Туғанына 110 жыл 1912-1993 Д. А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген



бет1/4
Дата17.02.2023
өлшемі20,21 Mb.
#68865
  1   2   3   4
Байланысты:
Kunaev D.A.


«Қонаев Дінмұхамед Ахмедұлы
туғанына 110 жыл»
1912-1993
Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы)
қаласында дүниеге келген.
1931 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтына оқуға қабылданып, 1936 жылы тау-кен инженері мамандығын алған ол еңбек жолын Балхаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішінде қарапайым жұмысшыдан бастады. Мұнда бұрғылау станогының машинисінен рудник директорына дейінгі жолдан өтті.
1939 жылы Д.А.Қонаев Шығыс Қазақстан облысында жаңадан құрылып жатқан Кенді Алтай қорғаныс кәсіпорнына қызметке ұсынылып, Риддер руднигі және Лениногор кен басқармасының директоры болды. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары майданның Қазақстандық арсеналының жауапты учаскелерінде қызмет атқарды.
Соғыс жылдары Д.А.Қонаевтың саясаткер болып қалыптасу кезеңі басталып, мемлекеттік лауазымды қызметтерге тартылды.
Ал ғылымға деген құштарлығы арқасында өз мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғады. Диссертация негізінде «Қоңырат руднигіндегі бұрғылау-жару жұмыстары», «Қоңырат мыс кенін қазу » атты ғылыми еңбектері жарық көрді.
1952 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып сайланып,1952-1955 жылдары Президенті қызметін атқарды.
1960 жылы Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Ұзақ жылдар Республиканы басқарған Д.А.Қонаевтың басшылығымен қазақ даласында көптеген қалалар салынып, автокөлік жолдары, темір жол, әуе жолы инфрақұрылымы дамыды, колхоз, совхоздар елдің дамуына үлкен үлес қосты.
Кітап көрмесіне заңғар тұлғаның Қазақстан ғылымының дамуы, Республиканың өркендеуіне байланысты жазылған еңбектері, баяндамалары қойылды.
Қонаев
Дінмұхамед
Ахметұлы.
Биобиблиографиялық көрсеткіш / Құраст. Ш. Ұларбек. Бас. ред.: К. Нұрпейіс, ҚР ҰҒА академигі, Т.Қожамқұлов, профессор. Жауапты ред. Қ.Е. Қаймақбаева, ОҒК директоры. Библиогр. ред.: Т.В. Вдовухина, Г.И. Белгібаева, А.С. Серік. – Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2011. - 296 б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет