Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет7/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Ағзалық-физиологиялық себептер: энцефалопатиялық салдары бар физикалық аурулар.

а) жарақаттар, зақымдар (құрсақ ішілік, туу кезіндегі, асфиксия, бас миының шайқалуы);

б) қимыл- қозғалысты реттейтін қабақасты механизмдерінің зақымдалуы болатын бас миының органикалық бұзылуы;

в) сөйлеудің орталық аппаратын әлсіздендіретін интоксикация және т.б. аурулар нәтижесінде туындайтын жүйке жүйесінің қажуы немесе шаршауы.



Психикалық және әлемуеттік себептер:

а) қысқа мерзімді – бір сәттік-психикалық зақым (қорқыныш, үреу);

б) ұзақ уақыт әсер ететін психикалық зақым, яғни отбасындағы дұрыс емес тәрбие: тым еркелету, дұрыс емес тәрбие, үнемі жанжалдық жағдайда болатын психикалық қоздырғыш түрінде болатын жағымсыз эмоция.

в) балалаық шақтағы сөйлеудің дұрыс болмауы, дем алғанда сөйлеу жылдам, тез сөйлеу, дыбыс айтудың бұзылуы, ата-аналардың жылдам ашуланып сөйлеуі;

г) кіші жастағы балалардың сөйлеу материалын шамадан тыс қолдануы, сөйлеу материалдары мен ойлауға байланысты тапсырмалардың өз жасына сәйкес болмауы (абстрактылы ұғымдар, тіркестердің күрделі құрылымды болуы);

д) тұтығатын адамға еліктеу (мұндай сөйлеу индукциясының 2 түрін бөліп қарастырады: енжар- бала тұтығатын адамның сөйлеуін естіп, еріксіз тұтыға бастайды; белсенді – ол тұтығатын адамның сөйлеуін айна қатесіз қайталайды);

е) солақайлықты жоюға тырысу;

Бір бірімен тығыз байланыста болатын симптомдардың 2 түрін шартты түрде бөліп қарастырады.



  1. Физиологиялық (биологиялық) симптомдар: сөздік дірілдер. Баланың физикалық денсаулығының және орталық жүйке жүйесінің бұзылуы (Сурет 1).

Тұтығудың негізгі сыртқы-белгісі сөйлеу актісі кезіндегі дірілдеу. Оның ұзақтығы әр түрлі: 0,2 секундтан 90 секундқа дейін (күрделі жағдайларда).

Дірілдер түрі бойынша (тоникалық, клоникалық және аралас), локализациясы бойынша (демдік, дауыстық, артикуляционды және аралас) және жиілігі бойынша бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет