Тукибаева куралай базарбековна



бет21/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Финляндия

Туризм стратегиясы, 2006 ж.

Сауда және өнеркәсіп министрлігі, CET - туризмді сараптаудың ұлттық желілік орталығы, Савонлиннаның инновациялық орталығы, FUNTS (17 университет желісі), «TEKEL» Фин ғылыми парктер қауымдастығы

Швеция

Инновациялар бағдарламасы (3 жыл)

Швед туризм басқармасы*, Nutek - Швед экономикалық және аймақтық даму агенттігі, «VINNOVA Vinnväxt» Швецияның Инновациялық жүйелер жөніндегі мемлекеттік агенттігі

Дания

Туристік саладағы мемлекеттік саясат (2006), «Пайдалану шыға бағытталған ин новациялар» зерттеу бағдарламасы

Visit Denmark

11-кестенің жалғасы



1

2

3

Исландия

Туристік саладағы мемлекеттік саясат (2005)

Инновациялар және туризмді дамыту қоры, Исландиялық туризмді зерттеу орталығы (ITRC - The Icelandic Tourism Research Centre), Исландияның сауда кеңесі

* – Бүгінгі күні ұйым жоқ
Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [120]

Бұл зерттеу нәтижелері туристік саладағы инновацияның қозғаушы күштері мен кедергілерін анықтауға, туристік саланы дамытуға көмектесетін Скандинавия елдеріне ортақ инновациялық саясаттың негізін қалауға мүмкіндік берді. Осы мақсатпен келесі шаралар қабылданды [120, р. 54].



  • инновация үшін жаңа білім көздерін дамыту;

  • туристік саладағы иинновациялық хабардарлықты және инновациялық құзыреттілікті дамыту;

  • туристік саладағы R&D&I-ды қалыптастыру және R&D&I нәтижелерін туризмге енгізу;

  • туристік саладағы инновациялық жобалар үшін венчурлық қаржыландыруды күшейту, венчурлық капитал жүйесін жетілдіру;

  • инновациялық қызметпен айналысуға ынталы ШОБ өкілдерін қаржылай қолдау, әсіресе, тәуекелі жоғары немесе әлеуетті перспективалық жобаларға көмектесу;

  • маусымдықпен күрес жүргізу;

  • инновациялық кәсіпорындар үшін әкімшілік жүктеме мен бюрократияны азайту;

  • тәуекелі жоғары немесе ықтимал перспективалық жобаларға және инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету;

  • озық тәжірибе орталықтарын дамыту, инновациялық қызметті жүзеге асыру бойынша консультациялық қызметтер жүргізу;

  • кәсіпорындар арасында инновация мәселелері бойынша ынтымақтастық пен байланыс орнатуға жәрдемдесу;

  • инновацияға бағдарланған кәсіпкерлік дағдылар мен жаңа кәсіпорындарды, оның ішінде университеттер мен мемлекеттік мекемелердің еншілес кәсіпорындарын дамыту;

  • технологиялар мен тұжырымдамаларды зерделеу және ақпарат пен білімді жүйелі түрде тарату, нарықты талдау жүйелерін құру;

  • білім беруді жеңілдету үшін бизнес пен университеттер арасындағы байланысты нығайту;

  • барлық деңгейлерде адами капитал мен дағдыларды қалыптастыру;

  • инновациялық кәсіпорындар үшін әкімшілік жүктеме мен бюрократияны азайту.

Сонымен қатар, Испанияның тәжірибесін толығырақ қарастырайық: Испания үшін туристік саланы дамытудың инновациялық жолына көшудің алғашқы әрекеті «2008-2011 жылдарға арналған ҒЗТКЖ ұлттық жоспарында» жүзеге асырылды, онда басқа салалармен қатар туристік сала да ұлттық инновациялық саясатта инновация мен технологиялық дамудың үздіксіз серпініне ықпал етуі тиіс сала ретінде таңдалды. Одан бөлек, мақсатты түрде тек туристік саладағы инновацияларға бағытталған «The Spanish Tourism Plan Horizon 2020» бағдарламасы қабылданған болатын. Басты назар шағын және орта кәсіпорындардың басым болуы, инвестициялардың төмен деңгейі, креативтіліктің болмауы, сондай-ақ адами капитал проблемалары сияқты туристік саланың инновациялар жолындағы болжамды кедергілерді өткеруге аударылды. Сондай-ақ, туристік сала мен инновациялық саясат салалары арасында айтарлықтай алшақтық болғанына қарамастан, бұл саланы басқару органдары 30-ға жуық түрлі салалармен қатар инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған Agencia Estatal de Investigación (бұдан әрі – AEI) пилоттық жобасына қатысты. Нәтижесінде, туристік сала жалпы ұлттық инновациялық жобаға кіріктірілді, «SEGITTUR» туристік саладағы инновациялар қорын басқаратын ұйым ретінде тағайындалды. Жоба аяқталғаннан кейін келесі нәтижелерге қол жеткізілді (12-кесте).

Кесте 12 − AEI бағдарламасының «Spanish Tourism Plan Horizon 2020» бағдарламасына әсері







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет