-с ы н ы п қ а
үсынылған. Төменгі сыныпта (6 сагат) “Әжемнің
әңгімесі” атты бір ғана үзінді оқуға, талдауға берілген. Оку
багдарламасында М.Әуезовке 12 сағат беріледі. Тіпті, сол
12 сағатты түгелдей “ Абай жолына” арнағанда да, окушылар
4 кітапты оқып бітіре ала ма? Ең алдымен, “Абай ж олын”
төменгі сыныптан ж үйелі түрде оқытуды колға алу керек.
Төменгі сыныптарда таныспаған, сол себепті оған деген
ынтасы оянбаған балаларға 11 -сыныпта оны түгелдей оқуды
тыкпалау оңды нәтиже бермек емес. Окушылардың жас
ерекшелігі, қабылдау дәрежесіне қарай отырып, эпопеяны
жүйелі түрде төменгі сыныптан оқыткан дүрыс. Сонда ғана
оқушылар әлемге әйгілі эпопеямен бала жастан танысып
өсер еді. Эпопеяны түтастай оқытудың ең басты жолы
алдымен оған деген оқушы ынтасы, қызығушылығын ерте
ояту болмақ.
Көркем мәтінді оқытудьщ барльщ түрін төменгі сыныптан
к ір гізіп , оқуш ы ны оқы рм ан етіп ж етел еу де м ектеп
мүғалімінің ең басты борышы. “Абай жолынан” үзінділерді
сыныпта оқыту, талдаумен қоса, сыныптан тыс оқу, өз
2 3
беттерімен оқуды үйымдастырған абзал. Төменде “Абай
ж олын” оқытудың өзіміз жасаған бағдарламасын үсынып
отырмыз. Әрине, әр үстаздың өзіндік талғамы, оқушысына
сай өзіндік ізденісі болатыны — даусыз мәселе. Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі үсынып
ж үрген бағдарламада “Абай ж олы н” төменгі сыныптан
бастап ж үйелі түрде оқыту жоқ. Дегенмен әр мүғалімнің
сыныптан тыс, өз бетімен оқуға “Абай жолынан” үзінділер
үсынуына әбден болады. Төмендегі бағдарлама көпке көмек
береді-ау деген ниетпен үсынылып отыр.
5-сынып.
а) Оқуға, талдауға: “Қанды үкім ” (і-/сшга/г, 2 8 -
37-бетпъер).
Қүнанбай және оның қол шоқпарларының
қанды іс әрекеті. Қодар мен Қамқаны өлтіру.
Абайдың қатты шошынуы. Жауыздықпен
бетпе-бет. Ж ан күйзелісі. Үзінді іш індегі
шешендік оралымдар, көркем тіл.
Әдебиет теориясы: кейіпкер тілі туралы ал-
ғаш қы үғым.
ә) Сыныптан тыс оқуға: “Ана қүшағында”, “«Қайт-
қанда” (1-кітап, 4 0 -4 5 -беттер).
6-сынып.
а) Оқуға, талдауға: “Атаның батасы” (1-кітап,
84-88-беттер).
ә) Сыныптан тыс оқуға: М үғалімнің үсынуы
бойынша беруге болады.
7-сынып.
а) Оқуға, талдауға: “Шынға шыққан жас шынар”
(1-кітап, 281-284-беттер).
Қүнанбай айтқан үш мін. Абай берғен батыл
ж ауап. Әке мен бала. Ескі мен ж аңаны ң
арасындағы тартыс. Жазушының шебер тілі,
Абай жауабындағы шешендік өрілім.
Әдебиет теориясы: Диалогтің көркем шығар-
мадағы орны.
ә) Сыныптан тыс оқуға: “Тәкежан аулында”
(өлеңніңтууы) (3-кітап, 5 6 -6 4 -беттер).
8-сынып.
а) Оқуға, талдауға: “Исаның ерлігі”.
Әдебиет теориясы: Ж азушьіның тілі, стиль
туралы түсінікті кеңейту.
ә) Сыньштан тыс оқуға: “Біржанның әні” (3- кітап,
32 4-33 4-беттер).
24
9-сынып.
Өз беттерімен оқуға: 1) “Абай басына жасалған
қастық” (“ Қ а с т ы қ т а 4 8 4 -4 9 7 -беттер).
2. “Аға арашасы”, ('Оқапта', 437-450-беттер).
10-сынып.
Өз беттерімен оқуға: “Абай жолы”, 1,2- кітаптар.
11-сынып. а) Оқуға, талдауға: “Абай ж олы ” (толыгымен).
ә) Сыныптан тыс оқуға: М.Өуезов. “Мен “Абай
жолын” қалай жаздым” ( мақала).
Достарыңызбен бөлісу: |