Тема урока : Путилина « Вишневая ветка»
Общие цели: учить характеризовать героев произведения,
выявляя в них общее и индивидуальное, сопоставлять героев с
целью выявления авторского и собственного отношения к ним;
вырабатывать навыки анализа художественного произведения;
развивать коммуникативные навыки и умения учащихся, культуру речи,
воспитывать любовь к чтению, вдумчивого читателя, собеседника, нравственных
качеств личности. научить слушать друг друга, вести диалог;
Методы и приемы : частично-поисковый, проблемный, исследовательский,
стратегии критического мышления: таблица ЗХУ, тонкие и толстые вопросы,
чтение с пометами «Инсерт»,синквейн.
Фопд: групповая, индивидуальная ,парная, фронтальная
Оборудование: интерактивная доска, флипчарт, фломастеры ,карточки.
Ход урока:
1.Позитивный настрой.
Друзья мои, я очень рада
Приветствовать сегодня вас.
И для меня уже награда -
Внимание ваших умных глаз.
Я знаю: каждый из вас гений,
Но без труда талант не впрок.
Высказывайте каждый своё мнение,
И вместе проведем урок.
2Эпиграф урока: “… Учитель перед именем твоим позволь смиренно
преклонить колени… Н. А. Некрасов )
3Работа в группах .
Кластер. «Учитель» Защита кластера.
Какой бывает учитель? Каким должен быть учитель?
Инструменты ОдО Большой палец.
4. Выразительное чтение рассказа с пометами.
?- что хочу спросить
!- что меня удивило
5. Работа в группах по частям .Составление плана рассказа, деление текста на
смысловые части:
План рассказа.
1) Дети в осеннем лесу.
2) Лидия Алексеевна заболела.
3) Новая учительница.
4) Случай под новый год.
5) Новогодний подарок Лены.
6.Задания группам:
1гр -составление сюжетной таблицы по первой части рассказа Задания группам
1гр -составление сюжетной таблицы по второй части рассказа
Сюжетная таблица
Кто?
Что?
Когда?
Где?
Что
сделал?
Зачем? Почему?
3группа – составление тонких вопросов
4группа - составление тонких вопросов
Тонкие и толстые вопросы
Толстые вопросы
Тонкие
---10 --
------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 12 қаңтар 2016 ж | № 01 (151)
Дайте три объяснения, почему…?
Объясните, почему…?
Почему вы думает6е…?
Почему Вы считаете…?
В чем различие…?
Предположите, что будет, если…?
Что, если…?
Кто…?
Что…?
Когда…?
Может…?
Будет…?
Мог ли…?
Как звать…? Было ли…?
Согласны ли Вы…?
Верно ли…?
5группа « Что бы изменилось в мире ,если…»
6 группа -составление синквейна « Учитель»
3Инструмент ОдО « Две звезды и одно пожелание»
7.Самостоятельная работа.Составление таблицы ДДЗ (дневник двойной записи)
Что удивило?
Комментарии
8.Возврат к кластеру. -Что бы вы еще добавили к нему после прочтения рассказа
Путилиной?-Какие ассоциации совпадают с темой урока
Группировка ассоциаций кластера « Учитель»
9.Дом.задание. Написать эссе на тему «Моя первая учительница», « Моя
любимая учительница».
Рефлексия на стикерах + ( плюс), - минус). интересно.
* * * * * * * * *
Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінің
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
Мухамедина Айнур Сабыржановна
Тақырыбы: Баскетбол. Допты оң және сол
қолмен еркін алып, беруді қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты:
Допты беру және қағып алу тәсілін
жетілдіру
Допты жылдамдықпен алып жүруді бекіту
Екі аттап допты себетке салу
Оқушылардың шапшаңдығын дамыту
Сабақтың түрі: Оқу-жаттығу сабағы
Өтілетін орны: Спортзал
Өтілетін уақыты: сағат: 16.50-17.35 күні: 11.11.2015
Сыныбы: 7 «Ә»
Керекті спорт құралдары: Доп, ысқырық т.б керек құралдар.
p/c
Сабақтың мазмүны
уақыты
Методикалық нұсқау
I
1. Дайындық бөлімі:
Сәлемдесу
12 мин
Оқушылардың спорттық
формаларын қадағалау
Оқушылардың тәртібін
қадағалау
2.Сабақтың мақсатын
және тақырыбын
түсіндіру
Жаттығуларды жасағанда
оң аяқтың өкшесі сол
аяқтың ұшымен оңға
бұрылу
Оқушылардың ара
қашықтығын сақтап дұрыс
жүгіруін бір біріне кедергі
жасамауды қадағалау .
Жүгіргенде басты
көтеріңкі кеудесін тік
ұстап жүгіру
1-4 мұрынмен демді ішкі
алу
5-8 ауызбен демді
шығару
Кеудені тік ұстау керек
Қол белде
Қолды иықтың деңгейінде ұстау
керек
Жаттығу жасағанда тепе-тең
айналып қолымызды кері
иықтан бүгілу керек
Басты және кеудені тік ұстау
керек
Жаттығуларды өздері санап
жасау керек
3. Саптағы жасалатын
жаттығуларды қайталау
4. Сапта жүру
5. Жүгіру
-
Залды айналып
жеңіл жүгіру
-
Оң және
бүйірмен қолды
айналдырып (алдға
артқа) жүгіру
-
Өкшені
алақанға тигізіп жүгіру
-
Залдың бір
бүрышынан екінші
бұрышына дейін бар
жылдамдықпен жүгіру
-
Баяулап тоқтау
қалыпты жай жүгіру
-
Дұрыс дем алу
жаттығулары (қолды екі
жанарымыздан жоғары
көтеріп демді ішке алу
және және шығару)
6. Жалпы дамыту
жаттығулары
a.
Басты оңға,
солға, төмен, жоғары
бұру
1 Оңға 2 Солға
3 Жоғары 4 төмен
b.
Қолға жаттығу
1-2 қолды алға созып
тұрып қайталау Қолды
1 -4 алға
айналдыру
5-8 артқа
айналдыру
1-4 қолды ішке
5-8 қолды
сыртқа
c.
Белге жаттығу
1.
1-2 қол желкеде
бұрылу
2.
3-4 дәл осылай
солға
3.
1-4 қолды
аяқтың ұшына тигізу
4.
1-2 пружина
түрде оңға
5.
3-4 солға иілу
d.
Аяққа жаттығу
6.
1-5 оң аяқпен
7.
5-10 сол аяқпен
8.
1-10 екі аяқпен
секіру
Негізгі бөлім
І. Шабулға шығу
әдістерін дамыту.
ІІ. Үш ойыншының
келісімді әдіс тәсілдері.
III. Екі адым жасап
торға тастау.
IV. Кедергілер арасынан
доппен жүру әдістерін
дамыту.
V. Допты жоғарыдан
қабылдау әдістері.
VІ. Ептілік
жылдамдықта дамыту.
28 мин
Қауіпсіздіқ ережесінің
сақталуын қадағалау.
Жаттығу ережесінің бүзылмауын
қадағалау.
Боскетбол добын дұрыс
бағындыра білу.
Қортынды бөлім:
1. Оқушыларды сапқа
тұрғызу және оларды
бағалау
2. Үйге тапсырма
3. Ұйымшылдықпен
залдан шығу
5 мин
Оқушыларды сабаққа толық
қатысуын ескерту
ҰСТАЗДАР ӘНІ
Республикалық 45minut.kz Ұстаздар
басылымы ұсынысымен, ұстаздарға
арналған «Ұстаздар әні» жазылды.
Әннің музыкасы мен мәтіні ұстаздарға
арналған құрмет пен сүйіспеншілікті
білдіретін әуен деп сеніммен айта
аламыз.
Алдағы уақытта «Ұстаздар әні» іс-
шараларда
және
мерекелік
бағдарламаларда әуендейді.
Республикалық 45minut.kz оқырман-
дарына қолдануға рұқсат етіледі.
Cөзін жазған: Темірхан Әбдіков.
Әнін жазған: Жомарт Сейтбеков.
Ән авторлары Оңтүстік Қазақстан
облысы Арыс қалалық Ж. Байгуттиева атындағы өнер мектебінде ұстаздық
қызметінде. Ән авторларына барша ұстаздар атынан алғыс білдіре отырып,
шығармашылық табыс тілейміз.
Ұстаздармыз ұрпақ қамын ойлаған,
Ұлт мерейін артық көрген пайдадан.
Бар білгенін шәкірттерге үйретіп,
Баулап-баптап, намыстарын қайраған.
Қайырмасы:
Ұстаздармыз - жанын ұққан адамның,
Ұстаздар біз - айнасымыз заманның.
Кеуделерде арман отын маздатқан,
Ұстаздармыз - қамқоршысы қоғамның.
Ұстаздармыз ақ жүректі, ұлықпыз,
Ибалымыз, имандымыз, тұнықпыз.
Әр күніміз өткен емес қызықсыз,
Ел баласын қастерлеген халықпыз.
Ізденеміз, үйретеміз, сұраймыз,
Ән саламыз, ақын боп сөз құраймыз.
Ұстаздармыз шәкірттермен бақытты,
Мәңгілік ел тыныштығын қалаймыз.
---11 --
------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 12 қаңтар 2016 ж | № 01 (151)
Ғылыми жоба
«ҚАНТТЫҢ
ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
Ақтөбе қаласы, №53 орта
мектебінің 4 «А» класс оқушысы
Төлеутаев Рахат
Жетекшісі: Кенегесова Ж. М.
Зерттеу мақсаты: Қант туралы
мәліметтер жинақтап, зерттеу
жүргізу. Ел экономикасын көтеруге
өз үлесімді қосу.
Гипотеза: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау
әдістерімен жұмыс жүргіздім.
Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде қант қызылшасы туралы,
негізгі бөлімде қанттың шығу тарихы, оның жасалу жолдары, ерекше қолданысы,
тамақ өнеркәсібінде пайдалану туралы, қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен
ұсыныс-пікірлер
қамтылды.
1.Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі
жүргізілді. 2.Барлық материалдар тақырыпқа сай жинақталып, қорытынды пікір
жазылды.
Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын
пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жаңалығы: Ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, қант қызылшасын
өсіру және оны пайдалану.
Зерттеу нәтижесі: Қант қызылшасын, қант қамысын өсіруді қолға алу,
асханада қолдану.
АҢЫЗ. Үнділер алғашында қант жасаудың әдісін құпияда ұстапты. Ол үшін
көптеген аңыздар да ойлап тапқан екен. Соның бірі былай дейді: «Қант үнді жеріне
разылық ретінде аспаннан қар сияқты ұлпа болып жауыпты. Сондай-ақ оны
сиқыршылар ай жаңадан туған кезде оның жерге бағытталған мүйізінен алады
екен.»
КІРІСПЕ. Қант өндірісі—қант қызылшасы мен қант құрағынан кристалды ақ
ұнтақ қант және шақпақ-қант өндіру. Қант өндірісінің негізгі процестері:
қызылшаны жуу, жапырақшалап турау, диффузиялық аппараттарда өңдеу,
диффузиялықшырынды тазарту (дефекация, сатурация, сульфитация), тазартылған
шырынды булау, қою шырынды құрғақ заттары 92,5% болғанша қайнату,
центрифугалау, ұнтақ кептіру, салқындату; мұның нәтижесінде ұнтаққанталынады
кесекқантқұмшекер қанттан жасалады.
Қант қызылшасы(Beta vulgarіs) –қызылшатуысына жататын екі жылдық бағалы
техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ
шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 150 – 170 күн. Екінші жылы
топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және
тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 100 – 125 күн. Қант
қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның
тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш
өсімдік. Ас қантын —сахарозаны— қант қызылшасының тамырынан және қант
құрағынан алады. Ас қорыту кезінде әлсіз қышқылдар мен ферменттердің әсерімен
ас қанты глюкоза мен фруктозаға бөлініп организмге тез сіңеді.
ҚАНТТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ. Қант... Осы бір тәтті ең алғаш қай елде белгілі
болды екен? Ол қалай пайда болды? Қант жасауды адамдар қалай үйренді? Ол
қалай жасалады?
Әрине, бұл сұрақтар бізді де қызықтырмауы мүмкін емес. Өзіміз күнде жеп
жүрген қанттың тарихын біреу білсе, біреу біле бермес. Менің бұл тақырыпты
таңдауымдағы себебі қантың шығу тарихын зерттеу. Аралардың бал
жасайтынын, оларды қолдан өсіруді ертеден-ақ білген көптеген елдер қантпен
мүлде таныс емес еді. Бірақ ежелгі гректер «Үндістанда бал арасыз-ақ бал беретін
қамыстың бар екендігін» айтып жүрді. Шынында да Үндістанда есте қалмаған өте
ерте заманнан бергі қант қамысы деп аталатын өсімдіктен тәтті шәрбат жасауды
білген. Кейіннен оны өңдеп қатты қант жасауды да алдымен білген үнділер
болыпты. Үндістанның Бенгалия ауданын «қант елі» деп те атаған екен.
Дәл осы үнді жерінен қант қамысы парсы, араб сияқты өзге де жылы аймақтағы
елдерге сапар шекті. Қант парсы және үнді көпестерінің арқасында Мысыр еліне
жетіп, ол бірден емдік дәрі-дәрмек ретінде қолданыла бастады. Әйгілі саяхатшы
Христофор Колумб өзінің саяхаты кезінде қант қамысын Куба аралына әкелді.
Көптеген жерде тамырын жая қоймаған қамыс осы Куба аралының топырағында
жақсы өсе бастады. Ол кезде қант Еуропа елдері үшін «жабайы тағам» деп
аталыпты.
ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН КІМДЕР ӨСІРЕ БАСТАДЫ? Тарихи деректерге
сүйенсек, ең алғашқылардың бірі болып қант қызылшасын Мысыр жерінде өсіре
бастаған екен. Бірақ оны қант алу үшін емес, құлдарға тағам ретінде ғана
қолданыпты. Қант қызылшасының құрамында қанттың көптігін 1747 жылы
Андреас Маргграф ашқан екен. Ол қант қамысының Еуропа жерінде өспейтініне
көз жеткізген соң, оның орнын басатын өсімдіктікті іздей бастайды. Себебі, бұл
уақытта қант Еуропа жеріне Куба, Мексика, Бразилия және АҚШ жерінен
жеткізілетін еді. Сондықтан да оның бағасы тым қымбат болды. Селекционерлер
қолда бар өсімдіктердің құрамын тексерік шықты. Ең қолайлысы әрі құрамынан
қант алуға болатын қант қызылшасы болып шықты. Маргграфтың ойлап тапқан
жетістігін оның шәкірті Франц Карл Ахард қана іске асыра алды. Ол өмірінің
барлығын қант қызылшасынан қант алуға жұмсап, 1801 жылы арнайы фабриканы
жабдықтады.
ҚАНТТЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛЫ. Қант өндірісі – қант қызылшасынан немесе
қант қамысынан қант өндіруге арналған техникалық процестер. Бұл процесс қант
қызылшасын тазалаудан басталады. Тазаланған қант қызылшасын турағыш
аппаратта жаңқалап турайды да, арнайы қазандықтар – диффузорларда ыстық
сумен өндейді. Бұдан алынған шырынның құрамында қанттан өзге де қоспалар
(әр-түрлі органикалық қышқылдар, ақуыз, бояғыш заттар, т.б.) болады. Оны
тазалау үшін қыздырғышта бумен қыздырып, үстіне әк (кальций гидроксиді)
ерітіндісін қосады. Кальций гидроксиді шырынның құрамындағы органикалық
қышқылдармен әрекеттесіп, тұнба түзеді. Шырын ерітіндісі арнайы
тұндырғыштарда тұндырылады да, вакуум сүзгілерде сүзіледі. Қалған ерітіндінің
(меласса) құрамында 50%-ға дейін сахароза болады. Оны лимон қышқылын
өндіру үшін пайдаланады. Бірнеше қайта сүзілген шырынның түсі сарғыштау
болады. Тазарту үшін оны қайта сұйылтып, белсендірілген көмір арқылы өткізеді.
Ерітіндіні қайтадан буландырып, қантты кристалдандырады. Осыдан кейін ғана
алынған қант кристалдары кептіргіштерде кептіріліп, кейін қапталады.
ҚАНТТЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ. Қант өте тәтті, тез ериді. Балалардың
тәттіні жақсы көретіні сондықтан, қанттың пайдасы адамның есте сактау кабілетін
жақсартады.Қант организмге энергия береді. Тәттіні, яғни қантты шамадан тыс
қолдансақ, ол адамды қант диабетіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл баланың өмір
сүруіне кедергі жасайды.
Әр нәрсенің мөлшерін білсек, ағзамызға келер зиян болмас. Мүлдем қанттан
бас тарту мүмкін болмас. Десек те, арасында қанттың орнына бал немесе тосап
қолданған жөн. Немесе қазір супермаркеттерде қант алмастырғыштар - фруктоза
сатады (сахарозаменитель). Қант ағзама зиян келтіреді десеңіз, соны қолданған
дұрыс.
ТӘЖІРИБЕ. Қант біздің түсінігімізде денсаулығымыз бен сырт келбетімізге
жағымсыз әсер ететін тәтті қоспа. Алайда оның ерекше қолданылуы кейбір
жағдайларда пайдалы болуы мүмкін.Ащы тамақтан кейін ауызға салынған бір
кесек қант ащы дәмді оңайлықпен баса алады. Қант қосылған дене терісіне
арналған скрабтар баяғыдан-ақ танымал. Ондай скрабты өзіңіз де жасап алсаңыз
болады. Оны зәйтүн майы мен кез келген эфир майының бірнеше тамшысымен
араластырып қолдана беріңіз. Теріңіз таза, нәзік бола қалады.
Міне қызық: егер далап жағылған ерінге құмшекер сеуіп, бірнеше секундтан
кейін жалап жіберсеңіз, далап әлдеқайда ұзақ сақталады.
Қантты дақ кетіргіш ретінде де қолданады. Ол шөптің ізінен қалған, және т.б.
дақтарды оңайлықпен кетіреді. Суланған даққа қантты сеуіп, бірнеше сағатқа
қойып қойыңыз.
Кофе ұсатқыш, блендер, ет тартқыштағы қалған жағымсыз иістерді (сарымсақ,
кофе, т.б.) қант кетіре алады.
Қант тіліңіз ыстық шай не кофеге күйіп қалғанда көмекке келеді. Қант
салынған қасықты тіліңізге қойсаңыз, ауырғаны сол сәтте қояды.
Қант сыйланған гүлдердің ғұмырын ұзарта алады. Гүл тұрған суға 3 ас қасық
қант, 2 қасық сірке суын қосыңыз. Қант гүлдің бұтағын сақтаса, сірке суы оны
бактериялардан қорғайды.
ҚОРЫТЫНДЫ. Қазақстанда қант өнеркәсібі жақсы дамыған. Алғаш 1933
жылы Меркеде, 1934 жылы Талдықорғанда қант зауыттары іске қосылды.1942
жылы Алматы қант зауыты пайдалануға берілді. 1947 жылы Қарабұлақ қант
зауыты, Шу қант зауыты салынып сапалы өнім шығара бастады. Ақтөбе
облысында қант шығаратын орында, зауыттарда жоқ.
Қант қызылшасы мен қант қамысы өсімдігі халық шаруашылығында тағам
ретінде пайдалы. Қызылша өсімдігін өсіру көп пайда келтіреді. Туған өлкем -
Қазақстан жерінде қант қызылшасын өсіруге барлық жағдай бар екендігін зерделей
келе, болашақта ауыл азаматтары қант қызылшасын өсірумен айналысса, елімізге
көп пайда келтіреді деп ойлаймын. Болашақта осы жұмысымды әрі қарай тәжірибе
жүзінде дәлелдеп қант өнеркәсібін дамытуға мен де өз үлесімді қосамын!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. «Жас ғалым» журналы.№4. Сәуір. 2011 жыл.
2. «Ақтөбе» газеті. 12 мамыр. 2006 жыл.
3. Биология оқулығы. «Атамұра 2007ж».
4. «Егемен Қазақстан» 2011ж. № 5
5.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков,
Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
6.Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
7.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы 8.Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.,
1990
* * * * * * * * ** * * * * * * * ** * * * * * * * ** * * * * * * * ** * * * * * * * ** * * *
Батыс Қазақстан облыстары бойынша
редакция : Ақтөбе қаласы. Завод
көшесі 21 үй. 2-этаж. 13-кабинет
E-mail:
45@45minut.kz
Тел/Whatsapp: 8 777 087 6843(Редакция)
----------------------------------------------
МББ аты: «Республикалық 45minut.kz»
газеті
МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Шығу жиілігі: аптасына 1 рет Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы
Меншік иесі: «Нагиева Ш. Б» ЖК (Ақтөбе облысы)
Бас редакторы: Нагиев И. Б.
Негізгі тақырыптық бағыты:
білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық
----------------------------------------------
«Республикалық 45minut.kz» газетіне жарияланған ақпараттардың авторлық
құқы ақпарат авторына тиесілі, редакция жауапты емес. Жарияланған ақпарат
авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.
Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркеліп,
2012 жылғы 19 наурызда № 12341-Г куәлігі берілді.
Тапсырыс: 562 Таралымы: 3000 дана.
Газет «Хабар-Сервис» ЖШС-ның баспаханасында басылды.
---12 --