Туберкулездіњ клиникалыќ классификациясы



бет2/30
Дата31.01.2023
өлшемі496 Kb.
#63977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

АЛҒЫ СӨЗ


Туберкулез халықтың бір бөлігін еңбекке қабілеттілігінен айыратын және ерте өлімге алып келетін маңызды әлеуметтік және медициналық мәселе болып табылады. 90-шы жылдары кеңестер одағының орнында пайда болған елдерде туберкулездің қарқынды тарала бастауына байланысты ДДҰ ТМД елдерінде туберкулезбен күресудің жаңа бағдарламасын енгізе бастады. Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды бір қалыпқа келтіру мақсатында DOTS стартегиясы 1998 жылы Президенттің жарлығымен және Үкіметтің қаулысымен енгізіліп, 2001 жылы еліміз жағдайына бейімделіп жұмыс істей бастады.
Қазақстанда туберкулез ауруымен күресудің жаңа бағдарламасы қабылданағаннан кейін, бұл бағдарламаның жұмысын негіздейтін бұйрықтар мен әдістемелік нұсқаулар шығарылды. Осы құжаттарға сәйкес Қазақстанда туберкулезді табудың туберкулиндік диагностика, флюорографиялық әдістері қауіпті топ өкілдерінің арасында жүргізіледі және емдеу мекемелеріне қаралған науқастардың арасынан туберкулезді табу үшін бактериоскопия әдісі қолданылады, туберкулездің химиотерапиясы DOTS стратегиясының принциптеріне сәйкес стандартты түрде жасалады, сонымен қатар туберкулезді алдын алу және диспансерлік бақылау әдістеріне де жаңа өзгерістер енгізілді.
Осы оқу құралы жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып туберкулезді табу, алдын-алу және емдеу әдістері жөніндегі мәліметтерді қазақ тілінде білім алатын жоғары медицина оқу орындарының студенттері мен интерн дәрәгерлеріне арналып дайындалған.

ТУБЕРКУЛЕЗДІ АНЫҚТАУ


Туберкулез ауруымен күресудің негізгі бөлігінің бірі - туберкулезді анықтау болып табылады. Туберкулезді анықтау бойынша жүргізілетін шаралардың мақсаты туберкулездің клиникалық және рентгенологиялық белгілері бойынша күмәнді адамдарды мүкіндігінше көбірек табу болып табылады. Онан соң олар туберкулез диагнозын дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін тексерілулері қажет.
Туберкулезді анықтау мен емдеу мекемелері айналысады, ол халық арасында профилактикалық тексеру және емдеу мекемелеріне ауырып қаралған науқастардың ішінен анықталады. Туберкулезді анықтау ерте және дер кезінде жүргізілу керек. Кеш анықталған науқастарды емдеу қиынға түсіп, жазылу баяу жүріп, толық болмайды, сол сияқты анықталмай жүрген науқас бактерия бөліп қоршаған ортадағыларға эпидемиялогиялық жағынан қауіп туғызады.
Кеш анықталған туберкулезге жатады:

  1. жеделдеу және созылмалы диссеминирлі (шашыранды) туберкулез;

  2. асқынған ағымдағы туберкулезді менингит;

  3. казеозды пневмония;

  4. фиброзды-кавернозды туберкулез;

  5. асқынған өкпеден тыс туберкулез;

  6. АМСК жүйесі мекемелері мен ТҚКҰ-да диагностикалық алгоритмнің стандартты мерзімде жүргізілмеуіне немесе науқас балалардың кеш қаралуына байланысты өкпесінде ыдыраудың болуы мен бактерия бөлуі.

Туберкулезді анықтаудың негізгі әдістері:

  1. Туберкулиндік диагностика;

  2. Флюорографиялық тексеру;

  3. Бактериоскопия;

Туберкулезді анықтаудың 2 жолы бар.

  1. Белсенді – халық арасында профилактикалық тексерулер жүргізу арқылы анықталады, әдістері – туберкулиндік диагностика балалар мен жасөспірімдер арасында және флюорографилық тексеру жасөспірімдер мен ересектер арасында.

  2. Пассивті - емдеу мекемелеріне ауырып қаралған науқастардың ішінен анықталады, әдістері – туберкулиндікдиагностика, рентгенологиялық тексеру және бактериоскопия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет