Тукибаева куралай базарбековна



бет37/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Басқарудың ішкі жүйесі өте маңызды рөл атқарады, өйткені бұл ішкі жүйе басқару жүйесінде болып жатқан барлық жағдайлар үшін жауап береді. Оның басты компоненттеріне персоналды басқару, басқару шешімдерін әзірлеу, инновациялық жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру, әзірлеу, бақылау, үйлестіру, R&D&I менеджмент жүйесін әзірлеу жатады. Бұл компоненттер инновациялық басқару жүйесінің барлық басқа ішкі жүйелерінің сапасын анықтайды.
Бұл модельді жүзеге асыру арқылы туристік сала дамудың жаңа деңгейіне шыға алады және инновациялық қызметті жүзеге асыруға, инновациялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік алады, нәтижесінде тартылған инвестиция көлемі мен инновациялық өнім көлемі, инновациялық жобалардың саны ұлғайып, туристік өнімдер мен қызметтерге сұраныс артады, көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін туристік сала субъектілері арасындағы бәсекелестік күшейеді, облыстың туристік қызметтен түсетін кірісі артады.
Құрастырылған модельге сәйкес, туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың негізгі мақсаты – үздіксіз даму мен экономикалық тиімділіктің өсуі, оған инновациялық өнімдер мен жобалар, бизнес-процестерді дамытудың инновациялық технологиялары, нарық үлесін арттыру және туристік қызметтерді тұтынушылардың адалдығын арттыру, бәсекеге қабілеттіліктің талап етілетін деңгейі мен туристік саланың тұрақты дамуын қолдауға бағытталған жаңа идеялар мен білімдерді қалыптастыру және пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Осы мақсаттардан туындайтын міндеттер туристік сала субъектілерінің жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады және келесі пунктерді қамтиды:

  • туристік саланың инновациялық дамуының бағдарламалары мен жоспарларын қалыптастыру, оларды қаржылық, материалдық және кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшін бағдарламаларды негіздеу;

  • жаңа өнімдерді (қызметтерді)жасау және әзірлеу бойынша жобаларды талдау және бағалау;

  • туристік сала субъектілерінің құрылымдық бөлімшелерінің инновацияларға қатысты қызметін үйлестіру және инновациялық қызметті қарқындатудың бірыңғай инновациялық саясатын жүзеге асыру;

  • маркетингтік қызметтің, инновацияларды әзірлеу мен оларды коммерцияландыру процестерінің мониторингін ұйымдастыру.

Туристік саланың инновациялық дамуын басқару келесідей негізгі функцияларды қамтиды:

  • инновациялық белсенділікті талдау және туристік сала субъектілерінің инновациялық стратегиясы мен саясатының мақсаттарын қалыптастыру;

  • инновациялық белсенділікті арттыратын іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;

  • ұйымның инновациялық әлеуеті мен инновациялық қызметінің даму деңгейін анықтау;

  • инновациялық идеяларды генерациялау және R&D&I іс-шараларын қарқындату;

  • инновациялық өнімдер мен жобаларды, технологияларды және ұйымдастырушылық инновациялық процестерді енгізуді ұйымдастыру;

  • ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің сапасын басқару;

  • инновациялық жобаларды басқару және инновацияларды коммерцияландыру;

  • ұлттық инновациялық жүйемен, инновациялық қызметті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету ұйымдарымен үйлестіру және нетворкинг;

  • ұйымның инновациялық қызметінің мониторингі және бақылау;

  • туристік қызметке тартылған мемлекеттік инвестициялар көлемін талдау;

  • туристік қызметтердің инновациялық тартымдылығын бағалау.

Қорытындылай келе, біріншіден, туристік саланың инновациялық дамуының басқару жүйесі мен басқарылатын жүйе арасындағы ынтымақтастығы ресми түрде ғана емес, нақты басқару шешімдерін қабылдауға, инновациялық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға бағытталукы тиіс. Екіншіден, инновациялық процеске қатысушылардың қарым-қатынастарын реттейтін туристік саланы инновациялық дамытудың нормативтік-құқықтық базасын құру қажет, сондай-ақ туристік саладағы R&D&I-ды мемлекеттік қолдау жүйесін ұйымдастыру маңызды. Үшіншіден, шетелдік тәжірибе мысалында туристік салада инновацияларды шоғырландырудың жеке орталығын құру өзекті мәселе болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет