Амфотерицин В полиенді антибиотиктерге жатады («полиен» байланысы көп дегенді білдіреді). Саңыраукұлақтарға қарсы кең спектрлі ең белсенді және ең улы зат болып табылады. Ол терең микоз туындататын көптеген қоздырғыштардың өсуін тежейді. Әсер ету механизмі: эргостеролмен (саңырауқұлақтар қабығының негізгі компоненті) байланысып, жасуша өліміне (фунгицидтік қызмет) әкеледі. Резистенттілік баяу дамиды. Антибиотик іс жүзінде асқазан-ішек жолдарында сіңбейді, аздаған бөлігі ғана тіндер мен қуыстарға өтеді. Амфотерицин В терең және жүйелі микоздарда тіршілік көрсеткіштеріне сәйкес қолданылады.
Жанама әсерлері көп: бас ауруы, қызба, диспепсиялық бұзылыстар, гипокалиемия (жүрек аритмиясы ықтимал), нефро- токсикалық және гепатотоксикалық әсерлері бар.
Микогептинніңқұрылымы мен саңырауқұлақтарға қарсы спектрі Амфотерицин В-мен ұксас, бірақ ішке де, сыртқа да тағайындалады, уыттылығы төмен.
Нистатин және леворин де полиенді антибиотиктерге жатады. Екі препарат та кандидоз қоздырғыштарына белсенді әрекет жасайды. Асқазан-ішек жолдарында сіңуі төмен, толықтай дерлік өзгеріссіз нәжіс арқылы шығарылады. Асқазан-ішек жолдарының ашытқы саңырауқұлағымен зақымдануын емдеу үшін және кең спектрлі антибиотиктерді қабылдау кезінде профилактикалық мақсатта, сондай-ақ шырышты қабық, тері, ауыз, жыныс мүшелерінін кан- дидомикозын емдеу үшін тағайындалады.
Гризеофульвинполиенді антибиотиктерден химиялық құрылымы жағынан ерекшеленетін антибиотик болып табылады. Спектрі тар. Тек қана дерматомикоздарда ғана тиімді. Трихофития, эпидермофи- тон, фавус (котыр) сияқты дерматомикоз қоздырғыштарына жоғарғы белсенділік көрсетеді. Әсер ету механизмі нуклеин кышқылдарының синтезін тежеуге негізделген. Гризеофульвин жақсы сіңіріледі және тері, тырнақ, шаштың терең қабаттарына жақсы енеді. Кератинде жиналады (шаш, тырнақ эпидермистің құрамына кіретін ақуыз болып табылады), сөйтіп саңыраукұлақтардың енуіне кедергі жасап, қорғайды. Емдеу үдерісі кезінде шаш зақымдалса, жинау кажет, тырнақ закымдалса, алу керек, тері зақымдалса, мүйізді қабатын аршып тұру керек. Гризеофульвин аяқ, кол, бас терісі, шаш, тырнаққа жұқтырған кезде пайдаланылады. Препараттың көтерімділігі, әдетте, жақсы. Туындауы мүмкін: диспепсиялық бұзылыстар, нейроуыттылық (бас айналуы жэне ауруы), бауыр қызметінің бұзылуы, және аллергиялық реакциялар.
Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы заттарға азол препараттары (миконазол, кетоконазол, клотримазол, флуконазол, интра- коназол) және баска да химиялық сыныптар (тербинафин, нитро- фунгин, декамин, йод препараттары жэне т.б) жатады.
Азол тобының препараттары эргостерин синтезделуін тежеу арқылы саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының қызметінің бұзылуын туғызады. Дерматомикоздарда, жүйелі микоздар мен қан- дидомикоздарда тиімді болып табылады. Әсер түрі — фунгицидтік. Имидазол тобына миконазол жатады. Миконазолдан жиі болатын жанама әсерлер оның пайдаланылуын шектейді. Қазіргі уақытта миконазол, негізінен, беткей кандидоз бен дерматомикозда жергілікті пайдаланылады. Сондай-ақ имидазол туындысына кетоконазол мен клотримазол жатады. Кетоконазол терең микоздарда, сондай-ақ кандидоздарда және дерматоздарда пайдаланылады. Гепатотоксикалык әсері бар: кұсу, жүрек айнуын туындатады. Тері және шырышты қабықтың кандидомикозы мен дерматомикозында клотримазолды жергілікті пайдаланады. Триазолдьщ туындыларынан жүйелі микоздарды және кандидомикозды емдеу үшін флуконазол және итраконазол пайдаланылады.
N-метилнафталин туындыларына тербинафин (ламизил) жатады. Ол эргостерол синтезінің ерте бастапқы кезендерінде әсер етіп, нәтижесінде саңырауқұлақтардың жасушаларында аралық өнімдер жинақталады да жасуша өледі. Тербинафин дерматомикоз қоздырғыштарын және ашытқы саңырауқұлағының өсуін басып тастайды және олардың өлуіне себепкер болады. Теріде және тері астындағы шел майына, тырнақ пластинкаларына жиналады. Қолданылуы: тербинафинді кез - келген жерде болатын дерматомикозды және шырышты қабық кандидомикозын емдеу үшін қолданады. Препаратты ішке резорбтивті әсері үшін және жергілікті әсері үшін крем ретінде тағайындайды. Жанама әсерлері: пероралды емдеуде — диспепсиялық бұзылыстар, іш өту, жергілікті қолданғанда — терінің қызаруы, күйіп-жанғандай сезім, кышу пайда болуы мүмкін. Дерматомикоздарда спирт ерітіндісі түрінде нитрофенол туындысы — нитрофунгин (хлорнитрофенол) жергілікті пайдаланылады. Катиондық детергенттер тобынан декамин дермато- микоздарды және кандидамикоздарды емдеу үшін тек жақпа түрінде жергілікті пайдаланылады.
ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАТТАР Қарапайымдылардан, гельминттерден және буынаяқтылардан туындаған аурулар паразиттік ауруларға жатқызылатыны белгілі. Олар адам патологиясында маңызды орын алады және өлімнің жиі себептерінін бірі болып табылады.