Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.
Инактивацияланған вакцина
Инактивацияланған вакциналарды вируленттілігі және антигендік құрылымы жетік құнды жоғары патогенді штамдардың инактивациясын физикалық және химиялық тәсілдермен алуға негізделген (көкжөтел қоздырғышын формалинмен инактивациялайды, лептоспираларды - жоғарғы температурамен, тырысқақ вибрионын - формалинмен). Осындай вакциналар аса тұрақты және қауіпсіз. Өлі вакциналарды қолданғанда иммунизация нәтижесі препарат құрамындағы иммуногеннің мөлшеріне байланысты. Сондықтан толық құнды иммуногенді стимул қалыптастыру үшін микробтық клеткаларды немесе вирустық бөлшектерді концентрациялау және тазарту қажет. Иммунды жауапты күшейту үшін вакцинаның бірнеше дозасын егу керек (бустерлік иммунизация).
Синтетикалық және жартылай синтетикалық вакциналар
Бактериялар мен вирустардың молекулалық антигендерін немесе күрделі протективті антигендерді синтетикалық және жартылай синтетикалық вакциналарды алу үшін қолданады. Соңғылары полимерлі құрылым мен адъюванттан тұратын спецификалық антигенді комплекс болып табылады. Белгілі бір инфекцияға қарсы иммунизацияға арналған дара (моновакинадан) вакциналарды біріктіріп, құрамында бірнеше моновакциналар бар күрделі препараттар дайындайды. Осындай поливакциналар организмді бірнеше инфекцияларға қарсы иммунитетпен қамтамасыз етеді. Мысалы, АКДС-вакцина, оның құрамына адсорбты дифтериялық және тырысқақ анатоксиндер мен көк жөтелдің корпускулярлы антигені бар. Сонымен қатар, полианатоксиндердің туыстары: ботулиндік пентаанатоксин, гангренаға қарсы тетраанатоксин, дифтериялық-тырысқақ дианатоксин деген өкілдері бар. Полиомиелиттің алдын алу үшін полиомиелит вирусының I, II, III серотиптердің аттенуирленген штамдарынан тұратын поливалентті препаратты бір рет қабылдайды.
Ассоциацияланған вакциналар
Әр түрге жататын вакциналар, құрамында бірнеше түрлі компоненттер (АКДС) болады.
Корпускулярлы вакциналар, оларға химиялық (формалин, спирт, фенол) және физикалық (жылу, ультракүлгін сәулемен өңдеу) жолдармен инактивтенген бактериялар мен вирустар жатады. Оларға мысал ретінде мыналарды атауға болады, көкжөтелге қарсы (АКДС и Тетракок), антирабтық, лептоспироздық, біртұтас варионды тумауға, энцефалитке қарсы вакцинасы, гепатит А қарсы (Аваксим), инактивті поливакцинациялар (Имовакс Полио, немесе вакцина компаненттері (Тетракок).
Вакцинациядан кейінгі иммунитеттің қалыптасуына төмендегі факторлар әсер етеді:
Вакцинациядан кейінгі иммунитеттің қалыптасуына төмендегі факторлар әсер етеді:
1.Вакцинаның өзінен тәуелді факторлар: препараттың тазалығы, антигеннің тіршілік ұзақтығы, дозасы, протективті антигеннің болуы, вакцинаның қайтара салынуы;
2. Организмнен тәуелді факторлар: индивидуалды иммундық реактивтілік жағдайы, жас ерекшелігі, иммундық жеткіліксіздік, жалпы организмнің жағдайы, генетикалық бейімділігі;
3. Сыртқы орта факторлардан тәуелділігі: қоректенуі, күнделікті тіршілік ету жағдайы, климат, ортаның физикалық-химиялық факторлары.
Вакцинация және ревакцинация
Вакцинация бір рет (қызылша, паротит, туберкулез) және бірнеше рет (полиомиелит, АКДС) қайтара жасалатын деп бөлінеді. Вакцинаны бірнеше рет қайталау иммунитетті түзу мақсатында жасайды. Ревакцинация – алдында жасалған вакцинация нәтижесінде түзілген иммунитетті сақтап тұру үшін жасалады. Оны жасалған вакцинациядан соң бірнеше жылдардан кейін жасайды.
Вакцинацияның эффективтілігі
Вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцина егілгеннен соң қалыптасады. Вакцинация барлық жағдайда тиімді бола бермейді. Дұрыс сақталмаған вакциналар өздерінің қасиеттерін жоғалтады. Кейде вакцина дұрыс сақталғанның өзінде иммунитеттің стимуляциясы жүзеге аспауы мүмкін.