Туберкулезге қарсы дәрілік заттар



бет8/13
Дата20.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#141334
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
№13 Вирусқа қарсы. Иммунотропты заттар. Туберкулезге қарсы. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.-1

Хингамин (хлорохин) — ең тиімді препарат, ол жыныссыз эритро -цитарлы плазмодилердің барлық түрлеріне цидті қасиет көрсетеді. Ол иммунологиялық үдерістерге тежегіштік әсер көрсетеді. Айқын қабынуға қарсы және десенсибилизациялық (жасуша мембранасы 11 тұрақтандырады) әсерге және антиаритмиялық белсенділікке ие. АІЖ жылдам әрі толықтай сіңеді, тіндерден баяу шығарылады, ішінара метаболизденеді. Плацента арқылы жеңіл өтеді. Сыртқа несеппен шығарылады. Қолдануға көрсеткіштер: безгектің барлық өткір түрлерінің көріністерінің алдын алу және емдеу, жүйелік ауруларда және т.б. Әдетте, препаратты ішке қабылдайды, алайда безгектің қатерлі ағымдарында емдеуді бұлшықетке енгізе отырып бастайды. Хингаминді емдік дозада қысқа мерзімді ішке қабылдайды, препарат елеулі жанама әсерлерсіз сіңіріледі. Көктамырға жылдам енгізгенде, коллапс туғызуы мүмкін.
Хлоридин (пириметамин) безгек плазмодийлерімен қатар, ток- соплазмоз және лейшманилерге қарсы әсері бар тиімді препарат болып табылады. Ол плазмодийлердің преэритроцитарлық түрлері мен гамонттарына, жыныссыз эритроцитарлық түрлерінің дамуын тежеп, басып тастаушы әсер көрсетеді, бірақ хингаминге қарағанда, баяуырақ әсер етеді. Хлоридинді сульфаниламидтермен және/немесе хингаминмен бірге бір мезгілде ішке қолданады, сол кезде тиімділігі айтарлықтай артады. Жанама әсерлері: бастың ауруы, бас айналуы, жүрек тұсының ауруы, диспепсиялық бұзылыстар, стома­тит, ретинопатия, алопеция (шаштың сиреуі) және т.б. Хлоридинмен емдеу үдерісі қан, зәр талдауының сараптамасымен қатар жүреді. Қарсы көрсеткіштер: қан түзуші ағзалардың және бүйректің ауру­лары, сәбилердің алғашқы 2 айлық өмірінде тағайындалмайды. Хлоридинді әйелдерге жүктіліктің I триместрінде тағайындауға болмайды (ұрыққа деген уытты әсерді болдырмау үшін), ал жүктіліктің соңғы уақыттарында абайлап колдану қажет.
Хинин — әр түрлі (Сһіпсһопа) хинин ағашының қабығында кездесетін алкалоид. Хининнің басты ерекшелігі безгекке қарсы әсері болып саналады. Әсер ету түріне қарай ол хингаминге ұқсас, бірақ белсенділігі аз және уыттылығы жоғары болып табылады. Негізгі әсерімен қатар, ол терморегуляция орталықтарын тежейді қызба ауруларында дене температурасын төмендетеді; жүрек бұлшықетінің қозғыштығын төмендетеді, рефрактерлік кезеңді ұзартады және жиырылғыштығын аздап төмендетеді, жатырдың бұлшықеттерін ынталандырады және оның жиырылуын арттырады. Хинин ағзадан тез шығарылады. Қазіргі уақытта хинин, негізінен, безгек паразитінің хингаминге тұрақтылығы дамыған кезде пайдаланылады (және басқа да безгекке қарсы препараттарға тұрақтылық дамығанда). Хинин жиі туындататын жанама әсерлер: жүйелік — құлақтағы шу, бас айналу, құсу, жүрек қағу, қол треморы, ұйқысыздық, идиосинкразия және т.б., жергілікті қолданғанда — некроз ошақтары бар тітіркендіргіш әсер туғызады. Қарсы көрсеткіштер: препаратқа деген жоғары сезімталдық жағдайында, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы, гемо-глобинурия қызбасында, ортаңғы және ішкі қүлақ аурулары. Салыстырмалы қарсы көрсеткіштер: жүктіліктің кейінгі айлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет