Байланысты: аза стан республикасы денсаулы СА тау министрлігі аза мма-да
Тері асты Кох сынамасыМанту сынамасына қарағанда сезімтал - ажыратпа диагностика және туберкулездің белсенділігін анықтау үшін қолданылады. Балаларда ол 10-20 ТБ ППД-Л, ересектерде 20-50 ТБ ППД-Л мен жасалады (Манту сынамасы теріс болған жағдайда ғана) жауырын астына немесе иыққа тері астына жасалынады. Жергілікті, ошақты және жалпы реакция болуы мүмкін. Бұл реакцияларды туберкулин енгізгеннен кейін 48 сағаттан соң анықтайды.
1925 жылы Е.Моро мен В Келлер парааллергия - бір антигеннің екінші антигенге әсер етуі жағдайына пайда болған жағдайы туберкулин реакцияларының интенсивтілігіне әр түрлі бейспецификалық факторлар әсер етіп, олар парааллергия феноменін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін: тамақтың сипаты климато-литерологиялық жағдайлар; қосарланған аурулар балалардың жұқпалы аурулары әртүрлі егулер және кейбір дәрі-дәрмектер.
Туберкулин сезімталдығының жоғарылауы бронх демікпесі, базедов ауруы, ревматизм, бруцеллез, пневмония, скарлатина, созылмалы аурулардың қайта өршуі (тонзиллит, аденоит, гепатохолецистит). Балаларда туберкулин реакциясы БЦЖ вакцинасының асқынуларынан кейін, асқынбаған егуге қарағанда айқындау болады.
Туберкулин сезімталдығының төмендеуі немесе тіпті болмауы қызылша, көкжөтел, безгек, вирусты гепатит, рак, лимфогранулематоз, микседема, белоктық аштық кездерінде байқалады.
Терілік туберкулин реакциясынан сол сияқты антигистаминдық дәрілерді А, С, Д, витаминдерін қабылдағаннан кейін және полиомиелитпен қызылшаға қарсы егу жүргізу кезінде азаяды. Спецификалық аллергияның төмендеуіне химиотерапия және химиопрофилактика кезінде қолданылатын туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдау әсер жасайды. Көктем мезгілінде туберкулинге сезімталдық жоғарылап, күз мезгілінде - азаяды, соңғы жағдай десенсибилизация ықпал жасайтын С витаминінің ағзада көбею салдарынан болады.
Туберкулин реакциясының виражын анықтау мақсатында жасалатын жаппай туберкулиндиагностикасын әрбір мезгілдің және де басқа әсерлерді болдырмау үшін тексерулерді жыл сайын бір уақытта жасалған егуден кейін немесе бір аурудан сауыққаннан кейін 4-6 аптадан соң жасаған дұрыс.