“АБАЙ Ж ОЛЫ ” ЭПОПЕЯСЫН ТӨМЕНГІ СЫНЫІІТАРДА
ОҚЫ ТУДЫ Ң Ж О Л ДА РЫ
5-сы ны пта эпопеяның “Қайтқанда” бөлімінің 2 8 -3 7 -
беттері бойынша “Қанды үкім ” тақырыбымен Қодар мен
Қ ам қа өлім ін оқы туға болады . Ең алды м ен, м ү ғал ім
алдындағы негізгі мақсат — үзіндінің мазмүнын меңгерту,
мәтінді оқыту. Көмек-нүсқау арқылы, мәтінді алдын ала
үйге беруге болады.
Көмек-нүсқау мына м азм үнда болуы мүмкін:
— Қарашоқы қыстауының сипаты. ЬІрғызбайлардың
оған қызығу себебі.
— Жексен аулындағы жиын. Қодар мен Қамқаның
осында әкелінуі.
— Ж азаға дайындалған қара атан сипаты.
— Қ ам қаны ң сүрағы . Қ амысбайды ң арсы з, пәле
жапқан жауабы.
— Қодардың алдындағы топ. Қүнанбай, Майбасарлар...
— Қодардың Қүнанбайларды өткір сөзбен масқаралауы.
— Қодарды түйеге асу. Оның жаны қиналуы.
— Божейлер мен Қаратайлардың тіл қатысулары.
— Қүнанбайдың ж аң а бүйрығы. Қодарды қүздан
қүлату. Тас лақтырту.
— Абай мен Жиреншенің осы сүмдық үстіне тап болуы.
— Қүнанбай сүмдығының сыры. Ол туралы Бөжейдің
пікірі.
Осы сю жеттік жоспар арқы лы оқуш ы ларды ң үйден
алдын ала оқып келуін ж үзеге асыру керек. Сабақтың
алғашқы кезеңінде осы көмекші-нүсқауды басшылыққа ала
отырып, әңгімелеу әдісімен үзіндінің ж алпы мазмүнын
о қ у ш ы л а р д ы ң қ а л а й м ең гер ген ін те к сер ге н дүры с.
2 5
Оқушылар жоспарды басш ы лы ққа ала отырып мазмүн-
дайды, мүғалім толықтырып, көмектесіп отырады. Сабақтың
екінш і кезеңінде мүғалім белсенділік көрсетеді. Күрделі
үғы м дар, сөздерді түсіндіреді. М ысалы, ш ариғат заңы
бойынша туыс адамдар арасындағы үйлену, ж ақындыққа
салынатын қатаң тыйымға, оның дүрыстығына, бірақ атасы
мен келіні арасындағы өсектің шын еместіғіне, Қүнанбай-
ларды ң Қодар мен Қ амқаны өлтіртуінің басты себебіне
тоқталу керек. Сондай-ақ, “қара атан”, “шом”, “ж үзі қара”,
“қы ры қ рулы ел”, “қүн сүрау” деген сөздердің мән-жайын
түсіндірген дүрыс. Ары қарай Қодар мен Қүнанбай, Бөжей,
С үйіндік арасы ндағы д и ал о гті үзіндіден қ ай та оқып,
тү сін д ір м ел і әдіс а р қ ы л ы м азм үны н и герту ж үм ы сы
жүргізіледі. Әсіресе, диалогтерді мәнерлеп оқуға, оқушыға
мәнерлетіп оқытуға көңіл бөлінеді. Мәтінмен толық жүмыс
істеген соң, әңгімелеу әдісімен оны талдауға көңіл бөлінеді.
Әңгімелеу сурақтары:
1. Қодар мен Қам қаны Қүнанбайлардың ж азалау
себебі не?
2. Ол туралы Бөж ей, С үйіндіктердің пікірі, ойы
қандай?
3. Қодардың өлер алдындағы ащы сөзі, ашу-ызасы
қандай шындықтардың бетін ашып түр деп ойлайсындар?
4. Қамқа сүрағында, оның бірден талып қалуында
қандай сыр жатыр?
5. Ж аны қиналған Қодарға “қыры қ рулы елге қырық
кесек тас” лақтыртудың іш кі есебі неде?
6. Бөжей мен Сүйіндіктер осы ж азаны қостай ма?
Қостамаса, оның сыры неде?
7. Ж аза өтіп ж атқан ауыл, оның адамдарының күй-
ж айы қалай сипатталған?
Әңгімелесуден соң, үжымдық жүмыс арқылы мәтінмен
мынадай жүмыс жүргізуге болады:
1. Бірінш і кезеңде ж үптағы бірінші бала Қараш оқы
сипаты, қара атан суреттелетін ж ерлерді тауып оқиды.
Екінші бала Қодарды түйеге асу баяндалатын жерді тауып,
бір-біріне оқиды (мәтін көрсетіліп беріледі).
2. Келесі кезеңде бірінші бала Қодарға тас лақты ру
баяндалатын жерді, екінші бала Абайдың күй-жайын тауып,
бір-біріне оқиды.
2 6
3.
Осы тәсілмен Қодар — Қүнанбай, Сүйіндік—Бөжейлер
арасындағы диалогтерге де көңіл бөлінеді.
Мәтінмен осындай ж үм ы с атқары лған соң, м үғалім
төмендегі сүрактарды қоя отырып, әрі қарай талдау жүмысын
жүргізеді.
1. Қодардың Қүнанбайға: “Ел ж үртқа масқара етіп,
қор етіп, анау соқыр көзіңнің қүнын менен алайын деп
пе едің?” дегенін қалай түсіндірер едіңдер?
2. Қодардың: “Иә, мен көк ит болсам, сендер көп
итсіңдер! Ж абыларсың, таларсың да жерсің!” — деген
сөзінің мәнінде қандай ой жатыр?
3. “Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жүтқан,
қара бет?” — деген Қодар сөзі қандай шындықтың бетін
ашады?
4. Қүнанбайдың: “Енді анау кәпірден өз жанымызды
ақтап, аулақ әкету үшін, қырық рудың қырық кісісі кесек
атсын!” — деген бүйрығының мәнін түсіндіріндер.
5. “Ш ариғаттың шын бәлесін түпке сақтапты ғой. Бүл
шариғат та айлаға қүры қ бере беретін болды ғой. О да
Қүнанбайдың қойны-қоншында десеңші” деген Қаратай
сөзінің тереңінде не жатыр?
6. “Бөкенші, Борсақ қаш ан айттың деме, шылбырды
Қодар мойнына салған жоқсың. Бүйырса, осыменен өз
мойныңа да салған боларсың, ж азға н ” деген Бөж ей
сөзінен не аңғарасыңдар?
Мәтінге сүрақ қою — оны мазмүндатудың маңызды бір
жолы. Оның үстіне әңгімелесу, пікірлесу, тіпті, мазмүндату
да ж ал п ы лам а түсінік емес, нақты , ойлы, әрі деректі
мысалдар арқылы оқушыларды жетелеуге таптырмайтын
әдіс. Мәтінді талдауға оқушыны төменгі сыныптан бастап
ж етелеу керек. Ө кініш ке орай, 4—8-сынып әдебиетін
әдебиеттік оқу, мазмүндау, әңгімелеу түрінде ғана өту керек.
Талдау бүл сыныптарда ертерек деген пікірлермен де ж иі
кездесеміз. Математика сабағында қосу мен алу, көбейту,
бөлуді жоғары сыныптарда оқыту керек деп ешкім айта
алмайды. Ал әдебиет сабағы — сөз өнері сабағы болса, ең
басты мақсат — көркем сөздің мәні, мағынасы, қуаты н
таныту. Оны неге біз жоғары сыныптар үлесіне қалдыра-
мыз. Әрине, талдау әр сыныптағы әдебиеттен берілетін білім
2 7
мен дағды талабына бағынады, окушының жас ерекшелігін
ескереді. Төменгі сыныптан бастап мәтінмен жүмыс жүргізу,
сөз куатын таныту әдебиетті оқытудың ең басты мақсаты
болуы керек.
Әрине, ж оғары дағы мәтінмен ж үм ы ста м үғалім өзі
көмекке келіп отырады. Сүрақ қоя отырып, мәтінге үңілдіре
отырып, мүғалім оқушыны ойландырады, таным белсен-
ділігін дербестендіруді талап етеді. Оқушымен бірігіп, ж аңа
білім беруді, икем-дағдыларын жетілдіруді жүзеге асырады.
Осы үзіндідегі ең негізгі, ең басты мәселенің бірі — Абайдың
ж аза үстіне тап келуі, ж ас баланың сүмдық шошынуы, өз
ортасы, әкесінің қатал іс-әрекеттерінен жиренуі. Келесі
сабақта м үғалім осы оқиғаға ерекш е назар аударады.
Ж үпты қ жүмыс арқылы оқуш ылар Абайдың ж аза үстіне
келуін, іс-әрекетін оқып, меңгереді. Ж үптарға төмендегі
үлгіде көмек-нүсқаулар үсынылады ( оқушылар оны басшы-
Достарыңызбен бөлісу: |