AEI-гі «The Spanish Tourism Plan Horizon 2020»
оң жақтары
|
кемшіліктері
|
нәтижелері
|
бағдарламаны аяқтау бойынша жасалған қорытындылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
CDMdis моделіне сәйкес инновация- лық саясатта маңызды рөл атқа- ратын инновация-ның 2 кезеңі бойынша жұмыстар атқарылды: біріншіден, инновация- ларды енгі- зу туралы шешім, екіншіден, инновация-
ның қар-қындылы-ғы.
|
Инновациялық бастама төмен- нен жоғарыға қарай жүргізілуі керек еді, бірақ инновациялық процесті жүзеге асыру иннова-циялық саясат критерийлерінің айқын еместігі мен жобаларды бағалау бойын- ша орталықтан дырылған қар- жыландырудың болмағандығы- нан тиісті дең- гейде жүзеге аспады. Жергі лікті субъекті- лердің қатысуы біркелкі емес және тұрақсыз болды, әсіресе,
|
AEI бағдарла масы иннова цияның қарқын дылығына қарағанда инновацияға бейімділікті ынталандыруда тиімді болды. 11 жоба бағдарламадан шығып, 21 жоба қалды. Инновациялар инкременттік, ұйымдастыру- шылық, өнім-дік, техно-логиялық сипатта болды.
|
Нәтижелерге қол жеткізу мақсатында қатысушыларды инновациялық саясатты қалыптастыруға да, оны жүзеге асыруға да тарту қажет, өйткені әрбір сала мен өңірдің ерекшелігін ескеру керек. Туристік саладағы инновациялық саясаттың тиімділігі оның инновациялық жүйедегі орнын және туристік кәсіпорындардың әр түрлі қажеттіліктерін, ескеретін мақсатты инновациялық шараларды жүргізуге тікелей байланысты. Туристік саланың ерекшеліктеріне байланысты кедергілерді инновациялық саясатты әзірлеу кезеңінде жою керек. Басты мәселе – үздік модельді енгізе салу емес, керісінше, әр түрлі аймақтардағы нақты инновациялық кедергілердің алдын алумен және оларды жоюға бағытталған сараланған инновациялық саясат қажет. Инновациялық саясат + инновациялық процесс+инновациялар нәтижелерін қамтитын зерттеулерді біріктіру өте маңызды. Нәтижесінде, болашақ жобаларда осындай қателіктерді
|
12-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
|
ол орталық- тандырылған қаржыландыру тоқтатылғаннан кейін қатты байқалды.
|
|
жібермес үшін білім беру, қаржы, басқару, адами капитал мен сұранысқа қатысты жүйелі тәсілді қолдану ұсынылды және көлденең инновациялық саясаттың қажеттілігі атап өтілді.
|
Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [121]
|
Осылайша, Еуропа, әсіресе, Скандинавия елдері, туристік саланың инновациялық дамуын басқару мәселелеріне 2000 жылдардың басында ұлттық деңгейде назар аудара бастады, бұл туристік саланың жалпы ұлттық инновациялық жүйеге қосылуына және инновациялық дамыту тұрғысынан зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді. Бірқатар елдер өздерінің R&D&I орталықтарын құрып, ғылым саласымен ынтымақтастық орнатып, инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен оларды басқаруды үйренді және осы процестерді басқаратын арнайы қызметкерлерді жалдап, тиісті бөлімшелер құрды. Зерттеліп отырған мәселеде туристік сала мен инновацияның өзара байланысы басты назарда, сондықтан «Саяхат және туризмнің даму индексінің» (бұдан әрі - TTDI) нәтижелерін «Жаһандық инновациялар индексі-2021» (бұдан әрі - GII) нәтижелерімен салыстырайық (13-кесте).
Кесте 13 − TTDI-2021 және GII-2021 салыстырмалы талдауы
Елдер
|
TTDI-2021
|
GII-2021
|
ЖІӨ-гі туризм үлесі %, 2021 ж.
|
Халық.
туристік келулер, млн.
|
Халықаралық туризмнен түсетін түсімдер, usd
|
Бір келу үшін орташа чек, usd
|
Халықаралық туризм экспорты
|
Туристік саладағы жұмыс орындар
|
usd
|
%
|
саны
|
%
|
Жапония (Top 10 TTDI )
|
1
|
13
|
4,2
|
0,25 млн.
|
4.7 млрд.
|
19 239
|
5 млрд.
|
1
|
5,50 млн.
|
8,2
|
АҚШ (Top 10 TTDI ) & (Top 10 GII )
|
2
|
3
|
5,5
|
22 млн.
|
70,2 млрд.
|
3 177
|
83 млрд.
|
3
|
1 050 млн.
|
6,9
|
Испания (Top 10 TTDI )
|
3
|
30
|
8,5
|
31 млн.
|
34,5 млрд.
|
1 108
|
35 млрд.
|
7
|
2,51 млн.
|
12,7
|
Франция (Top 10 TTDI )
|
4
|
11
|
6,5
|
5 млн.
|
40,8 млрд.
|
1 500
|
45 млрд.
|
5
|
2,60 млн.
|
9
|
Германия (Top 10 TTDI) & (Top 10 GII)
|
5
|
10
|
6,4
|
12 млн.
|
22,2 млрд.
|
1 903
|
22 млрд.
|
1
|
5,10 млн.
|
11,4
|
Швейцария (Top 10 TTDI) & (Top 10 GII)
|
6
|
1
|
5,5
|
4 млн.
|
10,3 млрд.
|
2 356
|
10 млрд.
|
2
|
442,4 мың
|
8,7
|
Австралия (Top 10 TTDI )
|
7
|
25
|
4,7
|
138 мың
|
17 млрд.
|
68 990
|
17 млрд.
|
4
|
1,34 млн.
|
10,3
|
Ұлыбритания (Top 10 TTDI ) & (Top 10 GII )
|
8
|
4
|
6,4
|
7 млн.
|
22,7 млрд.
|
3 044
|
23 млрд.
|
3
|
4,11 млн.
|
11.7
|
Сингапур (Top 10 TTDI ) & (Top 10 GII )
|
9
|
8
|
3,9
|
0,33 млн.
|
3,8 млрд.
|
45 427
|
4 млрд.
|
1
|
492 мың
|
13,6
|
Италия (Top 10 TTDI )
|
10
|
29
|
9,1
|
27 млн.
|
25,2 млрд.
|
935
|
26 млрд.
|
4
|
2,64 млн.
|
11,6
|
Швеция (Top 10 TTDI )
|
20
|
2
|
5,3
|
~1 млн.
|
6,1 млрд.
|
~3 067
|
6 млрд.
|
2
|
323,5 мың
|
6,4
|
Корея (Top 10 TTDI )
|
15
|
5
|
2,7
|
1 млн.
|
10,5 млрд.
|
10 814
|
11 млрд.
|
1
|
1, 26 млн.
|
4,6
|
Нидерланды (Top 10 TTDI)
|
14
|
6
|
8,1
|
6 млн.
|
9,4 млрд.
|
1 509
|
10 млрд.
|
1
|
1,45 млн.
|
18,3
|
Финляндия (Top 10 TTDI )
|
18
|
7
|
5,5
|
1 млн.
|
1.1 млрд.
|
1 359
|
2 млрд.
|
1
|
186,9 мың
|
7
|
Дания (Top 10 TTDI )
|
17
|
9
|
4,6
|
~6 млн.
|
4,5 млрд.
|
~668
|
5 млрд.
|
2
|
173,9 мың
|
6,2
|
Қытай Халық Республикасы
|
12
|
12
|
4,6
|
~8 млн.
|
11,3 млрд.
|
~1 249
|
11 млрд.
|
0,3
|
73,31 млн.
|
9.7
|
Біріккен Араб Әмірліктері
|
25
|
33
|
6,4
|
~19 млн.
|
34,4 млрд.
|
3 435
|
34 млрд.
|
8
|
644,3 мың
|
10,6
|
Таиланд
|
36
|
43
|
5,8
|
400 мың
|
4,8 млрд.
|
11 247
|
5 млрд.
|
2
|
6.86 млн.
|
18,1
|
Түркия
|
45
|
41
|
7,3
|
30 млн.
|
~24 млрд.
|
834
|
3 млрд.
|
~7
|
2.42 млн.
|
8,4
|
Сауд Аравиясы
|
33
|
66
|
6,5
|
3 млн.
|
3,8 млрд.
|
1 098
|
5 млрд.
|
2
|
1,30 млн.
|
10
|
Катар
|
43
|
68
|
10,3
|
1 млн.
|
4,3 млрд.
|
6 980
|
15 млрд.
|
14
|
249,5 мың
|
12
|
Израиль
|
47
|
15
|
2,9
|
~1 млн.
|
2,2 млрд.
|
5 529
|
2 млрд.
|
2
|
221,2 мың
|
5,6
|
Үндістан
|
54
|
46
|
5,8
|
~6 млн.
|
13 млрд.
|
~2 059
|
14 млрд.
|
2
|
32,10 млн.
|
6.9
|
Бахрейн
|
57
|
78
|
8,2
|
4 млн.
|
1,8 млрд.
|
502
|
2 млрд.
|
8
|
82 мың
|
13,3
|
Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [94; 122-125]
|
13-кестедегі мәліметтерге сәйкес, TTDI-2021 бойынша үздік 10 елдер GII-2021 индексінде 1-ден 30-ға дейінгі орындарды иеленген. Мысалы, АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Сингапур елдері әлемдегі инновациялық және туристер ең көп баратын елдер қатарына кіреді, көріп тұрғанымыздай, олар TTDI-2021 және GII-2021 индекстерінің екеуінде де үздік 10 елдер құрамына енген. Сондай-ақ, Қазақстан әлі де туризм доноры болып табылатын және Қазақстан үшін мақсатты нарық ретінде танылған Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд, Түркия, Сауд Аравиясы, Катар, Израиль, Үндістан, Бахрейн сияқты елдер де қарастырылды. Біз қарастырған елдердің ЖІӨ-гі туризм үлесі бойынша ең жоғары көрсеткіштер Катар (10,3%), Италия (9,1%), Испания (8,5%), Байхрейн (8,2%), Нидерландыға (8,1%), ең төмен көрсеткіш Корея (2,7%), Израильге (2,9%) тиесілі. Халықаралық туристік келулер бойынша көшбасшылар − Испания (31 млн.), Түркия (30 млн.), Италия (27 млн.), ең аз халықаралық туристік келулер Австралия (138 мың) мен Таиланд Корольдігіне (400 мың) тиесілі. Халықаралық туризмнен түсетін түсімдер бойынша бірінші орында − АҚШ (70,2 млрд.), соңғы орындарда – Финляндия (1,1 млрд.) мен Бахрейн (1,8 млрд.) елдері. Бір келу үшін орташа чек Австралия (68 990 usd.), Сингапур (45 427 usd.), Жапония (19 239 usd.), Таиланд (11 247 usd.) Корея (10 814 usd.) елдерінде жоғары, ең төмен бір келу үшін орташа Бахрейн (502 usd.), Дания (668 usd.), Түркия (834 usd.) және Италия (935 usd.) елдеріне тиесілі. Халықаралық туризм экспорты бойынша %-дық көрсеткіштер Катар (14%), Бахрейн және Біріккен Араб Әмірлігі (8%), Испания мен Түркия (7%) елдерінде жоғары, ең төмен көрсеткіш − Қытай Халық Республикасында (0,3%). Туристік саладағы жұмыс орындарының жоғары %-дық үлесі Нидерланды (18,3%) мен Таиланд Корольдіктеріне (18,1%) тиесілі, ең аз көрсеткіш Кореяда (4,6%). Бұл елдер бірнеше жыл ішінде туристік саладағы инновациялық қызметтің белсенді дамуы үшін барлық жағдай жасап, инновацияларға деген үлкен қызығушылықты туғызды, нәтижесінде, келу және ішкі туризм ағыны ұлғайды.
Екі рейтинг бойынша деректер туризм саласының дамуы инновациялармен өзара байланысты екендігін көрсетеді, сондықтан туризмнің инновациялық дамуын кешенді түрде қарастыру қажет [126]. Озық шетелдік тәжірибені қолдану мақсатында туристік саланы дамыту бағдарламалары зерттеліп, контент-талдау жүргізілді. Ол үшін Испания, Франция, Италия, Канада, Швейцария, Тайланд, Ресей Федерациясы елдерінің бағдарламалары зерделенді. Бұл бағдарламаларды инновация, туристік өнім, цифрландыру, бәсекеге қабілеттілік, инвестиция, менеджмент және сапа сияқты ұғымдар біріктіреді (Қосымша Ғ).
«Tourism 2020: Spanish Tourism Plan Horizon 2020» бағдарламасында инновация сөзі 111 рет, «Nordic Tourism Policy Analysis – Norway, 2019» құжатында 97 рет кездеседі. Турөнім сөзі «Tourism 2020: Spanish Tourism Plan Horizon 2020»-да 210 рет, «Стратегия развития туризма в Российской Федерации на период до 2035 года» бағдарламасында 78 рет айтылған. Цифрландыру сөзі ең көп Швейцария Конфедерациясының туристік стратегиясында 89 рет, бәсекелестік «Tourism 2020: Spanish Tourism Plan Horizon 2020» бағдарламасында 77 рет, Жапонияның «Tourism Nation Promotion Basic Plan till 2017-2020» бағдарламасында 41 рет ескерілген. Инвестиция сөзі Ирландияның «People, Place And Policy Growing Tourism To 2025» бағдарламасында 95 рет және канадалық «Creating middle class jobs:A federal tourism growth Strategy» стратегиясында 47 рет жазылған. Басқару сөзі «Tourism 2020: Spanish Tourism Plan Horizon 2020» құжатында 58 рет, сапа сөзі «The Second National Tourism Development Plan of Thailand на 2017-2021 годы» құжатында 151 рет, «People, Place And Policy Growing Tourism To 2025» бағдарламасында 58 рет, «Tourism Strategy of Turkey-2023» құжатында 54 рет кездеседі [92, с. 109].
Тұтастай алғанда, контент-талдаудың көмегімен туристік саланың дамуының жалпы көрінісін және оны қай бағытта дамыту керектігін анықтауға болады. Испанияның инновация, туристік өнім, бәсекеге қабілеттілік және басқару мәселелерін қамтитын «Tourism 2020: Spanish Tourism Plan Horizon 2020» бағдарламасын ерекше атап өткен жөн, өйткені, бұл бағдарламаның Испанияға оң нәтиже бергенін көруге болады, 2019 жылы TTCI рейтингінде Испания 140 елдің арасында 1-ші орынды, 2021 жылы TTDI рейтингінде 117 елдің ішінде 3-ші орын, GII-2021 бойынша әлемнің 132 елінің арасында 30-шы орынды иеленді [93; 94, p.13; 122, р. 152]. Осылайша, контент-талдау нәтижелері бойынша инновациялардың инвестициялар және цифрландырумен тығыз байланысты екендігі туралы қорытынды жасаймыз, ал, туристік өнімдер бәсекеге қабілетті және сапалы болуы керек және барлық процестер тиімді басқарылуы тиіс [92, c. 111].
Біздің зерттеуіміз жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуде туристік саланы басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымының орталық маңызы бар екенін көрсетті. Мысалы, трансұлттық туристік компаниялар бұл саланың инновациялық дамуына назар аудара отырып, қызмет аясын кеңейтуге, ұйымдық-басқару құрылымын күшейтуге тырысады. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді өсу перспективасы мен туристік қызметтен пайда алу мүмкіндігін беретін орындар мен бағыттардағы рекреациялық, инвестициялық және басқа да ресурстарды тиімді пайдалануға тырысады [126, с. 111].
Қорытындылай келе, туристік саланың инновациялық дамуын басқару, инновацияны жүзеге асыруға әкелетін және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін менеджменттің жаңа бағытын білдіреді. Екіншіден, туристік қызметте инновацияларды қалыптастыру, ынталандыру, игеру, жүзеге асыру және тарату үшін тиімді әдістер мен құралдар жүйесі қажет. Диссертациялық жұмыста қарастырылған шетелдік тәжірибе туристік саладағы инновациялық-бағдарланған саясат пен стратегияның маңыздылығын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |