңгіменің бөлшектерін нақтылау, әңгіменің мазмұнын кеңейту. Сол немесе басқа әңгіменің тереңдеуі. Есейе келе шығармашылық еліктеу көбейіп, еліктеуден бас тарту саны азаяды.

Тұтығатын балалардың еліктеушілігін, қарым-қатынасқа түсу деңгейін ескеру логопедке әсіресе түзету жұмысының басында маңызды: егер тапсырма мен тәрбие ережелерін балалар ересек адамнан ғана емес, еліктеушілігі мен араласу деңгейі жоғары құрдастарынан үйренсе, онда балалар әрекеті мен ұжым қалыптастыру сәтті болады.

Тұтығу моторлы қызметтің қалыптасуына әсер етеді, дегенмен кемістіктің пайда болуына жол ашатын өимыл-қозғалыс аймағының жетілмеуі тұтығу туындағанға дейін болуы мүмкін. Тұтығу пайда болғаннан кейін моториканың жетілмеуі жиілей ді және одан сайын күрделене береді. Алайда, даму процесінің жағымды және жағымсыз жақтарына қарай сонымен бірге бала ағзасының потенциалды мүмкіндіктерінің жоғары болуына қарай мектепке дейінгі тұтығатын балалардың 40 ℅ моторлы қызметтер сақталған, 60 ℅ жағдайда олар бұзылған және қимыл-қозғалыс бұзылыстары ебедейсіздікпен, іс-әрекеттің біркелкіліксіздігімен, бір қимылдан екінші қимылға ауысу қиындығы байқалады немесе қимыл- қозғалыстың тежелуі түрінде уайымдар, іс-әрекеттің шектелуі түрінде байқалынады.

Аталған бұзылыстар қозғалыстың статистикалық және динамикалық координациясына байланысты берілген арнайы тапсырмаларды орындау кезінде және әсіресе өз бетінше ерікті әрекет ету барысында анық көрінеді.

Балалар сөйлеудің онтогендік зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстар балаланың психикалық дамуы мен сөйлеу әрекетінің жетілуінде компоненттердің ролі өте зор екенін көрсетті. (П.К. Анохин, Л.И. Белякова, Л.С. Выготский, В.А. Гиляровский, Н.И. Жинкин, К.А. Зайцева,, В.В. Ковалев, Р.Е. Левина, А.А.Леонтьев, М.И. Лисина, А.Л. Лурия және т.б.). Экспресивті сөйлеудің онтогенетикалық жағынан ерте шарттарының жетілмеуі дыбыстаудың, сөйлеудің темпінің, ритмнің және бірқалыптылығының бұзылуына алып келеді.(В.И. Бельтюков, А.Н. Гвозеев, В.В.Ковалев, В.А. Ковшиков, М.М. Кольцова, Р.Е.Левина, М.И. Лисина, А.Г. Рахмиливич, Т.И. Ушакова). Сөйлеу онтогенезіндегі экспрессивтіліктің құрылымын толықтырушы, жүйелі құбылыс болғандықтан, пайда болу уақыты мен даму кезеңі барысында жағымсыз факторлардың әсіресе тез ұшырайтын және өз қорланған әрекет болып табылады. Патогендң факторлардың әсерінен туындаған сөйлеу бұзылыстары баланың психикалық дамуында кері әсер етуі мүмкін: оның іс-әрекетін шектеу, тұлғалық және танымдық қасиеттерінің қалыптасуына жағымсыз әсер етеді (И.К. Абелева, П.К. Анохин, М.А. Виноградова, Г.А.Волкова, В.И. Городилова, М. Зееман, В.В. Ковалев, И.И. Кросиагорский, А.Р.Лурия және т.б.).

Тұтығу - көптеген себептердің салдары. Көптеген зерттеушілер балаларда тұтығудың пайда болуы белсенді тіркестік сөйлеу кезеңімен сәйкес келетінін айтады. Бұл кезең сөйлеу қызметінің фило және онтогенетикалық жағының кеш дамуымен, тұрақсыз және әлсіз болуымен сипатталады. Сондықтан И.П. Павловтың жүйке жүйесінің қызметі невроздар және баланың бас миындағы сөйлеу аймақтарындағы қатты қозу нәтижесінде туындайтын шартты рефлекстер, тежеулер туралы зерттеулеріне сүйене отырып тұтығу- сөйлеу күйзелісі деп айтамыз. Жағымсыз жағдай кезінде туындаған сөйлеу жетілмеушілігі шартты рефлекторлы байланыстар механизмі бойынша шоғырланады. Жыл өткен сайын күшейген ол әсіресе патологиялық рефлекторлы тізбекке енген жағымсыз эмоционалды жағдайларда байқала бастайды ( Б.Д. Карвасарский 1990; В.М. Шкловский 1994; В.И. Селиверстов 2000).

Туылғаннан болатын факторларға ата-ананың жүйкелік-психикалық және жұқпалы аурулармен ауруы жатады. Шизофрения, туберкулез, сифилис және т.б. аурулар, өндірістің жағымсыз химиялық факторлары, радиоактивтіліктің жоғары болуы көп жағдайда әлі туылмаған балалардығ жүйке жүйесін зақымдайды. Баланың жүйке жүйесіне әр түрлі жарақаттар, уайымдар, өмір мен жұмыстың жағымсыз жағдайлары ананың екі қабат кезіндегі сәтсіздіктері кері әсер етуі мүмкін ( В.М. Шеловский 1994).

Жалпы алғағанда тұтығатындарға әр алуан деңгейдегі қимыл-қозғалыс аймағының жеткіліксіздігі тән. Сөйлеу орталық жүйке жүйесінің толықтығы мен даму деңгейінің тәуелді болатын дифференциалды моторлы әрекетіне жоғары талап қояды. Тұтығатындардың кейбір бөлігінде бас миының органикалық зақымдарды білінбейді. Алайда, олар қатты әсершілдікпен, қозудың жоғарылығына жаңа жағдайға бейімделудің төмен деңгейімен сипатталады. Ол орталық жүйке жүйесінің қалыпты кездегідей әлсіз болатынын дәлелдейді (Е.М. Мастюкова 1997).

Тұтығудың дамуында тұқым қуалайтын факторлар белгілі бір мағызға ие. Баланың генетикалық кодында кері, жағымсыз жағдайлар кезінде тұтығатын пайда болуына алып келетін қозғалыс аймағының патологиялық ерекшеліктері бар болуы мүмкін. Туынсқан ағалар мен әпкелерінде тұтығудың болу жиілігі 18℅ құрайды. Дизиготалы егіздерде тұтығу 32℅ болса, монозиготаларда - 77℅ кездеседі. Тұтығатын ер кісілерде тұтығатын ұл балалар туылу пайызы 22℅, ал қыз баланың туылу пайызы 9℅ құраса, әйелдерде сәйкесінше 36℅ және 17℅ құрайды ( Л.М. Белякова, Е.А.Дьякова 1998).

Балалардың сөйлеу тілі дамуында олардың жүйке жүйесіне қатты қысым түсетін кезең болады. Тұтығудың басталуына сөйлеудің қарқынды даму кезеңі өте маңызды. Бұл кезеңде көп балаларға физиологиялық интеграцияның пайда болуы тән. Жеткілікті түрде дамымаған сөйлеу кезіндегі дем алу мен күрделі тіркестерді айтудың психикалық мүмкіндіктері арасында сәйкессіздік болатыны анықталды. Бұл кезеңдегі сөйлеу әрекетінің психикалық жағы оның моторлы үйымдасуының мүмкіншіліктерінің алдын орап кетеді.

Берілген әдебиеттер солақайлықты тұтығудың туындауының себептерінің біріне жатқызуға мүмкіндік береді (Л.М. Белякова, Е.А. Дьякова 1998). Тұтығу мен солақайлықты тығыз байланысын дәлелдейтін зерттеулер аз емес.

Тұтығу солақайлықты оң қолға үйрету кезінде де пайда болады деген, байламдар бар. Баланы қайта үйрету қысқа мерзімде болса тым қатаң жағдайда жүрсе балада тұтығу пайда болады. Солақай балаларда әр түрлі патогенді қозғыштардың әсері кезінде невротикалвқ жағдайда алып келетін жалпы эмоционалдық, үрейшілдік, қозғыштық және басөа да көрсеткіштер байқаладыц. Тұтығатын балалардығ бас миындағы гармониялық әрекеттер мен симметриялық құрылымдар арасындағы әлсіздік орталық жүйке жүйесіне ерекше сезімтал етеді. Ол өз кезегінде баланың сөйлеу қызметіне әсер етеді.

Сыртқы ортадан болатын себептер қоршаған ортасынан, баланы тәрбиелеу мен өмір сүру жағдайына байланысты туындайды. Оларға ұйқы мен тамақтану тәртібінің бұзылуын, ата-аналардың баланың мүмкіндігінше тыныш, дұрыс жағдайда, тәрбиеленіп өмір сүру керек екендігі туралы жеткіліксіз білетіндігін жатқызуға болады. Қатты дыбыстық қоздырғыштар (теледидар, радио, магнитафон, ересектердің қатты айғайлауй жіне т.б.), адамдардың топ болып жиналуы, ауаның жетпеуі және т.б. –мұнің бәрі баланың жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Тұтығудың сыртқы себептері арасында баланың ересек адамдардың немесе құрдастарының тұтығып сөйлеуіне еліктеуі белгілі бір орын алады.

Тұтығудың туындауына алып келетін жиі кездесетін сыртқы себептердің бірі үй жануарларының немесе жабайы аңдардың әсерінен болған психикалық зақым, табиға жойқын күштердің, отбасылық жанжалдардың, физикалық зақымдар мен медициналық әрекеттердің нәтижесінде болған психикалық зақым (Миссуловин Л.Я 1997).

Б.Д. Карвасарский көрсеткендей қазіргі уақыттағы авторлардың көбісі невроздардың генездегі психожарақаттану жағдайының ролін анйқтайтынын, олардың кей кезде этиологиялық факторлар ретінде, енді бірде этиологиялық жағдай сипатында болатынын мойындайды. Көбінесе олардың бірігіп жүруі патогенді сипатта болады.

Тұтығудың пайда болуында бас миы қабығындағы жүйкелік процесстердің өзарақатынасының бұзылуы маңызды роль атқарады. Үлкен жарты шарлардағы жүйкелік жағдайымен, оның қалыптан ауытқуына «дайын» болуымен шартталса, екінші жағынан жүйкелік күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардың әсерінен туындауы мүмкін (В.И. Селиверстов 2000).



Қазіргі заманғы нейрофизиология саласы бойынша тұтығатын баланың жүйке жүйесінің жағдайы қозу процесінің тежелу процесінен басым болуымен сипатталады. Орталық жүйке жүйесінің патологиясымен негізделген тежелу механизмдерінің әлсіздігі дірілдік белсенділіктің ерекше генераторы болып саналатын сөздік қимылдық жүйе бөліктеріндегі тұрақты қозу ошақтарының қалыптасуын жеңілдетеді. Г.Н. Крыжановский бойынша мұндай түрдегі нысандар патологиялық жағынан күшті қозу генераторлар деп аталады және көптеген жұйке жүйесі аурулары кезінде патологиялық жүйенің қалыптасуының кешенді механизмін көрсетеді.

Қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық сипаттаманы ескере отырып, өзінің ақаулығына көңіл аударуын негізге ала отырып түтықпаларды 3 топқа бөледі: нольдік, біркелкі, орташа және айтарлықтай немесе жоғары деңгейде ақаулыққа көңіл аудару.

Бірінші топтағы балалар өздерінің ақаулығын байқамайды, көңіл аудармайды. Олар үлкендермен де өзінің қүрдастарымен, бөтен адамдармен үйалмай қарым-қатынас жасайды. Екінші топтағы балалар түтықпаға байланысты іштей қайғырады, әр түрлі амал арқылы түтықпаны байқатпауға тырысады. Дегенмен ақау-лықты сезінуі, іштей қайғыруы түлғаның дамуына оншалықты осерін тигізбейді. Үшінші топтағы балалар үнемі өзінің ақаулы-і ын сезінеді. Ондай балалар әрдайым сөйлеу қиыншылықтарына көңіл аударып, терең және үзақ қайғырып, ренжиді. Соның салдарынан олар өздерін кем санайды, секемшіл келеді және сөйлеу алдында қорқыныш пайда болады.

Сонымен, түтықпада тек сөйлеу функциясының бүзылуымен қатар нерв жүйесінің, жалпы және сөйлеу моторикасының бүзылуы, психологиялық ерекшеліктері байқалады.

Көптеген балаларда түтықпа пайда болғанға дейін, сөйлеудің қарқынды даму кезеңінде, физиологиялық итерация, сөйлеу кезін-дегі тыныс алу мен күрделі фразалы айтудың психикалық мүмкін-шіліктерінің арасындағы үйлеспеушілік байқалады.

Тұтықпаның пайда болуына сөйлеудің қарқынды даму жылдамдығының да әсері зор. 1,6 - 1,8 айдағы ауызша толық сөйлеуі жаңа қалыптасып келе жатқан сөйлеудің функциональды жүйесіне қауіп төндіреді. Ондай жағдай кейбір сөйлеу тілінің кешеуілдеуінде де байқалады. Сөйлеуі кешеуілдеп дамыған балаларда 3,5 - 5 жаста фраза қарқынды қалыптаса бастайды, бүл қалыптасып келе жатқ-ам сөйлеу жүйесінің координаторлық механизімін әлсіретеді және гүтықпаның пайда болуына мүмкіншілік тудырады.

Тұтықпа балалардың арасында солақайлар жиі кездеседі және сол қолды оң қолға қайта тәрбиелеу кезінде түтықпа пайда бо-луы мүмкін.

Тұтықпа балалардың ауызша сөйлеуін үйымдастырудағы сол жақ жарты шардың басқарушы ролінің бүзылатындығы электро-физиологиялық зерттеулерде анықталған (И.В. Данилов, И.П. Черепанов, 1970)

Бас миының симметриялық қүрылымдарының арасындағы бай-ланыстың әлсіреуі алдымен сөйлеу функциясына әсерін тигізеді.

Көптеген авторлар түтықпаның пайда болуы психикалық за-қымдалуымен байланыстырады. Психикалық зақымдалу әртүрлі болып келеді. Көбінесе түтықпаның алғашқы рет пайда болуы психиканың зақымдалу кезімен сай келеді, оның қоздырушы себебі болып табылады.

Әлемдік әдебиеттердің деректері бойынша түтықпадағы ауыр түқым қуалаушылық бірнеше үрпақта байқалуы мүмкін. Түтықпа-сы бар ата-аналарды қалыпты ата-аналарға қарағанда, балаларын-да тұтықпаның байқалу мүмкіншілігі бірнеше рет көбірек болады. Шамасы, орталық сөйлеу механизмдерінің әлсіздігі түқым қуалауы мүмкін. Кез келген ауытқу генетикалық түқым қуалаушылыққа қосымша зиянды факторлар қосылғанда ғана байқалады.

Тұтықпа қыздарға қарағанда, еркек балаларда үш есе жиі кездеседі. Мүның механизмі әлі де түсініксіз. Қыздардың моторлық функциялары: жүруі, сөйлеуі, үсақ моторикасы үлдарға қарағанда тезірек қалыптасады деп болжамдайды. Бәлкім, соған байланысты қыздардың сөйлеу қимыл механизмдері экзогенді зияндықтарға төтеп беру қабілеті жоғары болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет