ТУБЕРКУЛЕЗДІ АЛДЫН АЛУ Туберкулезді алдын-алу негізгі үш түрі бар.
Спецификалық алдын-алу
Санитарлық алдын-алу
Химилықпрофилактика
ТУБЕРКУЛЕЗДІ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН АЛУ Туберкулезді спецификалық алдын-алу БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясы арқылы жүзеге асады. БЦЖ вакцинасы - қалдықты вируленттілігі бар, бірақ өзінің иммуногенді қасиетін сақтаған тірі микобактериялар болып табылады.
Бірінші иммунизация кезінде БЦЖ вакцинасының әсерінен иммунитеттің Т- и В-жүйесі мобилизацияланады. Жасушалық иммунитетті стимуляциялау макрофагтардың фагоцитоз және лизис жасау белсенділігін жоғарылаумен байқалып, жоғарысезімталды баяу типті реакцияның (поствакцинальды аллергия) және гуморальды – туберкулезге қарсы антиденелердің пайда болуымен қатар жүреді.
Еуден кейінгі 2 апта ішінде БЦЖ штаммы L-түрге айналып, осы түрде ағзада ұзақ уақыт сақталадыда, туберкулезге қарсы жасанды иммунитетті ұстап тұрады. 70 жылдары Н.А.Шмелов, З.С.Земскова, И.Р. Дорожкова БЦЖ штаммының L-түрі алғаш рет еккеннен кейін ағзада 7-8 жыл ішінде ссақталатынын анықтаған.
БЦЖ (BCG – Bacilles Calmette, Guerin) вакцинасын француз ѓалымдары А. Кальмет жєне К. Герен, 13 жыл ењбек етіп – туберкулез таяќшасының б±ќатектес т‰рінен ќайта себу арќылы, б±ѓан глицирин, б±ќаның µтін ќосып – осы вакцинаныњ штаммын тапты. 4 жылдан кейін осы штамм вируленттілігін ‰й – жануарларына, тењіз шошќасына, ал 13 жылдан кейін – ‰й ќояндарына, маймылдарына жоѓалтып алды. Ал осы жануарлар туберкулез таяќшаларымен келесі кездескенде тµзімділігі жоғары болды.
Ењ алѓашќы нәресте Францияда 1921 жылдың шілде айында егілді. БЦЖ вакцинасы туберкулездің спецификалық профилактикасына қолданылатын жалғыз препарат болып табылады. Қазіргі кезде БЦЖ вакцинасы туберкулезге ќарсы 68 мемлекетте егіледі жєне – 118 елге егуге ұсыныс жасал,ан.
Туберкулездің спецификалық профилактикасының нәтижелілігі жүргізілген егудің нєтижелілігіне байланысты болып, поствакцилық тыртықтың көлемімен анықталады. Егу д±рыс жасалғанда тыртыќ 90–95% жағдайда вакциналанѓан нәрестелерде және 95-98% ревакцинацияланѓан балаларда пайда болады.
Вакцинация жасалған нәрестелерде туберкулез ауруы 6,5 есеге, ал ревакцинация жасалған балаларда 2-3 есеге азайды. Баланың қолындағы тыртық неғұрлым үлкен болса, туберкулез қорғану индексі өте жоғары болып саналады. Бұл мәліметтер тәжірибеде БЦЖ вакцинасының құндылығын көрсетеді.
Қолдану әдісі және мөлшерлеу. Бірінші рет вакцинация жаңа туған дені сау нәрестелерге және шала туған нәрестелерге салмағы 1,5 кг болғанда өмірінің алғашқы 4 күндері жасалынады.
Нәрестелерді педиатр қарағаннан кейін ғана вакцинация жасауға рұқсат етіледі, ол сәбидің тарихнамасында негізделініп жазылады. Жаңа туған балаларға вакцинацияны егу кабинетінің медбикесі дәрігердің белгілеу бойынша бала шешесінің көзінше жасайды, медбикенің егу жүргізуге рұқсат қағазы болуы тиіс.
Жасалынған вакцина егу, вакцина туралы деректер (шығарушысы, сериясы, мөлшері, жарамдылық мерзімі, егу жасалған күн) нәрестенің тарихнамасына және айырбас картасына жазылады, ол бала перзентханадан шыққаннан кейін тұрғылықты жеріндегі емдеу мекемесіне беріледі. Анасы перзентханадан жасалған егу, жазылған егу төл құжатын тапсырады.
БЦЖ вакцинасы сол иық бетінің жоғарғы және орта бөлігінің үштен бір шегінде, қатаң түрде тері ішіне, шет елдерден алынған вакцина 0,05 мл бір жасқа дейінгі нәрестелерде, 0,1 мл бір жастан асқан балаларға салынады. Ресей вакцинасы балалардың жасына қарамастан 0,1 мл мөлшерде салынады.
Нәрестелерге БЦЖ ваккцинациясын жасаудың кері көрсеткіштері:
бастапқы инфекция БЦЖ, жанұядағы басқа балалардан анықталған (иммунодефициттiң тұқым қуалаушылық мүмкiндiгi);
АИВ\ЖИТС;
шала-2000 гр-дене салмағының аздығы немесе гестационды шақ 33 аптадан төмен;
ОНЖ зақымдалуы- жүйке жүйесiнiң туыла зақымдану белгiлерi (ауыр деңгейде);
жатырдағы жұқпалы аурулар, жаңа туылған нәрестенiң денесiне микробтың жайылуы;
жаңа туылған нәрестелердiң гемолитикалы аурулары (ауыр және орташа ауыр түрлерi);
орташа және ауыр түрдегi аурулар, фебрилдi дене қызуы және жалпы жағыдай қалпын бұзумен көрiнедi.
Ревакцинаға Манту сынауының терiс нәтижесi анықталған 6 жастағы (1сынып) сау балалар жатады.
Ревакцинасияны АМСКдiң мамандары ТҚМ фтизиопедиатрларымен қосылып жүргiзедi, ұйымдастырылған мектептермен бiрге республика көлемiнде оқыйтын 6 жастағы (1-сынып) балаларға оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) жүргiзiледi. Бұл кезде басқа егулер түрiн жүргiзуге болмайды.Қолданылмаған БЦЖ вакцинациясының қалдықтарын аймақтық мемлекеттiк санэпидбақылау департаментiне өткiзiледi. БЦЖ вакцинациясын үнемi сақтау тек, босану үйлерiне ғана (босану бөлiмшелерiнде) тоңазтқышта арнайы құлыппен жабылу арқылы сақтауға рұқсат етiледi.
Манту 2 ТБ сынамасымен БЦЖ ревакцинасының аралығы 3-күн мен 2-апта аралығы.
51. БЦЖ ревакцинасына керi әсерлерI:
туберкулез микробактериясын жұқтырғандар немесе бұрын туберкулезбен ауырғандар.
Манту сынамасының оң немесе күмәндi нәтижесi
Манту 2 ТБ сынамасына керi әсерлер
БЦЖ вакцинасының асқынуы немесе басты БЦЖ инфекциясының жанұядағы басқа балалардан анықталуы.
5) АИВ - жұқтырғандар.
6) иммуно мұқтаждық жағыдайы қатердiң жаңа түрлерiнiң пайда болулары.
7) ауыр жұқпалы және жұқпалы емес аурулар,созылмалы аурулардың күшейуi, оның iшiнде аллергия түрiндегiлерi.Ревакцинаны сауыққаннан кейiн бiр ай өткен соң жүргiзедi.
8) уақытша егулерден босатылған жандар, толық жазылып керi әсерлер қайтқанша,бақылауға алынып, егулер есебiне тiркеледi.
Манту сынамасы және қайта егу аралық мерзімі 3 күннен аз немесе 2 аптадан артық болмауы тиіс.
Жоғарыда тізімде көрсетілмеген басқа аурулардан әрқайсысы ауруға сәйкес мамандар рұқсаты бойынша БЦЖ егу және қайта егу жасалынады. Басқа профилактикалық егу жұмыстары БЦЖ ревакцинациялауға алдында және одан соң 2 айдан кейін жүргізілуі тиіс.
Бір жасқа толмаған, БЦЖ таңбалары дамымаған балаларға 6 айдан соң тек бір рет қана, алдын ала Манту сынамасын жасамай ақ вакцина қайта егіледі.
Вакцинациядан кейін тыртық анықталмаған 1 жастан асқан балаларға алдын ала Манту сынамасы жасалынып, содан соң егу жүргізіледі.
Вакцинация, ревакцинация жасауға бір рет қолданылатын туберкулин шприцтері пайдаланылады. БЦЖ құрғақ вакцинасын қолдану алдында ерітеді. Вакцинаны еріту, вакцина өңдіруші қосып берген ерітіндімен ғана (стандартты ерітінді) ерітуге рұқсат етіледі. Еріткіш мөлдір, түссіз болуы керек және онда басқа қоспалардың болмауы шарт.
Егілетін өлшемі 0,05 мл, тең егетін шаманы алу үшін 20 дозалық флаконға 1,0 мл ерітінді жібереді, ал 40 дозалық вакцинаны еріту үшін 2, 0 мл ерітінді қажет болады. Ерітілген вакцина 1минут ішінде біркелкі тұнба, беру керек.
Ерітілген вакцинаны қатаң түрде тазалық сақтаған және күн және күндізгі жарықтан сақтаған кезде ғана 6 сағатқа дейін қолдануға болады. Қолданылмаған вакцинаны қайнату немесе залалсыздандырғыш ерітінділеріне құю арқылы жою керек немесе пешке жағып жіберу керек.
Вакцина салынған ампуланы ашпас бұрын дұрыс қарап шығу керек.
Препарат төменгі жағдайларда қолданылмайды
ампулада жазу болмағанда немесе толық жазылмағанда;
жарамдылық мерзімі өткен болса;
ампула жарылған болса;
заттың физикалық қасиеттері өзгерген жағдайда;
ерітілгеннен кейін ерітіндіде қосымша заттар немесе ерімеген қалдықтар болса қолдануға жарамсыз деп табылады.
Бір рет егу үшін стерильді шприцке ерітілген вакцинаның1,5 мөлшері алынады, содан соң инедегі ауаны шығару үшін оған вакциннің 0,05 мл бөлігін стерильді шарикке шығарады және поршень 0,1 мл тұсына келтіріледі. Әр 1,5 мөлшер тарту алдында вакцина шприц арқылы араластырылуы керек. БЦЖ вакцинасы қатаң түрде тері ішіне жіберілуі тиіс және оны сол жақ иықтың сыртқы беткейіне жоғары үштен бір бөлігіне 70%-тық спиртпен сүртілгеннен кейін жасалынады.
Иненің қиғаш кесілген жағын жоғары қаратып тері ішінің беткі қабатына кіргізеді. Оның тері ішіне кіргеніне көз жеткізіп алу үшін алдымен кішкене вакцина жіберіп көреді, содан соң қалғанын жібереді (0,1 мл). Егу техникасы дұрыс болған жағдайда диаметрі 6-8 мм шамасында ақшыл түсті инфильтрат түзілуі тиіс. Жаңа туылған балаларда инфильтрат одан кішірек (5-6 мм) болады. Инфильтрат 15-20 минуттан кейін жоғалады.
Вакцинаны тері астына жіберуге болмайды, өйткені ол кезде суық абсцесс түзілуі мүмкін.
Вакцина жіберілген орынды йодпен және басқа ерітінділермен сүртуге және дәкемен таңуға болмайды.