Mycobacteriaceaeтұқымдасына, Mycobacterium туыстығына 50 түрі жатады. Микобактериялардың жасуша қабырғасының 8-40% липидтерден тұрады. Қышқылға, спиттерге, кептіруге, сілтіге тұрақты. Микобактериялардың 3 түрі бар:
Патогенді емес – Mycobacterium smegmatis табиғатта еркін тіршілік ететін сапрофиттер. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасының құрамына енеді. Спирт пен қышқылға сезімтал. Топырақта, суда кездеседі.
Туберкулез (tuberculosis; латынның tuberculum - төмпешік) – микобактериялар туғызатын жұқпалы созылмалы ауру, әр түрлі мүшелер мен жүйелерді (өкпе, асқорыту жолдары, тері, сүйек, зәр шығару ж/е т.б.) зақымдаумен сипатталады. Туберкулез қоздырғышын (1882 ж) Роберт Кох ашқан, клиникасын Гиппократ сипаттаған.
Патогенді микобактериялардың 3 түрлі белгілі:
M. tuberculosis (адамдық түрі – адамдарда 92% жағдайда туберкулез тудырады);
M. bovis (өгіздік түрі – 5% жағдайда);
M. africanum н/се avium (құстық түрі - 3% жағдайда). Бұлардың 3 де морфологиялық, дақылдық, биохимиялық ж/е патогенді құрылымымен ерекшеленеді.
Дақылдық және биохимиялық қасиеті
Микобактериялар баяу көбейеді (18-20 сағ). Дақыл өте ұзақ өседі (4-6 апта). Сұйық орталарда 2-3 аптадан кейін әжімді қабық түзеді, ал тығыз ортада сүйел тәрізді құрғақ крем түсті колониялар түзеді. Қоректік орталарға талғамды аэробтар. Өсіру үшін қолайлы қоректік орта – Левенштейн-Иенсен ортасы.
Сонымен қатар Сатон, Петров, Петроньяни қоректік орталарын қолданады.
Биохимиялық белсенділігі төмен. Ниоцинді сынақ қолданады.
Резистентілігі: микобактериялар қоршаған орта факторларына тұрақты: шаңда 10 күн, кітап, ойыншық үстінде – 3 ай, суда – 5 ай, май ж/е қақырықта – 10 ай, сырда – 8 айға дейін сақталады. Қайнатқан кезде 5 мин кейін жойылады. Дезинфекциялау үшін хлорамин, хлорлы әктің белсендірілген ерітінділерін қолданады. Эпидемиологиясы: туберкулезге барлық адамдар жаппай сезімтал. Инфекция көзі – науқас адам, таралу жолы – көбінесе ауа-тамшы, сирек тұрмыстық қатынас арқылы. Қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда эпидемиологиялық қауіптілікті тек ашық формадағы науқастар көрсетеді.
Лепра қоздырғышы – Mycobacterium leprae 1973 ж. Г.Гансен сипаттаған.
Лепра – тек адамдар да ғана кездесетін созылмалы инфекциялық ауру. Ауру ағзада кең таралу процесімен, терінің, шырышты қабықтың, жүйке жүйесінің ж/е ішкі органдардың зақымдалумен сипатталады.
Морфологиясы
Лепра микобактериялары – тік н/се кішкене иілген таяқшалар. Қоздырғыш туберкулез таяқшасына ұқсас, грам оң, спорасы, капсуласы, талшықтары жоқ. Зақымдалған тіндерде микроорганимздер жасуша ішінде тығыз шар тәрізді жиналады. Ол лепрозды шарлар деп аталады. Онда бактериялар бір-біріне жанымен жабысып темекі таяқшалары түрінде орналасқан (сигар таяқша). Қышқылға тұрақты, Циль-Нильсен әдісімен қызыл түске боялады. Лепра микобактериялары жасанды қоректік орталарда өспейді. Сондықтан бактериологиялық зерттеу әдісі қолданылмайды.
Иммунитеті
Аурудың дамуына қарай Т-лимфоциттер саны мен белсенділігі төмендейді ж/е лепра микобактерияларына қарсы тұру қабілеті жойылады. Гуморальдық иммунитет бұзылмайды. Науқастың қанында лепра микобактерияларына жоғары титрде антиденелер анықталады, бірақ олар протективтік қасиетке ие емес.
Эпидемиологиясы
Инфекция көзі – науқас адам. Жұқтыру науқаспен ұзақ және тығыз қатынас кезінде жүреді. Ауру оңтүстік теңіздер жағалауында ж/е үлкен суқоймаларында кең таралған (Үндістан, Орталық ж/е Оңтүстік Африка елдері).