Тукибаева куралай базарбековна



бет39/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Туристік саладағы инновациялық жобаларды жасау және жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыс инновациялық жобаларға инвестициялар тартуды, инвесторлар мен сарапшылар тартуды, туризм мен IT, маркетинг саласындағы креативті мамандарды іріктеуді, отандық және шетелдік туристік инновациялық орталықтармен нетворкинг орнатуды, технологияларды трансферттеу және коммерцияландыруды, туристік саладағы трансұлттық компаниялар мен IBM, Google сияқты компанияларды тарта отырып, R&D&I зертханаларында IOT (интернет-заттар), Smart City (Ақылды қалалар), Big Data (үлкен деректер), VR/AR (виртуалды және толықтырылған шындық технологиялары), Blockchain сияқты бағыттарда отандық туристік инновациялық жобалардың санын ұлғайтып, сапасын жақсартуды қамтиды [167]. Осындай сипаттағы ауқымды жұмыстарды атқару 3 бағытта жүзеге асырылады:
«Stage A Lab»-та идеялар туындап, келесі кезеңге іріктеледі және ол инновациялық үдерісті басқаруды қамтиды, оның ішінде: коворкинг space-ті ұсыну, туристік саладағы стартап мәдениетті қалыптастыру, технологиялық тәжірибе беретін іс-шараларды (стартап-конкурстар, стартап-уикендтер, хакатондар, акселерациялық бағдарламалар мен стартап жобалар) өткізу және олардың базасын жүргізу, инновациялық үдеріске қатысушыларға инновациялық жобалардың барлық кезеңдерінде қолдау көрсету және т.б. Олар идеяларды іріктеу, питчинг, скрининг, диагностика, инновациялық идеялардың экономикалық тиімділігін бағалау, тәуекелдің алдын алу шараларын қарастыру сияқты сатыларды қамтиды.
«STAGE B Lab»-та іріктелген инновациялық идеялар мен инновациялық өнімдер жүзеге асырылады, сонымен қатар, бұл кезең туристік саладағы инновациялық белсенділікті арттыру мақсатында инновациялық жобалар мен стартаптар трекингін іске қосуды, инвестициялар тарту бойынша «Invest Day», қаржыландыру бойынша «Seed money» сияқты іс-шаралар ұйымдастыруды, нетворкинг қалыптастыру және тұтынушылармен кері байланыс орнатуды, инновацияларды коммерцияландыруды, нарық қажеттілігін қанағаттандыратын және тұтынушы үшін құндылығы бар инновациялық өнімнің сатыла бастауын, инновациялық жобаны масштабтау кезеңін қамтиды.
Аналитикалық орталық туризм обсерваториясы іспеттес, оның қызметі − цифрлық туризмді бағалау, яғни, цифрлық арналар арқылы алынған табысты анықтау, кастомизация және жасанды интеллект арқылы туристерді эмоционалды бақылау, саяхаттың барлық кезеңдеріндегі туристердің мінез-құлқын, саяхаттан алған әсерлерімен шабыттану кезеңіне талдау жасау және сол арқылы әлеуетті туристерді тарту, технологиялық қосымшалардың көмегімен туристер ағынын бақылау, Big Data көмегімен ақылы негізде тапсырыс бойынша талдау жүргізу, өндіріс үдерісін жетілдіру, бизнес-процесті оңтайландыру, топтық турларға сұранысты жылдам өңдеу болып табылады.
«Tourism Innovation Center»-дің жұмыс істеуі қаржыландыру және мемлекеттік қолдауға қатысты шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Қаржыландыру көзін таңдау инновациялық жобаның ауқымына және оны жүзеге асырудың тәуекел деңгейіне байланысты, оған барлық мүдделі тараптардың қаражаттары тартылады. Бастапқы уақытта, инновациялық жобаға қызығушылық танытқан туристік саламен байланысты қызмет атқаратын 5 ірі компания әрқайсысы 15 000 000 теңгеден 75 000 000 теңгеге дейін қаражат салуы мүмкін, егер жобаға шамамен 46 000 000 теңге шығын кететін болса, жалпы табыс 29 000 000 теңгені құрайды. Басқа инновациялық жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік, ұлттық кәсіпорындарды тартуға болады. Егер «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесі 25 шағын кәсіпорынды тартып, олардың әрқайсысы 2 500 000 теңгеден аударса, 62 500 000 теңге қаражат жиналады, шамамен оның 47 500 000 теңгесі жобаға кеткен шығындарды жапқан жағдайда, 15 000 000 теңге жалпы табыс өндіріледі.
Егер, бір жобаға 10 серіктестердің әрқайсысы 7 500 000 теңгеден жинаса, 75 000 000 теңге қаражат тартылып, оның жуықтап алғанда 43 000 000-ы жобаға жұмсалады, 32 000 000 теңге жалпы табыс ретінде инновациялық бөлімшеде қалады. Бұл жоспар орындалған жағдайда бір жылда «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесі 45 кәсіпорынды тарта отырып, барлығы 227 500 000 теңге көлемінде қаражат тартады, оның 147 200 000 теңгесі инновациялық жобаларды жүзеге асыруға кететін шығындар болса, 80 300 000 жалпы табыс өндіруі мүмкін, одан жылына 16 800 000 теңгедей шығын қызметкерлердің айлығына жұмсалады. «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесі орналасқан кеңсені жалға алуға жылына 3 600 000 теңге кетеді деп жоспарланған. Одан бөлек 2 400 000 теңге көлемінде өзге де шығындар қарастырылған, бұл шығындар 22 800 000 теңгені құрайды, жалпы барлық шығындарды алып тастағанда «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің бір жылдағы инновациялық жобалардан түскен пайдасы шамамен 57 500 000 теңгені құрайды. Алынған сомаға болжам жасау жүргізілді, ол инновациялық жобаларды енгізу есебінен мүліктік кешеннің нарықтық құнының өсуі келесідей (3) формула бойынша анықталды [168]:

ДС = Пт • (П1 - П) (3)


мұнда ДС - инновациялық іс-шараны игергеннен кейін кәсіпорынның нарықтық құнын арттыру
Пт - бағаланатын кәсіпорынның ағымдағы пайдасы;
П1 – инновациялық жобаны жүзеге асырғаннан кейін кәсіпорын алатын пайда;
П - кәсіпорын инновациялық жобаны игергенге дейін алатын пайда.
Төмендегі 33-суретте «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің 2023-2033 жылдар аралығында инновациялық жобаларды жүзеге асырудан түсетін пайдасына болжам жасалынған.



Сурет 33 – «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің 2023-2033 жылдар аралығындағы таза пайдасының болжамы


Ескерту – Автормен құрастырылған


Жоғарыдағы диаграммадағы болжамға сәйкес «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінде 2023-2033 жылдар аралығында инновациялық жобалардан түсетін пайданың көрсеткіші жыл сайын 25 %-ға өсім көрсетеді. Бастапқы бірінші жылдағы таза пайдасы 57 500 000 теңгені құраса, келесі жылы 71 875 000 теңге, құрылғаннан кейінгі 5 жылдың ішінде 175 476 074-ға жуық, 10 жылдан кейін 535 510 479 теңгедей пайда табатын болады. Туристік саладағы инновациялық қызметті жүзеге асыруға қолдау көрсету мақсатында «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесін мемлекеттік қолдау ретінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығынан босату сияқты салық жеңілдіктерін қарастырған жөн. Мысалы, «Astana Hub» технопаркінде инновациялық қызметпен айналысатын тұлғаларға осындай салық жеңілдіктері енгізілген.


Астана қаласы мен Ақмола облысының технологиялық дамуы туристік салада маңызды рөл атқаратындықтан, «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінде, мысалы, туристік маршрут басталған уақыттан бастап, аяқталғанға дейін өз бетімен саяхаттаушы туристерді саяхат барысында сүйемелдейтін мобильді қосымша әзірлеуге болады (34-сурет).


Сурет 34 − Туристерді мобильді сүйемелдеу бойынша қосымшаның тұжырымдамасы


Ескерту − Автормен құрастырылған




Бұл мобильді қосымша әлеуетті келушілердің туристік ұсыныстар туралы хабардарлығын арттыруға, қызметтерді автоматтандыруға, бизнес-процесті оңтайландыруға, топтық турларға сұранысты жылдам өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесі туроператорлармен, мейрамханалармен, туристік объектілермен, қалааралық тасымалдау және көлікті жалға алу сияқты брондау мүмкіндігі бар көлік компанияларымен ынтымақтаса отырып, Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша барлық қолжетімді турмаршруттарды қамтиды. Оның басты мақсаты: турмашруттардың барлығын цифрландырып, табыс әкелу болып табылады, негізгі міндеттері: туристік маршруттарды дамыту, туристік ағынды ұлғайту, инфрақұрылымды дамыту, туристердің келу динамикасын бақылау. Бұл қосымша көмегімен келесідей мәселелерді шешуге болады:

  • туристік дестинациялар нарығының ашықтығын қамтамасыз ету, себебі туристік қызметті ұсынушылар CRM автоматтандырылған басқару жүйесіндегі жека кабинет арқылы тұтынушылар базасын жүргізіп, қызмет көрсету мерзімдерін қадағалайды;

  • дестинацияларда көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау;

  • көрсетілетін қызметтер бойынша ақпаратты уақтылы жаңарту және қызмет берушілердің сұраныстарын уақтылы өңдеу;

  • қызмет жеткізушілер бірыңғай платформада қызметтерін ұсына алады.

Мобильді қосымшада ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін оларды тіркеу және сату шарттары оңай әрі түсінікті болуы тиіс. Қосымшаның контент сапасына, өзектілігіне, ақпараттың және сатып алу қызметтеріне уақтылы қол жеткізу мен сенімділік деген сияқты критерийлерге ерекше назар аударылуы тиіс. Осы жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда салынған қаражат жарнама есебінен өтеледі және болашақта сандық әрі сапалық нәтижелерді жақсарта отырып, DMO үшін таптырмас табыс көзі болады (49-кесте).


Кесте 49 − Мобильді қосымша ұсынатын сандық және сапалық көрсеткіштер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет