ТУҒан тіл / №1 (20), 2014 Редакция алқасы


ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата06.03.2017
өлшемі11,93 Mb.
#8499
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

98

үш-төртеуіне  жанындағы  бар  ақшасын  көзін 

жұмып тұрып бір-ақ ұрды да, бір құмыраны жеке 

өзі тарта бастады. Жұтыңқырап жіберсе өжеттеніп 

алуға  пайдасы  тигеннен  басқа  зияны  болмайтын 

көрінеді.  Мықтылармен  шешіліп  жарқылдай 

сөйлеспек.  Өлеңнің  құнын,  ажарын  арттыра  түсу 

үшін жатымды ырғақпен оқып ішкі сезім мен бет-

әлпетті, қимылды лайығында сәйкестірмек.

Айтан  үстелге  айнаны  қойып,  айна  алдына 

келді,  сосын  айнаға  қарап  тұрып,  өлеңін  оқыды. 

Қолдарын  ербеңдетіп,  қабағын  шытынып,  кейде 

жадырай  қалып,  көк  езу  шабыт  үстінде  тұрған 

ақындар мүсініне келіп алмақ болды.

Уағдаласқан  уақытта  Жанат  пен  Кәмен  екеуі 

жетіп келді, Айтан оларға кәукелек қағып орындық 

қойды, жуылып, жарқырай сүртілген стаканадарға 

толтыра-толтыра  сыра  құйып,  консервалардың 

қақпағын  ашып  тастады.  Айтанның  жомарттығы 

ана  екеуін  де  елжірете  бастады.  «Жылқы  баласы 

кісінескенше,  адам  баласы  сөйлескенше»  деп 

бұрынғылар  бекер  айтпаған  сияқты,  үшеуі  әп-

сәтте  үйір-шүйір  болып  кетті.  Алдарында  құрша 

жорғалап, құдайдай табынып жүрген екі ағасының 

өздерінен  әлдеқайда  төмен  тұратын  пақыр  інісін 

елеп-ескергеніне  Айтанның  көптен  бері  мұздап 

жүрген  іші  жылып  сала  берді.  Әппақ  көбігі 

стаканға  тоқтамай  буырқанған,  кекіргенде  иісі 

танауды  жарып  тұрған  дөнен  сырадан  бірнеше 

стақан тартып жіберген Жанат Айтанға қарап:

– Ал, өлеңіңді оқышы, бауыр,– деді бұйрықты 

лебізбен, сыра буынын әлі босата қоймаған сияқты, 

оншалықты илікпейді, сіресіңкі.

Айтан  мұғалімнің  сұрауына  жауап  берген 

бастауыш  мектеп  оқушысындай  орнынан  атып 

тұрып,  қалтасынан  естелігін  алып  шықты  да 

біресе  күлімсіреп,  біресе  түйіліңкіреп,  екі  қолын 

дамылсыз сілтеп оқи жөнелді: «Әуіп бісіміллә» деп 

оқыған өлеңнің аты «Келер заман» екен.

Көк тұман алдыңдағы келер заман,

Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.

Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,

Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.

Барасың қайда, қайда болмай маған,

Жас өмір алтын-күміс жарқылдаған.

Келер күн келер екен не дайындап,

Қараңғы қарағанмен болжай алман.

Айтан өлеңін оқып шығып, мақтау дәметкендей 

екі ағасына жаутаң-жаутаң қарады. Өтірігім шығып 

қалар ма екен деп қылпылдаған балаша, әлденеге 

жүрексініп  отырған  жайы  да  бар.  Жанат  болар-

болмас жымиыспен мырс етіп:

– Не айтып, не қойғаныңды ұқсам бұйырмасын,– 

деді түйеден түскендей дүңк еткізіп, тым болмаса 

«көңіліне  келеді-ау»  деп  жұмсатыңқырап  айтса 

хандығынан тайып кетер ме еді?

Кәмен қабағын түйіңкірей, ойланып толғанған 

бейне көрсетіп:

– Бірдеңе ұғылады деген күннің өзінде де өлең 

бастан-ақыр  торығушылық  нысайға  толы.  Біз 

алдағы  күннің  қандай  екенін  білеміз  бе  дегенде 

білеміз.  Егер  «Алдағы  күн»  деген  өлең  жазсам 

онда  «көк  тұман»,  «қараңғы»  деп  күңіренбей, 

демек торықбай «нұрлы» «жарқын» деп суреттеп, 

басқаларды  сары  уайымға  салмау  жағын 

қарастырар  едім,–  деп  үстелді  жұдырығымен 

періп  қалғанда  үстел  шетінде  тұрған  бір  стакан 

жерге  құлап  түсіп  екіге  бөлінді.  Тегі  дөнен  сыра 

өр  кеуделіктің  қолтығын  «түрт  сайтан,  түрт»  деп 

түрткілей  бастаса  керек.  Поэзия  қазанынан  дәм 

татқандардың  кейбіреуі  асау  сезімдерінің  тізгінін 

дәл  кезінде  тартқанды  білмей  қала  ма,  әйтеу 

екінің  бірінде  ие  бола  алмай  қоя  беріп    қоятыны 

бар  емес  пе?  Айтан  Кәменнің  мына  өктемдігіне 

іштей ренжіп қалса да, алдына жетіп келген ашуын 

«сезімнің  адамы  ғой,  енді  қайтсің»  деген  ақылға 

жеңдіріп,  сыр  білдірмей  өзін  жайбарақат  ұстады. 

Оның үстіне, Жанат Кәменді:

– Мұның келіспей қалды, – деп сөгіп тастаған 

еді. Кәмен дереу сабасына түсіп:

– Ал, Айтан інішек, бар болса оқи бер өлеңіңді, 

ағаң қуанғанда да, бір нәрсеге ренжігенде де өстіп 

өзін  ұстай  алмай  қалады,–  деді  мінін  мойнына 

алып.  Айтан  «Ақын  көңілі  деген  осы  екен  ғой» 

деп қойды ішінен. Айтанның ендігі оқитыны «Сөз 

тыңдасаңыз» деген өлең еді.

Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,

Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.

Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,

Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.

Бір шумақ оқылғаннан кейін-ақ, Жанат орнынан 

атып тұрып, – тоқтай тұр,–  деді Айтанға, айтарға 

болмаса шиқанша сыздап, жарыларға таяп қалған 

екен,  –  сен  бізді  өлең  таниды  деп  оқып  беріп 

отырсың ғой, ә, солай шығар? Онда жарқыным, дәл 

аңдағыңды бізден басқа біреуге оқып бер, бола ма?! 

Егер сенің орныңда басқа біреу отырған болса, осы 

арада дәртесін қолына ұстатып шығарар едім. 

Кәмен  қарқылдап  күліп  алды  да  Жанаттың 

иығына қағып: 

– Жәке, шыдай түс, «Өлетін бала бейітке қарай 

жүгіредінің»  керісін  келтірді  ғой  мына  бауыр,  – 

деді онан ары жайдарлана түсіп.

Жанат  Кәменнің  қолқа  салуымен  Айтанның 

үшінші өлеңін тыңдауға зорға шыдады. Екі қолын 

сымының  қалтасына  салған  күйі  терезе  алдына 

барды  да,  сыртқа  қарап  сілейіп  тұрды  да  алды. 

Айтанға  ту  сыртын  беріп,  оның  ендігі  өлеңін 

тыңдаса желкесімен тыңдайтын сыңай байқатты.

– Енді сіздерге «Альбомға» деген өлеңімді оқып 

берейін, – деді Айтан дірілдеген үнмен.

Қол жазуды ермек ет жатпа бекер,

Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.

Өзі қысқа,өзі асау тентек өмір,

Арттағыға бір белгі қойса нетер.


ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

99

Өлең  оқылып  осы  жерге  жеткенде,  Кәмен 

«тоқта»  дегендей  ишарат  етті.  Айтан  естелігінің 

бетін еріксіз жапты.

– Шабытсыз жазылған, – деді Кәмен, поэзияға 

жеке мүлкіндей жауапкерлік тұрғыда қарайтындығы 

соншалық, бірдеңесі күйіп кеткендей түтігіп тұр.

Айтан осы үш өлеңінің кем дегенде бірі кәдеге 

жарап  қалар,  тіпті  үшеуі  де  бірінен-бірі  өтіп  тұр 

деп ойлаған.Егер екі ағасы бастарын шұлғи қалса, 

күні ертең-ақ редакциялардың біріне жолдамақшы. 

«Жарайсың»  деп  жауырынынан  қаққаны  былай 

тұрсын,  жерден  ауыр  сөздерді  естіді.  Айтанның 

естиін дегені осы сөз бе еді? Манадан бері тізесін 

бір  бүкпей,  өзінше  ершімді  ырғақпен  өлең  оқып 

тұрған Айтан желі шыққан доптай сылқ етіп отыра 

кетті.

Дегенмен  Жанат  білерлігі  бар  азамат  сияқты, 



Айтанның  әжептәуір  салбырап  кеткенін  сезе 

қойып, ақыл айтып ширата бастады:

– Айтан бауыр, өлең мол білім мен машақатты 

еңбекпен келеді. Өлең жазуға енді-енді талпынып 

жүрген жас талапкерлер өлең кітаптарды көп оқып, 

жан-жақтылы  зерттеу  жүргізу  керек.  Әсіресе, 

Абай, Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты поэзия 

классиктерінің өлеңін жалықпай үйреніп, әр сөзін 

жатқа білгенге дейін оқу қажет.

  Жанаттың  нәзік  те  ұзын  саусақтары  ағалық 

мейірімділіктің  нышанын  байқатып,  Айтанның 

жауырынын бір дүркін аймалап шықты.

– 

«Әр сөзін жатқа білгенге дейін оқу қажет» 



дейсіз  бе,  Жанат  ағай?–  деді  Айтан  ұйқысынан 

шошып  оянғандай  Жанаттың  сөзінің  соңын  бір 

дүркін қайталап.

– 

Әрине, – деді Жанат нығызданып.



–  Жә,  кесетіп  алайын,  аты  жер  жарған  екі 

«ақын» айтарларың осы ма? –  деді Айтан орнынан 

атып тұрып, жыны ұстаған бақсы сияқты, көздері 

шатынаңқы, аз ғана сыраға желіге қалатын нашар 

жігіт  пе  қалай  өзі,  әйтеу  әрекеті  ерсілеу  көрінеді 

көзге.


 – Бұдан артық не айт дейсің бізге,– деді Жаннат 

та қатайып, екі көзі алдындағы әумесірлене қалған 

Айтанды ішіп-жеп барады.

 – Оттапсыңдар! –  Айтан соғып кеткен адамша 

әлгіден  де  елеуреп  кетті.  Манадан  бері  өңінде 

ұялып тұрған ілтипат, кішілік сезім белгілері лезде 

ғайып  болып,  оның  орнына  ызғарлы,  кекесінді 

күлкі ойнап шыға келді.

– Есің ауысқаннан сау ма?– деді Кәмен, бұрын 

ешкімнің  аузынан  естімеген  ауыр  сөзді,  түкке 

тұрғысыз біреуден естіп тұр. Бұдан өткен қорлық 

бола ма? Кәмен төзе алмай кетті білем, алдындағы 

үстелді  үстінде  тізулі  тұрған  ыдыс-мыдысымен 

бірақ  төңкере  салды.  Енді  келсең-келге  шығып, 

қып-қызыл  төбелес  салудан  басқа  ештеңенің 

жөні  қалмаған  сияқты.  Бірақ  не  нәрсе  Айтанның 

сайтанына  сабыр  берді  екен,  әйтеуір  төбелеске 

дереу қол қоймады, сөзбен сайысқысы келіп тұрған 

көрінеді.

–  Есі  ауысқан  екеуің,  –  деді  Айтан  онан  ары 

желіге  түсіп,  –  менің  «Келер  заман»  деп  оқып 

берген өлеңімнің басқы шумағы Абайдан, кейінгісі 

Пушкиннен;  –  ей  ұқтыңдар  ма?  «Сөз  тыңдаңыз» 

деп  ат  қойған  өлеңім,  бүтіндей  Абайдікі;  ал, 

«Альбомға»  деген  өлеңім  тақырыбынан  тартып, 

әрбір  сөзіне  дейін  Лермонтовтікі;  Сенбесеңдер 

мына  «Абай  Құнанбайұлын»  оқып  көріңдер,  – 

Айтан  «Абай  Құнанбайұлын»  Жанат  отырған 

төсектің үстіне қарай лақтырып жіберді,  – өздерің 

де оқыңдар, ұлы классиктерді!

Айтан екі қолымен мықынын таянып, ағаларына 

қасқая  қарап  тұр.  Өз  құлағына  өзі  сенбей  қалған 

Жанат:

– Сен, ә, мына сен құйрықсыз иттің өзі екенсің, 



–  деп  Кәменді  ертіп  жатақтан  тасыр-тұсыр  шыға 

жөнелді.


Үй  ішінен  Айтанның  қарқылдаған  күлкісі 

шығып жатты.



өнерхан өгІзБАйҰлы, 

ҚХР

РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІ: 

 

Авторлардың стилі, орфография хақы сақталады, мақалалар 



редакцияның көзқарасын білдірмейді. 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» 

баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелді. 

КӨРКЕМДЕУШІ- ТЕХНИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ  

Асыл Қартабаева 

Альманахтың мұқабасында - суретші Ботагөз Зейнелханның 

«Сезім» шығармасы 

 

  Теруге жіберілген күні 26.03.2014 ж. 



Басуға қол қойылған күні 27.05.2014ж. Пішімі 70/100 

Тапсырыс №             Таралымы 1000 дана 

 

Редакцияның мекен жайы: 



Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 

Ш. Уәлиханов көшесі 43 А. 

Тел/факс: (727) 273 99 97; 273 90 25: 

Сайт: qazaq-alemi.kz  E-mail: kazaktar kz.@ mail.ru  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет