Тукибаева куралай базарбековна



бет40/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Сандық көрсеткіштер

Сапалық көрсеткіштер

- дестинацияға келген туристер санын арттыру;
- жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің көлемін ұлғайту;
- жаңа кәсіпорындар құру;
- өңірдің резидент кәсіпорындары санының өсуі;
- жалпы және туристік саладағы сыртқы инвестициялар көлемін арттыру;
- интерактивті маркетинг құралдары арқылы туристік қызметтер санын арттыру;
- жалпы көші-қон ағынының, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы адамдардың көбеюі;
- өңірден халықтың, оның ішінде жастардың кетуін қысқарту;
- қоғамдық іс-шаралар санын көбейту (көрмелер, жәрмеңкелер, кәсіби мерекелер, мәдени және спорттық іс-шаралар);
- ынтымақтастық және кооперация туралы аймақ- аралық шарттардың санын ұлғайту және басқа да параметрлер.

  • елде және шет елдерде туристік дестинацияның танымалдылығының өсуі;

  • дестинация имиджін қалыптастыру және жақсарту;

  • өңірдің ресурстары туралы хабардарлықтың өсуі;

  • ықтимал туристердің адалдығының артуы және басқа параметрлер.

  • өңірге қайта келген адамдардың үлесін ұлғайту;

  • туристермен кері байланыс орнату;

  • сапасыз туристік қызметтер туралы шағымдар санын қысқарту;

  • өңір тұрғындары мен қонақтарының дестинациясын сипаттау кезінде жағымды эмоциялар санының артуы;

  • дестинацияны тастап кетуге ниет білдірген тұрғындар үлесінің азаюы.

Ескерту − Автормен құрастырылған.

Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың ерекшеліктері оның тәуекелділігімен тікелей байланысты. Себебі, инновацияларды құрудың және инновациялық жобаларды жүзеге асырудың кез келген кезеңінде мерзімнен ауытқу, ресурстардың шамадан тыс жұмсалуы, жоспарланған мақсаттарға қол жеткізе алмау, түпкілікті көздеген нәтижелерді алмау, инновациялық процестің тоқтап қалу ықтималдығы сияқты күтпеген күрделі мәселелер туындауы мүмкін. Ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру, технологиялар, инновациялық өнімдер мен олардың негізінде көрсетілетін қызметтер сияқты жаңа инновациялық жобаларды әзірлеу инновациялық қызметті басқарудың тиімділігіне тікелей байланысты. 50-кестеде Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын инновациялық дамытуды басқару жөніндегі негізгі ұсыныстар келтірілген. Бұл ұсыныстар туристік салада инновациялық қызметпен айналысатын кез келген кәсіпорындар үшін қолданбалы сипатқа ие


Кесте 50 − Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын инновациялық дамытуды басқару жөніндегі негізгі ұсыныстар





Инновациялық менеджменттің функциялары

Бағалау факторлары

Ұсыныстар

Туристік саладағы инновациялық қызметті жоспарлау

Инновациялық қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу (KPI)

Инновациялық қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін енгізу:
- ресурстық қамтамасыз ету;
- жаңа өнімдер/процестер, жобалар саны;
- ұйымдық құрылым және корпоративтік мәдениет;
- идеялар мен білімді басқару жүйесін бағалау;
- жобалау қызметінің тиімділігі;
-жаңа өнім/процестерді нарыққа шығару уақыты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет