Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет15/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны.

Артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері

1.     Үлкен адам орындалатын жаттығуды балаға ойын түрінде түсіндіреді.

2.     Жаттығудың орындалу тәсілін көрсетеді.

3.     Жаттығуды бала жасайды, үлкен оның дұрыс орындалуын қадағалайды: қимылдың дәлдігі, темпі, тұрақтылығы, бір жаттығудан екіншісіне өту ыңғайы.  Сонымен қатар артикуляциялық жаттығулар оң және сол жақ үшін бірдей, симметрияда орындалуы керек. Олай болмаған жағдайда артикуляциялық жаттығуларды орындау өз мақсатына жетпейді

4.  Бала белігілі бір жаттығуды орындау кезінде қиындыққа тап болған жағдайда оған көмек беріңіз: таза шпатель, қарындаш, қалам немесе таза саусақпен.

5. Балаңыздың тілін дұрыс қалыпқа келтіру мақсатында, мысалы жоғарғы ерінің жалауы үшін, баланың ернін тосаппен, шоколадпен, балмұздақпен немесе балаңыз жақсы көретін басқа да затпен жағып қойыңыз

Артикуляциялық жаттығулардың түрлері



«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.

«Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет